«Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 12 айында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есебі
«Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) Панфилов ауданының аумағында Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі саласындағы функцияларды орындауға уәкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.
Қызметті беруші туралы мәлімет: «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, почталық мекен-жайы: 041300, Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Масанчи көшесі 23. байланыс тел. номері: 8(72831)5-50-68
2023 жылдың 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Бөлім бойынша - 14 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, көрсетілген қызметтер саны барлығы – 6804 оның ішінде;
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қолжеткізу көздері мен орындары: «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимаратында көрнекті ақпарат құралдары – Қағидалардың мәтіні ілінген стендттер орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
2023 жылдың 12 айында қөрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Ескертпе: есеп «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 5 және 6-баптарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағдаларын жетілдіру мақсатында ұсынылды.
Панфилов ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бөлім басшысы Г.Кибраева