Панфилов ауданы «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-сі бойынша 2022 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық

Панфилов ауданы «Жаркент қаласы  әкімінің аппараты» ММ-сі бойынша 2022 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау

және талдамалық

                                                  АНЫҚТАМА

 

Жаркент қаласы                                                               30  қараша 2023 жыл

Кіріспе бөлімі

        

  1. «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-сі өз қызметін мемлекеттік мекеменің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 311 қаулысы  негізінде жүзеге асырады.
  2. Панфилов ауданы «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-сі қызметі  сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  обьектісі  болып табылады.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдауды «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің  2023 жылғы 13 қарашадағы №165 өкімі негізінде құрылған  жұмыс тобы 2023 жылдың 15  қарашасынан 30 қарашасы аралығында  сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне 2022 жылдың 12 ай жұмыс кезеңін қамтыған ішкі талдау жүргізді.

 

  1. Т. Ибрагимов жұмыс тобының басшысы -      Жаркент қаласы

                                                                           әкімінің орынбасары.                                                                                 

                                                                                                                       

  1. М. Ибраимова жұмыс тобының мүшесі -         Жаркент қаласы

                                                                          әкімінің орынбасары.                                                                                 

 

  1. Қ. Актанов жұмыс тобының мүшесі -             Жаркент қаласы әкімі

                                                                                    аппаратының бас маманы                                                                                                             

                                                                                          

  1. Б. Нургалиев жұмыс тобының  мүшесі  -        Жаркент қаласы әкімі

                                                                                    аппаратының бас маманы                                                                                                              

                                                                                         

  1. М. Бердыгулова жұмыс тобының  мүшесі -     Жаркент қаласы әкімі

                                                                                    аппаратының бас маманы                                                                                                         

   

  1. Б. Караева жұмыс тобының мүшесі –               Жаркент қаласы әкімі            
                                                                                        аппаратының бас маманы
  2. Х. Ахметов

 

  1.  Н.Зурмангалиева

 

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы   № 12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай,   «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

        1/. «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің  қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық  актілерде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

        2/. «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің  ұйымдасдастырушылық қызметіндегі сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

 

           Панфилов ауданының  «Жаркент қаласы әкімінің  аппараты» ММ-сі өз қызметінде басшылыққа алады:    

           Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын; Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің   актілерін

          Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы (2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасы Заңын;

         Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы);

          Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығы);

         Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының әкімшілік - рәсімдік процестік кодексі;

        Қазақстан Республикасының Салық кодексі;

       «Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15  шілдедегі № 311 қаулысын.

 

            1.«Жаркент қаласы әкімінің  аппараты» ММ-нің қызметін

қозғайтын нормативтік  құқықтық актілерге  сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

        «Жаркент қаласы  әкімінің  аппараты» ММ-нің  әкімі  2022 жылдың   12 ай жұмыс кезеңінде қабылданған нормативтік құқықтық актілердің саны  364 оның ішінде  360 – өкім, 304 - шешім.

«Жаркент қаласы әкімінің  аппараты» ММ-не 2022 жылдың жылдың   12 ай жұмыс кезеңінде келіп түскен  хаттар  саны  139. Хаттарды  орындау мерзімдері бойынша  бұзушылық   фактілер  анықталған  жоқ.

Жеке тұлғадан  келіп  түскен  өтініштер  мен арыз шағымдар - 230.          Заңды тұлғадан келіп түскен өтініштер саны -2.

Келген  өтініштер мен арыз  шағымдар  уақытында  қарастырылды, орындау мерзімдері бойынша  бұзушылық  фактілер  анықталған  жоқ.

Жаркент қаласы әкімінің жеке  және  заңды тұлғалардың өтініштерін  қабылдау -11. Келіп  түскен жеке  және тұлғалардың  өтініштері толығымен  қанағаттандырылды.

Жаркент қаласы әкімінің   жеке    және  заңды  тұлғалардың өкілдерін жеке  қабылдауды жүргізу кестесі  бекітілген. Сондай-ақ жеке  қабылдау кестесі көпшілікке  көрінетін жерге ілінген.

Арыз-шағымдарға арналған жәшік көпшілікке қолжетімді жерде  орналастырылған.

 

  1. «Жаркент қаласы әкімінің  аппараты» ММ-ніңұйымдастырушылық  - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін      анықтау:

       1). Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

       «Жаркент қаласы әкімінің  аппараты» ММ-де   штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің  жалпы саны 9 бірлікті құрайды.    2022 жылдың Ⅳ тоқсанында  еңбек демалысына 8 қызметкер жіберілді.

        Демалыстан   1 адам шақырылған. Демалыстан шақырылған маман жыл аяғына дейін қалған күндеріне демалыс алды.

        Бала күтіміне байланысты демалысқа 1 маман  2022 жылдың 01 тамызынан 2024 жыл 03 қаңтар аралығында демалысқа кетті.

        2 маман жүктілікке және босануына байланысты  демалысқа шықты.

