Панфилов ауданының «Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылдың I,II, III, IV -тоқсанына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

Панфилов ауданының «Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  2022  жылдың I,II, III, IV -тоқсанына  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

    Головацкий ауылы                                                                8 желтоқсан  2023 жыл

Кіріспе бөлім

           Панфилов ауданы Жаскент ауылдық округі әкімінің 2023 жылдың                    15 қарашадағы Панфилов ауданының «Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі аппарат) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы №50 ө-н/қ өкімі негізінде, округтегі ішкі талдау  2022   жылдың 1 қаңтарынан  30 желтоқсаны аралығындағы жұмыс кезеңін қамтиды.  

         Округ әкімі аппараты өз қызметін Панфилов ауданының «Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2022  жылғы 15 шілдедегі №311-ші қаулысы негізінде жүзеге асырады.

      Панфилов ауданының «Жаскент ауылдык округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесі өз кызметiн Казакстан Республикасының Конституциясына жане заңдарына,  Қазақстан Респyбликасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

       Жаскент ауылдық округінде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Жаскент ауылдық округінде қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  2. Жаскент ауылдық округінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. Жаскент ауылдық округ әкімі аппаратының қызметі қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Округ әкімі аппараты өз қызметінде

 

Панфилов ауданының «Жаскент ауылдык округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесі өз кызметiн Казакстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,  Қазақстан Респyбликасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 «Жаскент ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  2022  жылдың 12 ай кезеңінде қабылданған нормативтік құқықтық актілер саны – 140. Оның ішінде 79 – өкім, 61 – шешім. Округ әкіміне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативті құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.

 

 

2.Округте ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

  • Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

 

       Панфилов ауданы әкімінің қаулысына сәйкес округте штат саны –7  бірлікті құрайды. 

        Қазақстар Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы  2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес әкімшілік қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.  

 

2)Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттырудың кезеңділігін сақтау

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерінде «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтеді.

Біліктілікті арттыру бойынша 2022 жылға мемлекеттік қызметшілер оқуға шақырту алмады.

 

  • Мүдделер қақтығысын реттеу

 

      Қазақстар Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын  алған жоқ.

 

4)Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мәселелері

Жаскент ауылдық округі әкімі аппаратының 2 мемлекеттік қызметшісі тәртіптік жазаға тартылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

 

 

         «Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
  • Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
  • Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру
  • Жер учаскесін алу үшін кезекке қою (қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері)

Сонымен қатар «Egov» электронды порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында аппаратта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері ілінген тақта орналастырылған. Сенім телефоны 36106 тұрақты жұмыс істейді.

Ішкі талдау барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мерзімдерді бұзу фактілері анықталмады.

 

4.Ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметтен туындайтын басқа да мәселелер

    

      Ішкі талдау барысында «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі»  Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзушылықтар анықталған жоқ.

2022 жылдың  01 қаңтарынан  30 желтоқсан аралығында  округ әкіміне 31 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің барлығы жеке тұлғалардан. Оның 31-і қанағаттандырылды,  2022 жылдың  01 қаңтарынан  30 желтоқсан аралығында  округ әкімінің жеке қабылдауында 17 адам ауызша өтініш білдірсе, оның 10-ы қанағаттандырылып, 7-не түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ұсыным:

  1. Ауыл тұрғындары жазбаша емес, толыққанды электронды түрде өтініш берсе.

 

 

 

 

 

Қорытынды

1.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бұзылуына жол бермеу үшін қажетті бақылау шараларын қабылдау;

2.Көрсетілетін  мемлекеттік қызмет стандарттарын қатаң сақтау;

  1. «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау.

 

 

Жұмыс тобының мүшелері

 

Дынмухамедұлы Нұрлан                        ______________________

 

Галиева Айжан Бауыржанқызы             ______________________

 

Ботамбаев Мейржан Байжумаұлы        ______________________

 

 

            Округ әкімі                                            Р.Керимкулов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 декабря 2023