"Панфилов ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ 2023 жылдың қорытынды жұмыстары.
Аудан бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы тапсырыс беруші болып отырған 4-нысанның жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда:
- Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы екі 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы. Мердігер мекеме «Компания строй индустрия» ЖШС; Бүгінгі күні құрылысқа бөлінген қаражаттан 15 млн теңге игерілді, оған қоса 15 млн қосылды. 2023 жылдың 26 желтоқсанында эксплуатацияға қабылдап алу актісі дайындалып, қол қойылды.
- Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы екі 60 пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық желілері құрылысы. Мердігер мекеме «Гарант Строй Групп 2016» ЖШС; 2023 жылдың 22 желтоқсанында эксплуатацияға қабылдап алу актісі дайындалып, қол қойылды.
-"Жетісу облысы, Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы Бесбаев көшесі 80 үй, көп қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйді абаттандыру және инженерлік- коммуникациялық желілерін салу" жұмыстары бойынша 79 917 мың.тнг игерілді. Сонымен қоса аванс төленді. Мердігер мекеме -"УниверсалСтройСервис".
-Сондай-ақ, Жаркент қаласындағы екі 60 пәтерлі тұрғын үйлердің (Жаркент қаласы Беспаев к. 80, Беспаев к. 82) салынатын құрылыс нысандары бойынша мердігер мекеме «СЕМ-Шоғы Құрылыс-Сервис» ЖШС.
-Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Бесбаев №80 көшесінің бойында 60 пәтерлі тұрғын үй салу (Сыртқы желілерсіз) - 127 020 300.00 аванстық төлем төленді. «СЕМ-Шоғы Құрылыс-Сервис» ЖШС.
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Бесбаев №82 көшесінің бойында 60 пәтерлі тұрғын үй салу (Сыртқы желілерсіз) - 126 514 500.00 аванстық төлем төленді. «СЕМ-Шоғы Құрылыс-Сервис» ЖШС.
Аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы тапсырыс беруші болып отырған Пенжім ауылында сегіз 60 пәтерлі тұрғын үйге және Жаркент қаласында екі 60 пәтерлі тұрғын үйге жобалық сметалық құжаттамалар әзірленіп, келер 2024 жылға екі құрылыс бойынша бюджеттік өтінім жоспарлануда.
Объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілер мен кешендердің есебін толығымен енгізілді. 947 Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама берілді. 529 құрылыс және реконструкция жобаларын әзірлеу бойынша бастапқы материалдарды ұсыну берілді.186 Эскиздік жобалар келісуден өткізілді. 16-Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру жұмыстары заң шеңберінде орындалды.
Бөлім басшысы Ю.Мухпулов