Пенжім ауылдық округі бойынша 2022 жылдың 12 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

Пенжім ауылдық округі бойынша 2022 жылдың 12 айына 

 сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

 Пенжім ауылы                                                                             23 қараша 2023 жыл

Кіріспе бөлімі

        Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып Пенжім ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 08 қарашадағы 72 өкімі негізінде  2023 жылдың 08 қарашасынан  22 қарашасы аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. 

            Округтің  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Мекеменің ұйымдастырушы-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  3. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

         Панфилов ауданының «Пенжім ауылдық округ әкімінің аппара-ты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәурдегі 203 қаулысымен бекітілген 3-қосымша сәйкес жүзеге асырады.

        «Пенжім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі 2022 жылдың 12 ай кезеңінде қабылданған Атаулы  әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама - 68 азаматқа берілді.         Жалпы 12 айда нормативтік құқықтық актілердің саны – 210. Оның ішінде 155- өкім,  55- шешім. Округ әкіміне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.

  1. Мекеменің   ұйымдастрыушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  • Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

                Округ әкімі аппаратында штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 10 бірлікті құрайды. Бүгінгі күнге дейін бекітілген 10 штат. Округ әкім аппаратындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны-10. Ұлттық құрам бойынша мемлекеттік қызметшілер – 9 қазақ ұлтының 1 татар ұлтының өкілдері. Оның ішінде – 6 ер адам, 4-әйел адам.       Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы 410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес қызметкерлер арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.

         2022 жылдың 02 ақпанында  «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан  Республикасының заңының 44-бабының 3 – тармағының 1) тармақшасына   сәйкес:

       «Пенжім ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Омашбеков  Совет Ақанұлына атқарған жұмыстарында жіберген кемшіліктері үшін ескерту түріндегі тәртіптік жаза берілді.

          2022 жылдың 02 наурызында «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және Қазақстан  Республикасы Заңының  44-бабының 3- тармағының 1) тармақшасына сәйкес: «Пенжім ауылдық округі әкімі аппарты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Сейтказиева Назерке Жумабайевнаға атқарған жұмыстарында жіберген кемшіліктері үшін ескерту түріндегі тәртіптік жаза берілді.

          2022 жылдың 30 наурызында  «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан  Республикасының заңының 44-бабының 3 – тармағының 1) тармақшасына   сәйкес:

          «Пенжім ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Асхадбекова Фарида Асхадбекқызына өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ескерту түріндегі тәртіптік жаза берілді. 

           2022 жылдың 19 желтоқсанында  «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан  Республикасының заңының 44-бабының 3 – тармағының 1) тармақшасына   сәйкес:

         «Пенжім ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Омашбеков Совет Ақанұлына атқарған жұмыстарында жіберген кемшіліктері үшін  ескерту түріндегі тәртіптік жаза берілді. 

           2022 жылдың 2 наурызында  «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан  Республикасының заңының 44-бабының 3 – тармағының 2) тармақшасына   сәйкес:

          «Пенжім ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Тохтарова Жадыра Қасенқызы  атқарған жұмыстарында жіберген кемшіліктері үшін сөгіс түрінде тәртіптік жаза берілді. 

.        

          Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар тіркелген жоқ.Есептік кезеңде Пенжім ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы округ әкімдігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

  • Мүдделер қақтығысын реттеу

           Пенжім ауылдық округінің әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы 410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттікқызметшілерденшағымтүскенжоқ.

  • Мемлекеттік қызмет көрсету

          2022 жылдың 12 айында округ әкімі аппаратына  41 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің барлығы жеке тұлғалардан. Оның қанағаттандырылғаны -35, 6-не түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атаулы  әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама -68 азаматқа берілді.

         Округ әкімі аппаратында бақылау-қадағалау функциялары жоқ;

         Округ әкімі аппаратының  қызметкерлері Қазақстан Республикасы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына  сәйкес  мемелекеттік қызметкерлер  табыстар туралы (декларация) мәліметті  өткізді.

         Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс шаралар бойынша ақпарат аудан әкімі аппаратының заң, мемлекеттік-құқықтық бөліміне ұсынылады.

         Пенжім ауылдық округі әкімі аппаратының бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

        Пенжім ауылдық округі әкімі аппаратына бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланды. Осыған орай барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

        Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары   Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.

Қорытынды.

        Пенжім ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ. 

Жұмыс тобының мүшелері

 Ғ. Карбаев                                _________________

С.Омашбеков                              _________________

С.Туралыев                                  _________________

Ж.Иманпеисов                        _________________

Ф. Асхадбекова                       _________________

С.Сламжанова                        _________________

К.Табылдиев                           _________________

  

Округ әкімі                                                              Г.Карбаев

 

 

                                                                                                                                                      

                                                                                                                                                                   «Бекітемін»

                                                                                                                                 Пенжім ауылдық округінің әкімі 

                                                                                                                                  _________________ Г.Карбаев

                                                                                                                                                     «___» __________  2023 жыл       

 

                                                                                                                                                               

                                                                                         

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі,

айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: Жетісу облысы, «Панфилов ауданы, Пенжім ауылдық округі әкімінің аппараты»

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Округ  әкімі

 Өңірлік саясатты әзірлеу және іске асыру, экономикалық дамуды қолдау, Халықты әлеуметтік қорғау, қаржы ресурстарын басқару, Құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дауларды шешу және инфрақұрылым мен қоғамдық қызметтерді жақсарту жөнінде шаралар қабылдау.

