“Панфилов ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау бойынша отырысының ХАТТАМАСЫ

“Панфилов ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау бойынша отырысының

ХАТТАМАСЫ

 Жаркент қаласы                                                          08 сәуірі 2024 жыл     

                                                        

Жұмыс тобы құрамында:

Жакупова С.С. – «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі.

Агимов А.Б. – Аудандық соқырлар қоғамының төрағасы, жұмыс тобының мүшесі,

Аспараева Ж.Ж. – бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі,

Рахмангалиев А.К. – бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі.

 Күн тәртібінде:

 Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ” мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау туралы              

          2024 жылғы 02 сәуірі мен 12 сәуірі аралығында Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Өткізу барысында нормативтік актілерді қолдануға, Мемлекеттік қызметтер көрсетуге, сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерге байланысты тәуекелдер анықталды.

           Ағымдағы жылдың 08 сәуірінде сағат 11-00-де Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Масанчи көшесі, 23 мекенжайы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті.

           Талқылау барысында ескертулер мен толықтырулар түскен жоқ.  

Жұмыс тобының жетекшісі:

 Бөлім басшысының орынбасары                              Жакупова С.С.

Жұмыс тобының мүшелері:

Аудандық соқырлар

қоғамының төрағасы                                                   Агимов А.Б.

Бас маман                                                                   Аспараева Ж.Ж.

Бас маман                                                                   Рахмангалиев А.К.

Дата публикации
08 апреля 2024