        Ұлттық  құрам  бойынша  мемлекеттік  қызметшілер: 7 қазақ   ұлтының  және 2 ұйғыр ұлтының  өкілдері. Оның ішінде  5 ер адам, 4 әйел адам

        «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-не тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-ана бөлек  аға –інілері мен апа-қарындас –сіңілілері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп - жұбайының (зайыбының) аға інілері, апа қарындас- сіңілілері, ата-аналары мен  балаларын  қызметке алу  фактілері анықталмады.

        Есептік  кезеңде «Жаркент қаласы әкімінің  аппараты» ММ-сі тарапынан  сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

         Кадр мәселелерін реттеу барысында құқықтық проблемалар немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған  жоқ. 

 

      2).  Мүдделер қақтығысын реттеу.

2022 жылыдың  12 ай жұмыс кезеңі  қортындысымен «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-де мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.            

        Мемлекеттік қызметшілерге шағым түскен жоқ.

 

     3) Мемлекеттік қызмет көрсету:

      «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-де төмендегідей мемлекеттік қызметтер  көрсетіледі:

  1. "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша - 55;
  2. "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша – 18;
  3. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша – 132;
    4.  "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету- 24;
  4. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету.

 

         «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44- бабының 3- тармағының 1) тармақшасына сәйкес: «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  бас маманы Сәния Тілегенқызы Тілегенге өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 2022 жылдың 03 мамыр айында сөгіс түріндегі  тәртіптік  жаза қолданылды.

          2022 жылдың  қаңтар-желтоқсанға (Ⅰ, Ⅱ, Ⅲ, Ⅳ тоқсанда) қала әкімі аппаратына 300 өтініш келіп түсті.  Жеке  тұлғалардан- 286, заңды тұлғалардан-17. Оның қанағаттандырылғаны-300, басқа мекемеге жолданғандар-15, оның ішінде жеке тұлға- 12, заңды тұлға -3. Қала әкіміне ауызша 190 өтініш түсті, қанағаттандырылғаны-153, түсіндірілгені-37. Қала әкімінің  орынбасарларына 150 ауызша  өтініш түсті оның ішінде қанағаттандырылғаны-70, түсіндірілді-80.

          Көрсетілетін  мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар  тіркелген жоқ.

        «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-сі  қызметкерлері Қазақстан республикасыны, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес  мемлекеттік қызметкерлер табыстар туралы (декларация) мәліметі толық өткізіледі.

          Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс-шаралар  бойынша ақпарат аудан әкімі аппаратының заң, мемлекеттік құқықтық бөліміне ұсынылады.

         «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-сі  бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың   ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі.

         Мемлекеттік  сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақталуда. Бюджет қаражатының уақытылы және  толық  игерілуі бағытында жұмыстар жүргізілуде.

 

         2022 жылдың қаржы есебі  атап айтқанда:

         Еңбек  ақыға 35 млн 752 мың теңге, әлеуметтік салық 1 млн 930 мың теңге, әлеуметтік аударымдар 97 млн, 790 мың тенге, медициналық сақтандыру қорына 27 млн 856 мың теңге, жанар-жағар май сатып алуға 600 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстарға 9 млн 519 мың теңге, коммуналдық қызметтерге  2 млн 366 мың теңге,  байланыс қызметіне 941 мың теңге жұмсалды.

          «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-не бөлінген  бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі  ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электронды веб-порталда жарияланды. Осыған орай барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген  жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

         2022 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында  мемлекеттік сатып алу  туралы  барлығы 45  шарт жасалды.

         Бір көзден  алу тәсілімен 19 шарт. Баға  ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы шарт жоқ. Ашық конкурс  арқылы 1 келісім шарт жасалды.

          Өткізілетін  мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық  құжаттамалар, сатып алуды  жүзеге асыру туралы  хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсілімен мемлекеттік  сатып алу қорытындылары  туралы хаттамалар  Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.

 

  1.   Рұқсат беру  функцияларын іске асыру.

    Рұқсат беру  функцияларын  жүзеге  асыру «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің құзыреттілігінде көзделмеген.

  1. Бақылау функцияларын іске асыру.

  «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ- сімен бақылау функциялары  іске  асырылмайды.

 

                                           Қорытынды

 

         «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында  сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 

 

                          Қала әкімі                                   А. Исаев                                                       

 

Жұмыс тобының мүшелері:

Т. Ибрагимов

М. Ибраимова

К. Масимов

Б. Нургалиев

М. Бердыгулова

Қ. Актанов

Х. Ахметов

Н. Зурмангалиева

 

                                                                                     «Бекітемін»

                                                                            Жаркент қаласының әкімі

                                                                           ________________ А. Исаев

 

                                                                           «13» қараша 2023 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: Жетісу облысы Панфилов ауданы «Жаркент қаласы әкімінің аппараты " ММ

 
   

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Қала  әкімі

 Жаркент  қаласының  әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономикалық жоспарлау және даму, бюджет және бюджетаралық қатынастар. Азаматтардың өтініштерін арыздарын шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдануға,әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу. Құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дауларды шешу қоғамдық қызметтерді жақсарту жөнінде шаралар қабылдау.

