«Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама
Алтыүй ауылы 08 желтоқсан 2023 жыл
«Бірлік ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Бірлік ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 09 қарашадағы №58 өкімі негізінде 2023 жылдың 20 қарашасынан 08 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау округтің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Панфилов ауданының «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін, Қазақстан Республикасының Заңдары мен Конститутциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сонымен қатар өзге де нормативтік құқықтық актілермен және «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. «Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі 2022 жылдың қаңтар - желтоқсан айлары аралығында қабылданған ауылдық округ әкімнің актілерінің саны -156. Оның ішінде - 23 өкім, шешім - 53. Өкім негізгі қызмет - 57, жеке құрамы- 8, іс-сапар бойынша -15.
Округ әкімі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болмаған.
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
1.Персоналды басқару бағыттары бойынша.
«Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі қызметкерлерінің 2022 жылдың 1 қаңтардағы бекітілген штат саны – 12 адам. Ауылдық округ әкімі, округ әкімінің орынбасары, 4 бас маман, 1 жетекші маман, 1 жастар ісі - жөніндегі әдіскер нұсқаушы, 4 адам (компьютерлік техникасының операторы, қарауыл, еден жуушы , жүргізуші) техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлер. Талдау жасау уақыт аралығында теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметтен босатылған мемлекеттік қызметкер жоқ.
Мекемеде 2022 жылы 4 қызметкерлерге тәртіптік шара қолданылған.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Ресубликасы Заңының 44 бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Касбакова Назипа Алтайқызына өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 2022 жылдың 30 наурызында ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Ресубликасы Заңының 44 бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы Кишкенебаев Тургангали Туреканович өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 2022 жылдың 03 маусымында ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Ресубликасы Заңының 44 бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Рахимбай Динара Турсымбайқызына өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 2022 жылдың 28 шілдесінде ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Ресубликасы Заңының 44 бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Салпиев Тохан Игмановичқа өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 2022 жылдың 28 шілдесінде ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Ресубликасы Заңының 44 бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Салпиев Тохан Игмановичқа өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 2022 жылдың 21 қазанында ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
Мекеме қызметінде мүдделер қақтығысына байланысты төмендегі мәселелер бойынша заң бұзушылықтар анықталмады:
Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өз жұмысын «Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты» Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.
Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 18 – қыркүйектегі Үкіметтің № 983 қаулысымен бекітілген, ((№ 39 НҚ 31.01.2020 жылы енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) Мемлекеттік қызмет көрсету Реестріне (тізіміне) сәйкес 5 түрлі қызмет көрсетеді. 2022 жылы көрсетілген қызметтердің саны – 88. Оның ішінде:
- «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» -0.
- «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» – 4.
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» – 50.
- «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» - 0.
- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» – 34.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту жағдайлары орын алмаған.
Электрондық цифрлық қолтаңбамен толық қамтамасыз ету мақсатында және электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтерді тек қана «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу үшін әкімшілік ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет ету бұрыштары» қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықталып, жұмыстар жүргізілуде.
Ұсынылады: Электрондық форматтағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау жұмыстарын жалғастыру
2022 жылдың қаңтар-желоқсанға округ әкімі аппаратына 31 өтініш келіп түскен. Өтініштердің барлығы жеке тұлғалардан түскен. Заңды тұлғалардан өтінішер келіп түскен жоқ. Оның қанағаттандырылғаны 31.
Өтініштерге Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сай жауаптары берілген.
Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратына бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электронды веб-порталда жарияланған. Осыған орай барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылған.
2022 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында мемлекеттік сатып алу туралы барлығы 39 шарт жасалған.
Бір көзден алу тәсілімен 11 шарт, баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы 21 шарт жасалған.
Ашық конкурс арқылы 7 келісім шарт жасалды.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.
Ұсынылады: Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялығының деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау және осы салаға жауапты қызметкерлерді мемлекеттік сатып алу саласындағы біліктілігін арттыру.
Қорытынды
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында Бірлік ауылдық округ әкімі апаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмыс тобы келесіні ҰСЫНАДЫ:
Жұмыс тобының мүшелері:
Бірлік ауылдық округі әкімінің
орынбасары Н.А.Қасбақова
Бірлік ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы Д.Т. Рахымбай
Бірлік ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы Л.Г.Сатибаева
Бірлік ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы Р.Д.Абдулдаева
Бірлік ауылдық ақсақалдар
кеңесінің төрағасы А.Бейсембаев
Таныстым:
Бірлік ауылдық округінің әкімі Д.С.Мухаметжан