Мәдениет тілдерді дамыту бойынша
2023 жылға қорытынды ақпарат
Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінде мемлекеттік, мерекелік іс-шаралардың жұмыс жоспарлары жасалып бекітілді.
Жоспарға сәйкес ауданда 2023 жылдың 4 тоқсанында мәдени-көпшілік шаралардан 25 шара өткізілді. Жоспардан тыс 7 шара ұйымдастырылды. Жаркент әуендері халықтық ән-би ансамблінің гастрольдік сапары, «Төрлет, төрлет Жаңа жыл» атты ауқымды іс-шара өткізілді. Аққент, Ақарал ауылындағы медициналық блокты –модульдік кешендердің ашылуы, Дарабоз спорттық кешенінің салтанатты ашылуы, «Еңбек түбі береке» атты «Жаркент крахмал-сірне зауыты» қызметкерлерінің 2023 жылдағы атқарған жұмыстарын қорытындылау жиыны, «Жаркент-Арасан» шипажайы қызметкерлерінің жылдық қорытынды жиыны, Абай Құнанбайұлының 178 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ кітапханаларда 32 мәдени шара, 9 көрме ұйымдастырылды. «Оқитын Ұлт» жобасы, «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында мәдени танымдық шаралар жүзеге асты.
Аудандағы 4 мәдениет нысанына ағымдағы жөндеу, Головацкий ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аптасына үш рет қадағалау жұмыстары жасалып, тексеріледі. Сонымен қатар, Лесновка ауылдық мәдениет үйінің материалдық базасы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жаңартылып, талапқа сай жиһаздар алынды.