«Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі» мм бойынша 2023 жылдың 12 айы мен 2024 жылдың 3 айындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама
Жаркент қаласы 12 сәуір 2024 жыл
1.Кіріспе бөлімі
«Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі» мм басшысының (бұдан әрі - бөлім) 2024 жылғы 27 наурыздағы №21 «Бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, 2023 жылдың 04 қаңтарынан 31 желтоқсан және 2024 жылдың 03 қаңтарынан 31 наурыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бөлімдегі ішкі талдау 2023 жылдың 12 айы мен 2024 жылдың 3 айы жұмыс кезеңін қамтиды.
Бөлім өз қызметін 2022 жылдан «Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі №310 қаулысы негізінде жүзеге асырады:
Бөлімнің миссиясы ережеге сәйкес Панфилов ауданының аумағында стратегиялық, экономикалық және қаржы саласында мемлекеттік басқарудың функцияларын іске асырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай, бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
2.Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Бөлім өз қызметінде басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы (2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасы Заңы);
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-ІV Заңы.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 Қаулысымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесі.
3.Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Панфилов ауданының мемлекеттік мекемелерін қайта құрудың кейбір мәселелері туралы 2021 жылдың 22 қараша айының №843 қаулысына сәйкес, «Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып бекітілді.
Панфилов ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес бөлімнің штат саны–10 бірлік, оның ішінде нақты саны – 9 бірлік. 2023 жылдың 1 ақпанында №1жқ 1 маман жұмысқа қабылданды. 2023 жылы жалпы саны 3 маман жұмыстан босатылды, оның ішінде: тамыз айында 2 маман өз еркімен жұмыстан босатылды, 1 маман зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босатылды, бөлімнің ішінде 1 маманның лауазымы ауыстырылды. 2023 жылдың жыл сайынғы еңбек демалысына 10 маман жіберілді, демалыстан 2 маман шақырылған. Демалыстан шақырылған мамандар жыл аяғына дейін қалған күндеріне демалыс алды.
2024 жылдың бөлімге ақпан айында кәсіпкерлік бөлімінен 1 маман ауыстырылды. 2024 жылдың наурыз айында 1 маман еңбек демалысына жіберілді. 2024 жылдың 04 қаңтар 31 наурыз аралығында штат саны бойынша бөлімде 10 мемлекеттік қызметші жұмыс істеп отыр.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 2023 жылдың 12 желтоқсан айында 1 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылып, 2023 жылдың 28 ақпанында тәртіптік жазадан шығарылды. 2023 жылдың 12 айы мен 2024 жылдың 3 айы жұмыс кезеңі аралығында жеке тұлғалардан-32 өтініш түскен, заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Бөлімде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерге шағым түскен жоқ.
4.Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылады.
2024 жылғы 02 сәуір мен 12 сәуір аралығында "Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Өткізу барысында нормативтік актілерді қолданумен байланысты тәуекелдер, сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер анықталды.
Ұсыныс: Жоғарыда көрсетілген 4 тармақ бойынша жемқорлық тәуекелдер туындауы мүмкін. Жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу қажет, мысалы: тізбе қалыптастыру кезінде маманның еңбек өтілі мен жас ерекшелігі нақты көрсетілсе және тұрғын үй сатып алу кезінде туысқандық қарым-қатынасын «Отбасы Банк» (Баспана Маркет) жылжымайтын мүлік порталында egov арқылы анықтайтын мүмкіндік болса деген ұсынысымыз бар.
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының аралығында 40 маманға 13 800 000 теңге көтерме жәрдемақы берілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 жылдың 7 желтоқсанындағы №395 қағидасының 100 АЕК көрсеткішке тең, 345000 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде: 20 маман білім саласынан, 10 маман денсаулық сақтау саласынан, 2 маман мәдениет саласы, 2 маман агроөнеркәсіп кешені, спорт саласынан 4 маман, 2 маман мемлекеттік қызметші көтерме жәрдемақы алды. Бюджеттік несие тұрғын үй сатып алған 18 маманға, 1500 АЕК көрсеткішке тең 5 175 000 теңге мөлшерінде төленді. Оның ішінде 8 маман білім саласынан, 2 маман денсаулық сақтау саласынан, 3 маман агроөенркәсіп саласынан, 2 маман спорт саласынан, 2 маман мемлекеттік қызметші бюджеттік несие алды.
2024 жылдың қаржылық жоспарына сәйкес, 30 маманға бюджеттік несиеге, жалпы 221 520 000 теңге, 30 маманға көтерме жәрдемақыға 11 076 000 теңге бөлінді. 2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 18 маман көтерме жәрдемақы және 24 маман бюджеттік несие алу үшін кезекке қойылды.
2.Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырмайды.
3.Бөлім бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.
5.Ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелер
2021 жылдың 01 шілдесінен "Әкімшілік Рәсімдік-Процестік "кодексінің талаптарын бұзу фактілерін талдау барысында анықталмады.
-Бөлім қызметінің мәселелерін реттейтін құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау;
-Заңнама нормаларына қатаң сәйкестікте көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша шешімдер қабылдау;
|
|
Жұмыс тобының мүшелері
Бакирбаева Гүлназира Салимбаевна ______________________
Байдилдаева Зухра Нұрлыбековна ______________________
Мырзаева Жанар Ботаевна ______________________ |
|
|
Жазылбекова Бағира Нұрсадыққызы ______________________
|
|
|
Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы С. Рамазанова |
|
|
|