Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы
қорытындылары туралы
АҚПАРАТ
(Аудан әкімі-Сағымбек Марат Рахымбердіұлы,
осы қызметте 2022 жылдың 14 наурызынан жұмыс істейді)
Аудан халқының саны 2023 жылдың 1 қарашасына 134,5 мың адам немесе облыс халқының 19,2%-н құрайды (Жетісу облысы – 698,5 мың адам).
Ауданның әкімшілік бөлінісі: 1 қала, 13 ауылдық округтер, 41 ауылдық елді мекендер.
Ауданның өнеркәсіп өндірісінде 68 өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді, оның ішінде 6-уы орта («ЖКПЗ» ЖШС, «Универсал» ЖШС, «Стандарт Стил» ЖШС, «АПЛ Констракшн» ЖШС, «Су Кұбыры» ЖШС, ЖРЭС), 62 шағын.
Өнеркәсіпте 29,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 110,6%-ті құрады.
Ауданда ауыл шаруашылығы саласында 5823 шаруа қожалықтары жұмыс істейді, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен 12 кәсіпорын айналысады, оның ішінде: 4 - наубайхана, 4 – күрделі жем өндіретін цех, 2 – кондитерлік бұйымдар шығаратын кәсіпорын, 1 - тері өңдейтін кәсіпорын және 1 – экспортқа бағытталған кәсіпорын «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС.
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы 69,9 млрд. теңге, нақты көлем көрсеткіші – 100,3%.
Мал шаруашылығында 20,2 мың тонна ет өндірілді немесе 2022 жылға 100,8%-ке орындалды, 50,0 мың тонна сүт сауылды (101,6%), 7,5 млн.дана жұмыртқа алынды (98,3%).
Ірі қара малының саны – 91,9 мың бас (2022 жылға 102,9%-ке орындалды), жылқы – 23,7 мың бас (110,0%), қой мен ешкі – 291,0 мың бас (102,4%), құс саны – 36,9 мың бас (52,0%) құрады.
Ауданда 2170 басқа арналған 9 мал бордақылау алаңы және 1200 басқа арналған 2 тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді.
2023 жылы 2,2 мың басқа арналған 2 мал бордақылау алаңын ашу жоспарланды, есепті мерзімде 2 мың басқа арналған 1 мал бордақылау алаңы «Агрохолдинг» ЖШС іске қосылды, жаңа тауарлы сүт фермасын ашу жоспарланған жоқ.
Аудан экономикасына 16,0% өсіммен 47,3 млрд.теңге инвестиция тартылды.
Ауданда 2023 жылы жалпы құны 12,1 млрд. теңгеге 8 жоба жүзеге асырылды («Қуанышбай» ШҚ-110,0 млн.теңге, «Хоргос Тех Контракт» ЖШС – 187,0 млн.теңге, «Майами Солар» ЖШС-1,4 млрд.теңге, «Aзия Логистик Транспорт» ЖШС-10,0 млн.теңге, «Интернешнл Кастл» ЖШС-3,3 млрд.теңге, «Нептун Корпорейшн» ЖШС-115,0 млн.теңге, «Хоргос Кат»-7,0 млрд.теңге).
Шағын және орта бизнес саласында жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны 12,0%-ке артып, 12140 бірлікті құрады.
Өндірілген өнім, жұмыс көлемі 2023 жылдың 1-ші шілдесіне 63,5 млрд.теңге құрады немесе 2022 жылғы тиісті кезеңнен 41,1%-ке артық (2022 жылғы 1-шілдеге 38,2 млрд.теңге).
2023 жылдың қаңтар-қараша айларында шағын кәсіпкерліктен бюджетке салық түсімдері – 6,5 млрд.теңге құрады немесе 2,1 есеге ұлғайды (2022 жылдың қаңтар-қараша айлары – 3,1 млрд.теңге).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 33,0 млрд.теңге, нақты көлем индексі 118,6% құрады.
