Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-14-68 «Панфилов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.";
7-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"6) Әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған тұлғалар (отбасы):
әлеуметтік маңызы бар ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай - ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш;
адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде, ай сайын;".
Лауазымы ТАӘ