Панфилов ауданының «Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылдың I,II, III, IV -тоқсанына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

Панфилов ауданының «Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022  жылдың I,II, III, IV -тоқсанына  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

    Көктал ауылы                                                                  04 желтоқсан 2023 жыл

Кіріспе бөлім

           Панфилов ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің 2023 жылдың                    16 қарашасындағы Панфилов ауданының «Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі аппарат) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы № 83-ө өкімі негізінде, округтегі ішкі талдау  2022   жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығындағы жұмыс кезеңін қамтиды.  

         Округ әкімі аппараты өз қызметін Панфилов ауданының «Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі №311-ші қаулысы негізінде жүзеге асырады.

      Панфилов ауданының «Көктал ауылдык округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесі өз кызметiн Казакстан Республикасының Конституциясына жане заңдарына,  Қазақстан Респyбликасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

       Көктал ауылдық округінде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

     1.Көктал  ауылдық округінде  қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

     2.Көктал ауылдық округінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Көктал ауылдық округ әкімі аппаратының қызметі қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

                Округ әкімі аппараты өз қызметінде

Панфилов ауданының «Көктал ауылдык округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесі өз кызметiн Казакстан Республикасының Конституциясына жане заңдарына,  Қазақстан Респyбликасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 «Көктал ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  2022  жылдың 12 ай кезеңінде қабылданған нормативтік құқықтық актілер саны – 208. Оның ішінде 124 – өкім, 84 – шешім. Округ әкіміне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативті құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.

2.Округте ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

       Панфилов ауданы әкімінің қаулысына сәйкес округте штат саны -10 бірлікті құрайды. 

        Мемлекеттік қызметшілер тарапынан «Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.  

2)Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттырудың кезеңділігін сақтау

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерінде «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтеді.

Біліктілікті арттыру бойынша 2022 жылға бекітілген кестеге сәйкес

2 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру курсынан өтті:

Бас маман есепші-Ш.Мустаханова- «Мемлекеттік сатып алулар А-дан Я-ға дейін».

Округ әкімі – Б.Нурелов- «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары»

  • Мүдделер қақтығысын реттеу

      Қазақстар Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын  алған жоқ.

4)Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мәселелері

 Көктал ауылдық округі әкімі аппаратының 2 мемлекеттік қызметшілері тәртіптік жазаға тартылды.

Бас маман- Ж.Сагимбековаға- Панфилов ауданының прокуратурасының 2022 жылғы 15 наурыздағы №2-0415-22-00420 ұсынысы негізінде, 

Бас маман-М.Жумаковқа-Панфилов ауданының прокуратурасының 2022 жылғы 01 маусымдағы №2-0415-22-00836 ұсынысы негізінде.

Бас маман-М.Жумаковқа-Панфилов ауданының прокуратурасының 2022 жылғы 17 қазандағы №2-0415-22-1725 ұсынысы негізінде.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

      «Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
  • Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру
  • Жер учаскесін алу үшін кезекке қою (қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері)
  • Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату (МО, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі)

Сонымен қатар «Egov» электронды порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында аппаратта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері ілінген тақта орналастырылған. Сенім телефоны 37-7-46 тұрақты жұмыс істейді.

Ішкі талдау барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мерзімдерді бұзу фактілері анықталмады.

                                                                  

4.Ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметтен туындайтын басқа да мәселелер


             Ішкі талдау барысында «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі»  Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзушылықтар анықталған жоқ.

        2022 жылдың 01 қаңтарынан 31 желтоқсан  аралығында  округ әкіміне 56 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің жеке тұлғалардан-53, заңды тұлғалардан-3 барлық  өтініш қанағаттандырылды. 2022 жылдың                               01 қаңтарынан  31 желтоқсан аралығында  округ әкімінің жеке қабылдауында 13 адам ауызша өтініш білдіріп барлығы толық  қанағаттандырылды.

Ұсыным:

 Әр мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген тиісті міндеттерді орындау барысында әр қызметкерге бөлінген электронды жүйемен жұмыс жасау кезінде бір ғана компьютерде бірнеше электронды жүйенің орнатылуы киындық тудырады. Сол себепті мекемеде әр қызметкердің компьютерінде өзіне жүктелген электрондық жүйесін орнатуын ұсынамыз.

 Қорытынды

 1.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бұзылуына жол бермеу үшін қажетті бақылау шараларын қабылдау;

2.Көрсетілетін  мемлекеттік қызмет стандарттарын қатаң сақтау;

  1. «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау.

Жұмыс тобының мүшелері

Шабеков Токтарғали Болатұлы                                   ______________________

Жангазиев Талғат Берлинұлы                                      ______________________

Мустаханова Шынар Ердаулетқызы                           ______________________

Заманбекова Салтанат Қайратқызы                             ______________________        

  

Округ әкімі                                             Б.Кадырбаев

Дата публикации
06 декабря 2023