Панфилов ауданының «Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылдың I,II, III, IV -тоқсанына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама
Әулиеағаш ауылы 21 қараша 2023 жыл
Кіріспе бөлім
Панфилов ауданы Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің 2023 жылдың 26 қазандағы Панфилов ауданының «Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі аппарат) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы №44 ө-н/қ өкімі негізінде, округтегі ішкі талдау 2022 жылдың 1 қаңтарынан 30 желтоқсаны аралығындағы жұмыс кезеңін қамтиды.
Округ әкімі аппараты өз қызметін Панфилов ауданының «Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі №311-ші қаулысы негізінде жүзеге асырады.
Панфилов ауданының «Үлкенағаш ауылдык округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесі өз кызметiн Казакстан Республикасының Конституциясына жане заңдарына, Қазақстан Респyбликасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.
Үлкенағаш ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1.Үлкенағаш ауылдық округінде қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2.Үлкенағаш ауылдық округінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Округ әкімі аппараты өз қызметінде
Панфилов ауданының «Үлкенағаш ауылдык округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесі өз кызметiн Казакстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Респyбликасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
«Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 12 ай кезеңінде қабылданған нормативтік құқықтық актілер саны – 131. Оның ішінде 105 – өкім, 26 – шешім. Округ әкіміне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативті құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.
2.Округте ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Панфилов ауданы әкімінің қаулысына сәйкес округте штат саны –6 бірлікті құрайды.
Қазақстар Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес әкімшілік қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.
2)Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттырудың кезеңділігін сақтау
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерінде «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтеді.
Біліктілікті арттыру бойынша 2022 жылға мемлекеттік қызметшілер оқуға шақырту алмады.
Қазақстар Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
4)Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мәселелері
Үлкенағаш ауылдық округі әкімі аппаратының 2 мемлекеттік қызметшісі тәртіптік жазаға тартылды.
«Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:
Сонымен қатар «Egov» электронды порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында аппаратта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері ілінген тақта орналастырылған. Сенім телефоны 46-0-72 тұрақты жұмыс істейді.
Ішкі талдау барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мерзімдерді бұзу фактілері анықталмады.
4.Ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметтен туындайтын басқа да мәселелер
Ішкі талдау барысында «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзушылықтар анықталған жоқ.
2022 жылдың 01 қаңтарынан 30 желтоқсан аралығында округ әкіміне 17 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің барлығы жеке тұлғалардан. Оның 15-і қанағаттандырылды, 2-на түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2022 жылдың 01 қаңтарынан 30 желтоқсан аралығында округ әкімінің жеке қабылдауында 138 адам ауызша өтініш білдірсе, оның 122-і қанағаттандырылып, 16-на түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ұсыным:
Әр мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген тиісті міндеттерді орындау барысында әр қызметкерге бөлінген электронды жүйемен жұмыс жасау кезінде бір ғана компьютерде бірнеше электронды жүйенің орнатылуы киындық тудырады. Сол себепті мекемеде әр қызметкердің компьютерінде өзіне жүктелген электрондық жүйесін орнатуын ұсынамыз.
Қорытынды
1.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бұзылуына жол бермеу үшін қажетті бақылау шараларын қабылдау;
2.Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын қатаң сақтау;
Жұмыс тобының мүшелері
Курманов Алмас Ғалымұлы _______________________
Аманжолова Дарягүль Қожашқызы ______________________
Жиеналиева Шолпан Ертаевна ______________________