Лауазымды адамның, оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде лауазымдық өкілеттіктерді не өзге де жеке мүдделерді пайдалану.

Жоғары

Округ Әкімінің орынбасары

Округ әкімінің тапсырмаларын орындау. Округ аумағында орналасқан кәсіпорындармен, ұйымдармен байланысты жүзеге асыру олардың қызметін үйлестіру. Салықтардың және өзге төлемдердің бюджеттік мерзімінде және толық түсуін бақылау жасау. Өтініштерді тіркеу карточкасына деректерді енгізу сапасына жауапты болу.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде алынған ақпаратты жеке мүддеге пайдалану, үшінші тұлғаларға жария ету. Ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері, электрондық файлдарды қызметтік ақпаратпен көшіру.

Жоғары

Бас маман, салық агенті

Округ аумағында салық төлеушілерді және салық нысандарын мерзімінде әрі толық есепке алу. Салықтар мен бюджет төлемдернің дұрыс есептелуін, толық әрі мерзімде төлеуін бақылау. Шаруашылық кітаптарын жүргізіп, бұл кітаптарға енгізілген деректердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапты болу.

Салық төлеу есебінде жиналған ақша қаражатын бюджетке толық көлемде уақытылы өткізіп тұру.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде алынған ақпаратты жеке мүддеге пайдалану, үшінші тұлғаларға жария ету. Ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері, электрондық файлдарды қызметтік ақпаратпен көшіру.

Жоғары

 Бас маман заңгер

 Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру қызметін көрсету.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу қызметін көрсету «elicense.kz» порталы арқылы келген және жер учаскесін алу үшін кезекке қою мемлекеттік қызмет көрсету. Округ әкімі аппаратына келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде есепке алу мен тіркеуді қамтамасыз ету, «Е-Өтініш», «Айқын» бағдарламаларына енгізу қызметін көрсету.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде алынған ақпаратты жеке мүддеге пайдалану, үшінші тұлғаларға жария ету. Ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері, электрондық файлдарды қызметтік ақпаратпен көшіру.

Жоғары

Бас маман есепші

 Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін  (негізгі құрал-жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың, өндіріс, шаруашылық-қаржы нәтижелерінің есебін жүргізу, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу) жүргізу жөніндегі жұмысты орындайды. Округтің жылдық бюджеттің орындалуын, ондағы өзгерістерді мемлекеттік мекеменің бюджетінің жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз ететін есептілікті Ашық бюджет және Азаматтың бюджет порталына орнату

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде алынған ақпаратты жеке мүддеге пайдалану, үшінші тұлғаларға жария ету. Ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері, электрондық файлдарды қызметтік ақпаратпен көшіру

Жоғары

 «Пенжім ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар:

1.Сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға жауапты бөлімшелерді немесе лауазымды адамдарды айқындау;

2.Мекеменің құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығы;

  1. Мекеменің адал жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар мен рәсімдерді әзірлеу және практикаға енгізу;

4.Мекеме қызметкерлерінің әдеп және қызметтік мінез-құлық кодексін қабылдау;

  1. Мүдделер қақтығысының алдын алу және шешу;
  2. Бейресми есептілік жасауға және жалған құжаттарды пайдалануға жол бермеу.

 

 Панфилов аудан әкімдігінің «Пенжім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіннің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау

 

Пенжім ауылы                                                                    16.11.2023ж.

 Жұмыс тобының құрамы:

Карбаев Г. – Пенжім ауылдық округінің әкімі, жұмыс тобының төрағасы;

Омашбеков С. – Пенжім ауңылдық округі әкімінің орынбасары, жұмыс тобының мүшесі;

Туралыев С. – Пенжім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы жұмыс тобының мүшесі;

Иманпейсов Ж. - Пенжім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы жұмыс тобының мүшесі;

Асхадбекова Ф. - Пенжім ауылдық округі әкімі аппаратының бас  маманы жұмыс тобының хатшысы;

     Панфилов аудан әкімдігінің «Пенжім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіннің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылады.

2023 жылғы 08 қарашадан 22 қарашаға дейінгі кезеңде Панфилов аудан әкімдігінің «Пенжім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіннің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ағымдағы жылдың 22 қарашасында сағат 15-00- де Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауылы, Мухамади көшесі, 12 мекен жайы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өткізілді.

      Талқылау барысында ескертулер мен толықтырулар түскен жоқ.

Жұмыс тобының төрағасы Карбаев Г.

Пенжім ауылдық округінің әкімі.

Жұмыс тобының мүшесі Омашбеков С.

Пенжім ауңылдық округі әкімінің орынбасары.

Жұмыс тобының мүшесі Туралыев С.

Пенжім ауылдық округі әкімі аппаратының бас  маманы

Жұмыс тобының мүшесі Иманпейсов Ж.

Пенжім ауылдық округі әкімі аппаратының бас  маманы

Жұмыс тобының хатшысы Асхадбекова Ф.

Пенжім ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші  маманы.

Пенжім ауылдық округі бойынша әйелдер кеңесінің төрайымы  Сламжанова С.

Пенжім ауылдық округі бойынша  қоғамдастық төрағасы   Табылдиев К.

Дата публикации
06 декабря 2023