Қолданысқа 68,9 мың шаршы метр тұрғын үй берілді, 2022 жылға 111,2% құрады.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 117,8%-ға артып, 26,4 млрд.теңгені құрады.
Салық және бюджет.
Мемлекеттік бюджетке 145,9 млрд.теңге салық төлемдері жиналып, жоспар 104,4%-ке орындалды, оның ішінде: республикалық бюджет – 134,0 млрд.теңге (103,5% болжамға), жергілікті бюджет – 11,7 млрд. теңге (115,4% болжамға). Аудандық бюджетке 6,3 млрд.теңге жиналып, болжам 126,7% орындалды.
Бюджеттің шығыс бөлігі 13,2 млрд.теңге құрап, қаржы игеру 99,8%-ға орындалды.
Орташа айлық еңбекақы 2023 жылдың төртінші тоқсанында 249,4 мың теңгені құрады.
Жалпы ауданда 6988 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 5142 адам тұрақты орындарға жолданды.
Білім саласы
Ауданда 142 білім мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде 67 балалар бақшасы (мемлекеттік– 12, жекеменшік – 55), 24 шағын орталық, 50 жалпы білім беретін мектеп, 3 колледж (Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, Жаркент көпсалалы колледжі және «Диана» Жаркент жоғары медициналық колледжі).
Мектепке дейінгі білім берумен 8626 бала қамтылған, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту– 99,6%. Мектептерде 27206 оқушы және колледждерде 2236 студент оқиды.
2023 жылы ауданда жаңадан жалпы саны 835 балаға арналған 7 балалар бақшасы іске қосылды (Олар: Жаркент қаласында «Дарынды Сәби» - 75 орын, «Мадагаскар» -150 орын, «Дана Нұр» - 50 орын, «Арлан Кидс» - 75 орын, Көктал ауылында «Көктал Кидс» - 100 орын, Головацкий ауылында «Бөбекжай «Жаскент» ЖШС - 210 орын, Шолақай ауылында «Гүл-Шара» ЖШС - 50 орын) және жұмыс істеп тұрған бала бақшаларда қосымша 785 орын ашылды.
Компьютер техникасымен қамтудың орташа көрсеткіші 1 компьютерге 3,5 оқушыдан (облыста на 1 компьютерге 3,1 оқушыдан) болды.
Ауданда 8 мектеп бейімделген ғимаратта орналасқан (Садыр, Сарытөбе, Дарбазақұм, Ақкент, Ақарал, Қызылжиде, Сарпылдақ, Сүптай ауылдары), оның ішінде 4-уі негізгі мектеп.
11 мектептің ғимаратына соңғы 25 жылда күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмеген: Сүптай, Еңбекші, Садыр, Ақарал, Қызылжиде, Ақжазық, Әулиеағаш, Сарпылдақ, Айдарлы, Қырыққұдық, Ақкент.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2023 жылы Жаркент қаласында 1200 орынға арналған мектептің құрылысын салу басталды.
Жаркент қаласындағы мұғалімдер жатақханасына, Головацкий ауылындағы Головацкий атындағы орта мектепке және Алытүй ауылындағы Қастеев атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл нысандар 2024 жылы қолданысқа беріледі.
