2023 жылдың 1 желтоқсанына әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның жұмысы туралы ақпарат.
Панфилов ауданының әкімдігі, «Қызмет» «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Алматы облысының қоғамдық бірлестігі және "ҚОРҒАС" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жеке кәсіпкерлер қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалардың бірлестігі арасындағы 2022−2023 жылдарға арналған үшжақты келісім 2022 жылы 27 желтоқсанда бекітілген және Жетісу облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасымен 2023 жылы 6 қаңтарда № 0004 тіркелді.
Үшжақты келісім аудан әкімінің ресми сайтында орналастырылды.
Панфилов ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 266 «Панфилов ауданы әкімдігі өкілдерінің әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссиядағы құрамы туралы» қаулысымен осы комиссияға Панфилов ауданы әкімдігінің өкілдері аңықталды.
Үш жақты келісімнің ережелеріне сәйкес кәсіпорындар мен ұжымдарда еңбек қатынастарына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан кәсіпорындарында әлеуметтік төлемдер (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша берешекті азайту жөнінде шаралар қолданылып, жұмыстар жүргізілуде.
Комиссия отырысының қорытындылары бойынша мемлекеттік және басқа мекемелерге ұсыныстар беріледі. Соған сәйкес, бұл ұйымдар осы тапсырмалардың орындалуы туралы ақпарат жолдайды.
2023 жылы комиссияның отырысы он бір рет өтті. Олар:
2.Жаркент фрукт» ЖШС –нің әлеуметтік төлемдер қарыздары туралы.
3.«Ұжымдық шарттар жасау жұмыстары, электрондық еңбек шарттарының санын арттыру және кәсіпорындарды электрондық еңбек биржасына қосу, жалақы бойынша берешекті азайту, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы».
4. Кәсіптік даярлау, қайта даярлу және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша жұмысы бойынша.
2) Электрондық еңбек келісім шарттарының орындалуы туралы.
Панфилов ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Г.Кибраева
Орынд. М.Хизметов
Тел.8(72831)51048