Лауазымды адамның, оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде лауазымдық өкілеттіктерді не өзге де жеке мүдделерді пайдалану.

Жоғары

Әкімінің орынбасары

Т. Ибрагимов

Жаркент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономикалық жоспарлау және даму, бюджет және бюджетаралық қатынастар,діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, санкцияланбаған акциялар, наразылықтар және әлеуметтік шиеленіс мәселелері бойынша қызметті үйлестіру.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде алынған ақпаратты жеке мүддеге пайдалану, үшінші тұлғаларға жария ету. Ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері, электрондық файлдарды қызметтік ақпаратпен көшіру.

Жоғары

Әкімінің орынбасары

М.Ибраимова

Жаркент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономикалық жоспарлау және даму, бюджет және бюджетаралық қатынастар, ішкі, жастар саясаты және идеология, мәдениет, денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық, дене шынықтыру және спорт, дін, білім беру

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде алынған ақпаратты жеке мүддеге пайдалану, үшінші тұлғаларға жария ету. Ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері, электрондық файлдарды қызметтік ақпаратпен көшіру.

 

Бас маман

Қ. Актанов

Жаркент қаласы әкімі аппаратындағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты заң талаптарына сай ұйымдастыру, өтініш иелеріне жауаптардың уақытылы берілуіне, өтініштердің дер кезінде деректер базасына енгізіп, талондардың өтініш иесіне берілуін, «Е-ленцензия», «Е-өтініш» бағдарламысына құжаттар енгізеді олардың уақтылы орындалуына жауап береді.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде алынған ақпаратты жеке мүддеге пайдалану, үшінші тұлғаларға жария ету. Ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері, электрондық файлдарды қызметтік ақпаратпен көшіру.

Жоғары

Бас маман

Б.Нургалиев

Каржы, салық және тарифтік саясат, даму бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша кәсіпкерлерді қолдау олардың кірістер басқармасына тіркелуін және шағын несие алуына нақты көмектер беру. Жеке тұлғалардан мүлік, жер және көлік салықтарының түсуін қамтамасыз ету.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде алынған ақпаратты жеке мүддеге пайдалану, үшінші тұлғаларға жария ету. Ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері, электрондық файлдарды қызметтік ақпаратпен көшіру.

Жоғары

Бас маман     Б. Караева

Бухгалтерлік есептерді жүргізеді. Әкім аппаратының жұмысын қаржымен қамтамасыз ету. Шығыс сметасын жоспарлау және құру, шығыстарды қаржыландыру жоспарларын әзірлеу, келесі қаржы жылына бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын, шоттар бойынша ақша қаражатының қозғалысы есебін жүргізу, өткізілген шаралар бойынша ақшаны мақсатты пайдалануын есептеу және бақылау, аппарат бойынша теңгерімі және шығындар сметасы бойынша есептер құру.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде алынған ақпаратты жеке мүддеге пайдалану, үшінші тұлғаларға жария ету. Ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері, электрондық файлдарды қызметтік ақпаратпен көшіру.

 

« Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар:

1.Сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға жауапты бөлімшелерді немесе лауазымды адамдарды айқындау;

2.Мекеменің құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығы;

  1. Мекеменің адал жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар мен рәсімдерді әзірлеу және практикаға енгізу;

4.Мекеме қызметкерлерінің әдеп және қызметтік мінез-құлық кодексін қабылдау;

  1. Мүдделер қақтығысының алдын алу және шешу;
  2. Бейресми есептілік жасауға және жалған құжаттарды пайдалануға жол бермеу.

Жұмыс жоспары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша "Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы әкімінің аппараты" ММ қызметінде

 

                                                                                                 "Бекітемін"

                                                                                 Панфилов ауданы

Жаркент қаласының   әкімі______________А.Исаев

                                                                                "13" қараша 2023 г.

Жұмыс жоспары;

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша

"Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы әкімінің аппараты" ММ қызметінде

№ р/с

жұмыс түрлері

мерзімі

жауапты тұлғалар

 

2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту

13.11.2023

жұмыс тобы

 

Ішкі талдау жүргізу туралы өкім шығару.

13.11.2023

жұмыс тобы

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобын құру.

13.11.2023

жұмыс тобы

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

15.11.2023

30.11.2023

жұмыс тобы

 

Қоғамдық талқылау өткізіңіз.

27.11.2023

жұмыс тобы

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

13.11.2023

жұмыс тобы

 

Сыбайлас жемқорлыққа бейім лауазымдардың тізілімін дайындау

13.11.2023

жұмыс тобы

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат беру.

30.11.2023

жұмыс тобы

 

Дата публикации
06 декабря 2023