Сарыбел ауылдық округі бойынша 2022 жылдың бірінші екінші, үшінші, төртінші тоқсандарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама
Сарыбел ауылы 04 Желтоқсан 2023 жыл
І. Кіріспе бөлімі
Сарыбел ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 10 қарашадағы №59 өкім негізінде 2023 жылдың 20 қараша мен 04 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сарыбел ауылдық округ әкімі аппараты өз қызметін мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 311 қаулысы негізінде жүзеге асырылады»
Қазақстан Республикасының «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізіледі.
Округтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Сарыбел ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
ІІ. САРЫБЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
1) Панфилов ауданының «Сарыбел ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 311 қаулысы негізінде жүзеге асырылады».
«Сарыбел ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі 2022 жылдың қаңтар - желтоқсан айлары (бірінші,екінші, үшінші, төртінші тоқсанда) қабылданған ауылдық округ әкімнің актілерінің саны-115. Оның ішінде - 86 өкім, шешім - 29. Өкім негізгі қызмет -39, жеке құрамы-24, іс-сапар бойынша - 23. Округ әкіміне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.
ІІІ. МЕКЕМЕНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ - БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
1) Округ әкімі аппаратында штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 8 бірлікті құрайды. Бос штат жоқ. Құрам бойынша мемлекеттік қызметшілер: Оның ішінде 4 ер адам, 4 әйел адам. 2022 жылдың бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсанда еңбек демалысына 8 қызметкер жіберілді.
Округте тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-ана бөлек аға –інілері мен апа-қарындас –сіңіллері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп - жұбайының (зайыбының) аға інілері, апа қарындас- сіңілілері, ата-аналары мен балаларын қызметке алу фактілері анықталмады.
Есептік кезеңде Сарыбел ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының бұзылуын болдырмау және одан әрі алдын алу үшін қажетті бақылау шараларын қабылдау және мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен семинар өткізу.
Мүдделер қақтығысын реттеу
Сарыбел ауылдық округінің әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Ұсынылады: Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу.
Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2) МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Округте мына төмендегідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
Ұсынылады: Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету жолдарын және көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу қаупін жою механизмдерін қарастыру. Мемлекеттік қызметтің жауапты қызметкерлерімен қолданыстағы Қағидалары талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44- бабының 3- тармағының 1) тармақшасына сәйкес: «Сарыбел ауылдық оругі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Бершимбеков Ерболат Курмангалиевич өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 2022 жылдың 26 қазан айында ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44- бабының 3- тармағының 1) тармақшасына сәйкес: «Сарыбел ауылдық оругі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Жамбулбаева Камила Султановна өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 2022 жылдың 01 қарашада ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Округ әкімі аппаратында бақылау-қадағалау функциялары жоқ
VІ. ОКРУГ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ
ҚЫЗМЕТІНЕН ТУЫНДАЙТЫН ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША
2022 жылдың қаңтар- желтоқсанға (бірінші, екінші, үшінші, төртінші) округ әкімі аппаратына 20 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің барлығы жеке тұлғалардан. Заңды тұлғалардан түскен жоқ. Оның қанағаттандырылғаны 25, 5-не түсіндірме жұмыстары жүргізіліді.
Округ әкіміне ауызша 24 өтініш түсті, қанағаттандырылғаны 8, 16 түсіндірілді. Округ әкімінің орынбасарына 6 ауызша өтініш, қанағаттандырылғаны 2, 4 - түсіндірілді.
Ұсынылады: Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялығының деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау және осы салаға жауапты қызметкерлерді мемлекеттік сатып алу саласындағы оқу семинарларына жіберу.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар тіркелген жоқ.
Округ әкімі апаратының қызметкерлері Қазақстан Республикасының, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметкерлер табыстар туралы (декларация) мәліметі толық өткізілді.
Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс-шаралар бойынша ақпарат аудан әкімі аппаратының заң, мемлекеттік құқықтық бөліміне ұсынылады.
Сарыбел ауылдық округі әкімі аппаратының бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақталуда. Бюджет қаражатының уақытылы және толық игерілуі бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сарыбел ауылдық округі әкімі аппаратына бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электронды веб-порталда жарияланды. Осыған орай барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.
Сарыбел ауылдық округ әкімі апаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, жұмыс тобы ұсынады:
Өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындау процесінде әрбір мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген электрондық жүйені өзінің жұмыс компьютеріне орнатуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан «Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызмет көрсететін жауапты қызметкерлерімен қолданыстағы Мемлекеттік қызметтер қағидалаларының талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын одан әрі жүргізу.
«Е-Өтініш» электрондық жүйесінің түсіндіру жұмыстарын жүргізу, «Әкімшілік рәсімдік – процестік кодекс» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау.
Округ әкімі Ж.Болатов
Жұмыс тобының мүшелері:
Е.Шаймердинов
А.Махмудова
Г.Қияшидин
Н.Турдығазы
Н.Имангалиев
С.Бейсенбиев