Үшарал ауылдық округі әкімінің аппаратындағы 2022 жылдың І - ІI- III - IV тоқсандарына сыбайлас жемқорлық тәуелділіктеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
Үшарал ауылы 20 қараша 2023 жыл
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі ведомстаралық комиссияның кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес және Панфилов ауданының Үшарал ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 49 өкіміне Панфилов ауданының «Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы өкімі негізінде 2022 жылдың сәуір - желтоқсан айы аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Панфилов ауданының «Үшарал ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентімен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 474 қаулысымен бекітілген 3 қосымша (Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуелділіктеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
2.Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуелділіктерін анықтау;
1.Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуелділіктерін анықтау.
Панфилов ауданының «Үшарал ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентімен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Сондай-ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 474 қаулысымен бекітілген 3 қосымша (Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Үшарал ауылдық округі әкімі 2022 жылдың І-ІI-III-IV тоқсандарында қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жалпы саны- 158 оның 111-өкім, 47 -шешім. 2013-2022 жыл аралығында Үшарал ауылында 361 адам Үшарал ауылына қарасты Ақарал ауылында 41 адам тұрғын үй салуға жер телімін алушылардың кезегіне қойылған.
Округ әкіміне, осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.
2.Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуелділіктерін анықтау.
Округ әкімі аппаратында 2022 жылдың 01 сәірнен штаттық кестеге сәйкес мекеменің мемлекеттік қызметшілердің жалпы штат саны 8 бірлікті құрайды, 8 штат нақты қызмет жасауда, Аталған уақытта бос штат жоқ.2022 жылдың 5 қаңтарында 1-мемлекеттік қызметкер әскерден келіп жұмысқа қайта қабылданды, 2022 жылдың 25 қаңтарында 1-мемлекеттік қызметкер жұмысқа тағайындалды 2022 жылдың 28 сәуірінде 1-мемлекеттік қзметкер басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылып 11 қараша 2022 жылы өзінің бұрыңғы лауазымына қайтадан ауысу арқылы келді, 2022 жылдың 31 тамызында 1-мемлекеттік қызметкер жұмысқа тағайындалды 2022 жылдың 26 қазанда 1-мемлекеттік қызметкер зейнет жасына келуіне байланысты жұмыстан босатылды, 2022 жылғы 11 қаңтардағы Панфилдв ауданының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарының 2022 жылға арналған жоспар кестесіне байланысты 3-мемлекеттік қызметкер қайта даярлау курсынан өтті.
Округ әкімі аппаратының 2022 жылы жұмыс жасап отырған мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны-8.Ұлттық құрам бойынша 8 - мемлекеттік қызметшілердің 7- уі ер адам қазақ ұлтының өкілдері, 1-уі әйел адам ұйғыр ұлтының өкілі.
Кадрлардың ауысуы бойынша.
Облыс бойынша кадрлардың нормативтік ауысуы 9 пайыздан аспауы деңгейінде негізделген, округ әкімі аппаратында кадрлар ауысуы бойынша 2022 жылдың 01 сәуірнен бастап әкім аппаратының мамандары әрқайсысы өз орындарында қызмет атқаруда.
Ескертілуге: Кадрлардың жиі жөнсіз ауысып жұмыс атқаруына жол бермеу.
2022 жылдың І-ІI-III-IV тоқсандадарында округ әкімі аппаратына 38 дана өтініш келіп түсті. Түскен өтініштер заңды тұлғалардан-0 дана,жеке тұлғалардан-38 дана. Оның 38- өтініші жазбаша толығымен қанағаттандырылды.
Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жақындардың бірге жұмыс атқаруы бойынша, округ әкімі аппаратында ондай жағдайлар кездеспейді.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде сыбайлас жемқорлық тәуелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы округ әкімі аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуелділіктері анықталмады деген шешімге келді.
Жұмыс тобының мүшелері
Джакипов Абзал Коджаевич _______________________
Әділғазиев Шынғыс Жандосұлы _______________________
Қоспағаров Қуаныш Уәлиұлы ______________________
Байкенов Жасұлан Бақытович ______________________
Тұмарбаева Анаргүл Нұртайқызы _______________________
Ауғанбаев Ермек Айтақынұлы _______________________
Қалиев Ердаулет Қуандықұлы _______________________
Округ әкімі Т.Жанғазиев