Денсаулық сақтау
Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Көрсеткіштер
|
2019 жыл |
2020 жыл |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл қаңтар-желтоқсан |
|
|
Өнеркәсіп |
|||||
|
Өнім көлемі, млн.теңге |
14265,1 |
18479,6 |
22149,6 |
27768,0 |
29544,0 |
|
НКИ, өткен жылға %-бен |
104,1 |
159,4 |
101,6 |
114,0 |
110,6 |
|
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызмет) көлемі |
|||||
|
Өнім көлемі, млн.теңге |
45775,8 |
51246,5 |
57570,8 |
70724,1 |
69943,5 |
|
НКИ, өткен жылға %-бен |
103,1 |
103,4 |
102,0 |
103,0 |
100,3 |
|
Құрылыс |
|||||
|
Өнім көлемі, млн.теңге |
13590,2 |
13557,0 |
15123,6 |
26730,3 |
33031,8 |
|
НКИ, өткен жылға %-бен |
42,7 |
100,4 |
124,8 |
166,6 |
118,6 |
|
Тұрғын үй |
|||||
|
Тұрғын үйді қолданысқа беру, мың шаршы метр |
24,2 |
22,1 |
37,7 |
61,9 |
68,9 |
|
НКИ, өткен жылға %-бен |
126,7 |
91,1 |
170,9 |
164,3 |
111,2 |
|
Сауда |
|||||
|
Сауда және қызмет, млн.теңге |
14623,9 |
13500,8 |
14503,0 |
19904,4 |
26406,2 |
|
НКИ, өткен жылға %-бен |
107,5 |
86,3 |
100,0 |
117,8 |
117,8 |
|
Негізгі капиталға инвестициялар |
|||||
|
Көлемі, млн.теңге |
41082,0 |
26110,5 |
29412,4 |
39210,8 |
47299,2 |
|
НКИ, өткен жылға %-бен |
65,6 |
63,4 |
107,9 |
128,6 |
116,0 |
|
Басқа көрсеткіштер |
|||||
|
Орташа айлық еңбекақы, теңге |
124833 |
155629 |
190466 |
225251 |
249365 |
|
Жұмыссыздық деңгейі, % |
4,8 |
5,0 |
4,8 |
4,7 |
|
*2023 жылдың 3 тоқсанына
Панфилов ауданының бюджеті
млн. теңге
|
Атауы |
2019 жыл |
2020 жыл |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2023 жыл қаңтар-желтоқсан |
|
Барлығы кірістер: |
18 946,3 |
25 753,3 |
9 321,7 |
12 823,3 |
13280,5 |
13255,6 |
|
Оның ішінде: |
||||||
|
Меншіктік кірістер |
3 015,1 |
5 860,7 |
3 780,1 |
3 818,8 |
4965,5 |
6290,2 |
|
Трансферттер түсімдері |
15 840,6 |
18 267,9 |
11 699,1 |
12 484,3 |
6782,7 |
6782,7 |
|
Оның ішінде: |
||||||
|
ағымдағы нысаналы трансферттер |
8 205,7 |
10 977,0 |
2 685,4 |
3 648,3 |
1068,4 |
1068,4 |
|
нысаналы даму трансферттері |
1 867,7 |
1 458,5 |
3 187,2 |
3 186,2 |
2062,5 |
2062,5 |
|
субвенциялар |
5 767,2 |
5 832,4 |
5 826,5 |
5 649,8 |
3651,7 |
3651,7 |
|
Кредиттер |
74,2 |
2 253,5 |
114,7 |
1 198,6 |
726,0 |
726,0 |
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
30,2 |
32,1 |
36,4 |
44,0 |
46,6 |
63,4 |
|
Пайдаланылатын бос қалдықтар |
-13,8 |
-554,4 |
-1,9 |
-440,4 |
914,1 |
-452,3 |
|
Кері трансферттер |
- |
-106,6 |
-6 306,7 |
-4 282,0 |
-154,4 |
-154,4 |
|
Барлығы шығындар: |
18 946,3 |
25 753,3 |
9 321,7 |
12 823,3 |
13280,5 |
13255,6 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер |
578,9 |
1 006,8 |
983,0 |
1 241,9 |
1558,5 |
1557,9 |
|
Білім беру |
10 996,6 |
16 557,7 |
- |
- |
- |
- |
|
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру |
3 490,3 |
2 497,1 |
2 743,2 |
3 809,8 |
3167,0 |
3166,4 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
2 319,5 |
2 867,8 |
3 572,2 |
4 355,6 |
4343,7 |
4320,2 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
320,4 |
676,7 |
509,4 |
652,7 |
829,2 |
829,2 |
|
Көлiк және коммуникация |
596,4 |
1 079,3 |
425,2 |
1 964,0 |
1231,1 |
1231,1 |
|
Басқалар |
644,2 |
1 067,9 |
1 088,7 |
799,3 |
2151,0 |
2150,8 |