Спорт саласы бойынша
2023 жылға қорытынды ақпарат
Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінде спорт саласының жұмыс жоспарлары жасалып бекітілді.
Жоспарға сәйкес ауданда 2023 жылдың 4 тоқсанына жоспар бойынша 14 шара өткізілді. Волейболдан ерлер мен әйелдер арасындағы аудан чемпинаттары, «Спорт күні» кәсіби мерекесіне жарыстар ұйымдастырылды, ұлттық спорт түрлерімен ұлттық ат спорты түрлерінен аудандық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Сонымен қатар аудан құрама командасы волейбол, баскетбол, футболдан және спартакиадаларға қатысып, облыстық жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп қайтты.
Аудан көлемінде спорт саласында 3 дөңгелек үстел, 2 шеберлік сағаты, кездесулер ұйымдастырылып отырады.
Аудандағы 2 дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің құрылыс салынып, тұрғындарға пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің қолдауымен қазіргі заман талабына сай 2 жаттығу залының құрылысы аяқталып, аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде. 2023 жылдың желтоқсан айында жеке кәсіпкердің қолдауымен спорт кешені іске қосылады деп отыр. Аудандағы спорттық нысандарға тұрақты қадағалау жүргізіліп, күрделі жөндеуді қажет етеін нысандарға ұсыныс беріліп отырады.
Ауданда спорт саласы бойынша 2 мелекеттік қызмет ИИС ЦОН АРМГО арқылы көрсетіледі.