2023 жылдың ІV тоқсанында Панфилов ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдары арқылы мемлекеттік қызметтердің 51 түрі көрсетілді (қызмет ішіндегі қызметтер 59).
2023 жылдың 12 айында жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 25 368. Оның ішінде:
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны, барлығы – 1 482, оның ішінде негізді бас тартудың саны – 1 482, оның ішінде электронды түрде – 1101, қағаз түрде – 381. Негізсіз бас тарту тіркелген жоқ.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арыз, шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 94. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылған халық саны – 1928.
Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы.
Бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың ІV тоқсанында жүргізілген бақылау іс-шараларының саны – 2.
IV тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 2 («Талды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ).
ІV тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 2, оның ішінде бизнес-процесстер бұзылып көрсетілген қызметтер саны – 2. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 1, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері – 1.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда стенд жасалып, қағидалардың мәтіні ілінген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз, шағымдар болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс телефондары жазылып, арнайы жәшік қойылған.
Аудан әкімдігінің фойесіне, Жаркент қаласы және ауылдық округтерде, мектептерде, балабақшаларда, жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, венеринария бөлімі және медициналық мекемелердің дәлізіне қызмет алушыларға арналған бұрыштар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты бейнероликтер көрсетілетін теледидар, е-гов арқылы қызмет алу үшін картридер, принтер, компьютер) жасақталған. Жаркент қаласы және ауылдық округтердегі бұрыштар арқылы барлығы 16203 (I тоқсанда 3710, IІ тоқсанда 3817, IІІ тоқсанда 4532, IV тоқсанда 4144) қызмет алынды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар туралы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халық арасында насихаттау мақсатында 205 іс-шара өтіп 70537 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 70170 тұрғынға кітапша таратылды. Аудандық «Жаркент өңірі» газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу тәртібі бойынша 109 мақала жарияланды. Электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету мақсатында аудан бойынша 11 билборд ілінді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша білімін жетілдіру курсына 6 маман қатысып, сертификат алды.
Панфилов ауданы әкімі аппараты
Мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар
бөлімшесінің басшысы А. Касенов