Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі бойынша 2022 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі бойынша                         2022 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

Жаркент қаласы                                                                        30 қазан 2023 жыл

Кіріспе бөлімі

         Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының            (бұдан әрі - бөлім) 2023 жылғы 16 қазанындағы №64-а н/қ  «Бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтар 31 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бөлімдегі ішкі талдау  2022 жылдың 12 ай жұмыс кезеңін қамтиды.

Бөлім өз қызметін 2022 жылға «Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі №310 қаулысы негізінде жүзеге асырады.

Бөлімнің миссиясы ережеге сәйкес Панфилов ауданының аумағында стратегиялық, экономикалық және қаржы саласында мемлекеттік басқарудың функцияларын іске асырады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы                     № 12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай, бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

  1. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 
  2. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 
  3. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Бөлім өз қызметінде басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі.);
  • Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы);
  • Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығы);
  • Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы.
  • Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы (2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасы Заңы);
  • Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-ІV Заңы.
  • Қазақстан Республикасы Қаржы  министрінің  2014 жылғы 04 желтоқсандағы  №540 Қаулысымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесі.
  •  
  1. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау 

    1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

 Панфилов ауданының мемлекеттік мекемелерін қайта құрудың кейбір мәселелері туралы 2021 жылдың 22 қараша айының №843 қаулысына сәйкес, «Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып бекітілді.

Панфилов ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес бөлімнің штат саны–10 бірлік, оның ішінде нақты саны –9 бірлік. 2022 жылдың жыл сайынғы еңбек демалысына 9 адам жіберілді.  Демалыстан   4 адам шақырылған. Демалыстан шақырылған мамандар жыл аяғына дейін қалған күндеріне демалыс алды.

 Бала күтіміне байланысты демалыстан 1 маман  2022 жылдың 1 наурыз айында жұмысқа шықты.1 маман жүктілікке және босануына байланысты 2022 жылдың 11 сәуірінен 15 тамыз аралығында 126 күнге демалысқа шықты.

2) Мүдделер қақтығысын реттеу

 Бөлімде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы                  18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерге шағым түскен жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету

 2022 жылдың ақпан-желтоқсан айларының аралығында 36 маманға 11026800 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 жылдың 7 желтоқсанындағы №395 қағидасының 100 АЕК көрсеткішке тең 306300 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде: 18 маман білім саласынан, 5 маман  денсаулық сақтау саласынан, 5 маман мәдениет саласы, 3 маман агроөнеркәсіп кешені, 1 маман әлеуметтік қамсыздандыру, 4 маман мемлекеттік қызметші. Бюджеттік несиеге тұрғын үй алған 19 маманға бюджеттік несие берілді, 1500 АЕК көрсеткішке тең 4 594 500 теңге мөлшерінде бюджеттік несие төленді. Оның ішінде 9 маман білім саласынан,             2 маман денсаулық сақтау саласынан, 3 маман мәдениет саласынан, 2 маман агроөенркәсіп саласынан, 1 маман әлеуметтік қамсыздандыру, 2 маман мемлекеттік қызметші.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тәртіптік жазаға тартылған мамандар жоқ. 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

         3)Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырмайды.

          4)Бөлім бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

              5)Ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелер

6.1 2021 жылдың 01 шілдесінен "Әкімшілік Рәсімдік-Процестік "кодексінің талаптарын бұзу фактілерін талдау барысында анықталмады.

Қорытынды

-Бөлім  қызметінің  мәселелерін реттейтін құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау;

-Заңнама нормаларына қатаң сәйкестікте көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша шешімдер қабылдау;

 

 

 

 

 

 

 Жұмыс тобының мүшелері

Бакирбаева Гүлназира Салимбайевна                         ______________________

Байдилдаева Зухра Нұрлыбековна                             ______________________

Мырзаева Жанар Ботаевна                                           ______________________

 

 

 

 

 

Жазылбекова Бағира Нұрсадыққызы                           ______________________

 

 

 

 Панфилов ауданының экономика

және қаржы бөлімінің басшысы                                                С. Рамазанова      

 

    

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 ноября 2023