«Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 3 қаңтарынан 31 желтоқсан, 2024 жылдың 31 наурыз аралығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтамасы
Жаркент қаласы 12 сәуір 2024 жыл
Кіріспе
Кіріспе бөлім
"Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі" ММ (бұдан әрі – Бөлім) басшысының 2024 жылғы 27 наурыздағы №7 бұйрығы негізінде "Бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" 2023 жылғы 3 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында, 2024 жылғы 31 наурыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен бөлімнің 2023 жылғы 3 қаңтар мен 31 желтоқсан, 2024 жылғы 31 наурыз аралығындағы жұмыс кезеңі қамтылды.
"Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі" ММ өз қызметін Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 310 қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 "сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес мынадай бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:
БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
- "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен;
Деректерді талдау барысында заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (соқтығысулар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т.б.) анықталған жоқ.
2023-2024 жылы екі нормативтік құқықтық акт тіркелді. Жетісу облысы
БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
3.1 штат кестесіне сәйкес бөлімде 3 штат бірлігі көзделген: бөлім басшысы – 1 бірлік, бас мамандар – 2 бірлік.
3.2 талдау барысында бөлімде кадрлар айналымының рұқсат етілген нормативі жоқ екендігі анықталды. 2024 жылдың ағымдағы есепті кезеңіне 1-бас маман басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен жұмыстан шықты. Бос орынға бір маман қабылданды. Бөлім қызметкерлері арасында туыстық байланыстар анықталған жоқ.
3.3 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 17-бабына сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Бөлім қызметкерлерінің өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде және әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде қызметтік әдеп нормаларын сақтамауы анықталған жоқ.
3.4 бөлім тарапынан кадрларды жұмысқа қабылдау кезінде ҚР заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының (бұдан әрі - қағидалар) 61-тармағына сәйкес Комиссия мүшесі өзінің жақын туысы немесе жекжаты болып табылатын қызметшіге қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарауға және тәртіптік теріс қылыққа қатысты фактілерді зерттеуге қатыспайды немесе егер Комиссия мүшесінің осы тергеуге тікелей немесе жанама мүдделілігі болса.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 61-тармағына сәйкес деректерді талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Бөлімнің қызметінде мүдделер қақтығысы (қызметшінің жеке мүдделілігі мен оның лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы арасындағы қайшылық) жағдайлары анықталған жоқ.
Бөлім Мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
Ұсынымдар: алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саладағы қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу.
БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНЕН ТУЫНДАЙТЫН ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕР
2024 жылғы 2-12 сәуірден бастап бөлім 2024 жылғы 27 наурыздағы бұйрыққа сәйкес 2023 жылғы және 2024 жылғы 1 тоқсандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша жұмыстар жүргізді.
"Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі" ММ және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексінің Ережесіне және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес бөлімде бақылау және қадағалау тәуекелдері жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсетпейді. Сонымен қатар, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге консультациялық көмек көрсетеді.
2023 жылғы 3 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін, 2024 жылғы 31 наурызда жеке және заңды тұлғалардан 7 өтініш түсті.
Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
1)Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.
2) "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы "Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтауға міндетті.
3) Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оны болғызбау мақсатында, жаңадан енгізілген заң бойынша техникалық түсіндірме сабақтар өткізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы бейне қараулар көрсету арқылы дәрістер өткізу.
Жұмыс тобының мүшелері
Уалибаев Қ.Т. ____________ Кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы
Балғабекова А.Т. _____________ Кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы
Нарынбаев Е. _____________ Панфилов ауданының кәсіпкерлер палатасының директоры
Таныстым:
Бөлім басшысы И.Асанбаев