Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылдың 03-қаңтар айына атқарған жұмыстары туралы хабарлама

Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылдың 03-қаңтар айына атқарған  жұмыстары туралы

хабарлама

 Аудан бойынша 2024 жылдың 03-қаңтар айына атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан аз қамтамасыз етілген 1497 отбасы немесе 8456 адамға 877430,0 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді, 2022 жылмен салыстырғанда 249 отбасына азайды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі  2718 балаға ай сайынғы қосымша төлем 1388 отбасыға немесе 8015 адамға 116929,1 мың теңге көлемінде тағайындалып, төленді.

Жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек 484 отбасының 665 баласына 51462,0 мың теңге төленді.

Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге төленетін жәрдемақы 2 отбасына 54,3 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді.

Туберкулездің ауыр түрімен ауыратын 51науқасқа 5502,7 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек (әлеуметтік пакет) көрсетілді.

Панфилов ауданында тұратын індетке шалдыққан балаларға төленетін бір жолғы әлеуметтік көмек 1 қамқоршыға 972,0 мың теңге төленді.

Мүгедек балаларды үйде оқытатын отбасыларына төленетін әлеуметтік көмек 172 адамға 11118,8 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді.

Ауған соғысының ардагерлеріне біржолғы материалдық көмек 65 адамға 150,0 мың теңгеден 9750,0 мың теңге және Ауған соғысында қаза болғандардың отбасыларына бір жолғы материалдық көмек 2 адамға 300,0 мың теңге, барлығы 67 адамға 10050,0 мың теңге төленді.

Ұлы Отан соғысының 78 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға теңестірілген азаматтарға біржолғы материалдық көмек 73 адамға (Ирак-1, Тәжікстан-Ауғанстан-38, Таулы-Карабах-17, әскери қызметшiлер-17)  100,0 мың теңгеден (әскери қызметшiлеріне) және 150,0 мың теңгеден 10100,0 мың теңге, тыл ардагерлері 240 адамға 60,0 мың теңге көлемінде 14400,0 мың теңге төленді.

Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқандарға біржолғы материалдық көмек 26 адамға 150,0 мың теңгеден  3900,0 мың теңге төленді.

Ядролық сынақтарға тікелей қатысқан 9 адамға 150,0 мың теңгеден 1350,0 мың теңге төленді.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 3 адамға 155,2 мың теңге бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.

Ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ветеринария ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға біржолғы әлеуметтік көмек 3065 адамға 52871,2 мың теңге төленді.

Қаңтар айында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандардың отбасыларына бір жолғы материалдық көмек 5000,0 мың теңге көрсетілді. 

Аудан бойынша 811 мүгедектігі бар азаматтардан денсаулығына байланысты шипажайларда демалу үшін өтініштері қабылданып Е-Собес бағдарламасына енгізілді, оның ішінде 623 адам денсаулығына байланысты шипажайларда демалды.

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж 435 мүгедектігі бар азаматтардан 1174 құралға,                    220 мүгедектігі бар азаматтардан 346 протездік-ортопедиялық бұйымдарға,     47 мүгедектігі бар азаматтардан 149 тифло құралдарға, 27 мүгедектігі бар азаматтардан 50  сурдо-құралдарға, 74  мүгедектігі бар азаматтардан  96 мүгедек арбасына өтініштер қабылданып  Е-Собес бағдарламасына енгізілді, оның ішінде 430 мүгедектігі бар азаматтарға 1174 міндетті гигиеналық құралдар, 218 мүгедектігі бар азаматтарға 341 протездік-ортопедиялық бұйымдар,  47 мүгедектігі бар азаматтарға 149  тифло құралдар, 24 мүгедектігі бар азаматтарға 50 сурдо-құралдар, 63 мүгедектігі бар азаматтарға 84 мүгедек арбасы  берілді.

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту, қайтарып алу туралы мемлекеттік қызметі бойынша 3024 шетел азаматына ҚР аумағында жұмыс жасауға рұқсаттар мен ұзартулар бойынша қызмет көрсетуге өтініштер қабылданып, оның ішінде 2763 азаматтың өтініші қанағаттандырылды.

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен заматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру бойынша 3 адамға күәлік берілді, 4 адамға ақшалай өтемақы төлеуге шешім шығарылып, орындауға жолданды.

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естіу бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну тәртібі бойынша 29 адамға  12056,2 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді.

Жүріп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң қызметтерiн ұсыну үшiн 279 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі үшін           279149,5 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. 

Аудан бойынша 1 Инва-такси қызметі жұмыс жасауда. Инва-такси қызметі  І топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетеді. Инва-такси жұмыс орындарына, емханаға медициналық көмек алу үшін және тағы басқа қажетті мекемелерге тегін алып барып, алып келеді. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі 51 азаматқа Инва-такси қызметі көрсетіліп, олардан       1846 тапсырыс қабылданды.

Жалғызілікті қарттармен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде әлеуметтік қызметкерлермен аудан бойынша 112 жалғызілікті қартқа бекітілген кесте бойынша үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

Әлеуметтік қызметкерлер аудан бойынша мүмкіндіктері бар 109 мүгедек балаға бекітілген кесте бойынша үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде.

 

Дата публикации
18 января 2024