Ішкі саясат саласы бойынша 2023 жылға
қорытынды аққпарат
Жоспарға сәйкес ауданда Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру мақсатында оңалту жұмыстарын жүргізу бойынша арнайы тапсырыс қойылған. Соның нәтижесінде Алматы облысының «Ақниет» оңалту орталығының арнайы мамандарының қатысуымен аудандағы 12 азаматпен оңалту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 9 азамат дәстүрлі қоғам құндылықтарына бейімделді.
2023 жылдың 3 қазан күні аудан «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық конкурсының аудандық байқаудағы 2 жеңімпазын «Керімбековтер» отбасы және «Байдельдаевтар» отбасын құттықтап, алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.
2023 жылдың 17 қараша күні аудандық мәдениет үйінде «Ұлттар достығы атты» аудандағы барлық ұлт өкілдерінің бірігуімен интеллектуалды ойын өткізілді. Жалпы ойынға 6 команда ұсыныс беріп, бәрі толық қатысты. Нәтижесінде бас жүлде, 1,2,3 орындарға ие болған командалар анықталып, ақшалай сертификаттар мен арнайы статуэткаларға ие болды.
Аудандағы әлеуметтік педагогтардың қатысуымен «Отбасы: даму проблемалары мен болашағы» такырыбында семинар-кенес өткізілді.
23 қараша күні сағат 10.00-де Х. Хамраев атындағы орта мектебінде -«Медиация-азаматтық коғамнын жаңа сатысы» такырыбында ауданға қарасты барлық мектеп психологтары, тәрбие менеджерлері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, қала және ауылдық округтерге қатысты кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен семинар өткізілді. Семинардың екінші бөлігі «Медиация-бітімгерлік қызмет» тақырыбында жалғасты. Семинарды халықаралық медиатор, конфликтолог, психология ғылымдарының PhD-докторы Амангелды Бақыт өткізді. Семинар соңында 59 қатысушыға сертификаттар табысталды.
Аудан мектептерінің ата-аналары, мектеп президенттерінің қатысуымен «Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің өзекті маселелері» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді.
28 желтоқсан күні Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен «Адам және қоғам» ҚБ-нің ұйымдастыруымен аудан әкімінің "Көшбасшы-2023" жастар сыйлығы табысталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мақсатында 4 бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланды. Сонымен қатар 2 байқау ұйымдастырылып, 7 билборд пен 1 стенд шығарылды.