Үлкеншыған ауылдық округі бойынша 2022 жылдың бірінші екінші, үшінші, төртінші тоқсандарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

Үлкеншыған ауылдық округі бойынша 2022 жылдың бірінші екінші, үшінші, төртінші тоқсандарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау және талдамалық  анықтама

 Үлкеншыған ауылы                                            10  қараша 2023 жыл

                                               Кіріспе бөлімі

                                           

             Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 23 қазандағы     №59   өкім негізінде 2023 жылдың 23   қазанынан 01 қарашасы аралығында  сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

            Үлкеншыған ауылдық округ әкімі аппараты өз қызметін мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы  «Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15  шілдедегі № 311 қаулысы  негізінде жүзеге асырылады»

          Қазақстан  Республикасының «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізіледі.

         Округтің сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау мынандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

        Үлкеншыған ауылдық округі әкімі аппаратының  қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық  актілерде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдасдастырушылық қызметіндегі сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Үлкеншыған ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

           Панфилов ауданының  «Үлкеншыған ауылдық округ әкімінің  аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің   актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15  шілдедегі № 311 қаулысы  негізінде жүзеге асырылады».

        «Үлкеншыған ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  әкімі 2022 жылдың  қаңтар - желтоқсан айлары (бірінші,екінші, үшінші, төртінші тоқсанда) қабылданған ауылдық  округ әкімнің актілерінің саны-118. Оның ішінде -  63 өкім, шешім - 55. Өкім негізгі қызмет -48,  жеке құрамы-41, іс-сапар бойынша - 22. Округ әкіміне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік  құқықтық актілерге заң қадағалаушы  органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.

         Мекеменің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1) Округ әкімі аппаратында штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің  жалпы саны 10 бірлікті құрайды. Бос штат 1.  Ұлттық  құрам  бойынша  мемлекеттік  қызметшілер: 8 қазақ   ұлтының  және 2 ұйғыр ұлтының  өкілдері. Оның ішінде  4 ер адам, 5 әйел адам. Округ әкімі аппаратының жетекші маманы «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан  Республикасы Заңы 30- бабының 1 тармағына сәйкес 2022 жылдың 12  шілдесінен бастап қабылданып, басқа мемлекеттік  лауазымға орналасыуына  байланысты 2022 жылдың 03 қазанынан босатылды.

       2022 жылдың бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсанда  еңбек демалысына 8   қызметкер жіберілді.

     Округте тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-ана бөлек  аға –інілері мен апа-қарындас –сіңіллері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп - жұбайының (зайыбының) аға інілері, апа қарындас- сіңілілері, ата-аналары мен  балаларын  қызметке алу  фактілері анықталмады.

      Есептік  кезеңде Үлкеншыған ауылдық  округі әкімі  аппараты тарапынан  сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

      Жоғарыда баяндалғандар негізінде  жұмыс тобы округ әкімдігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері  анықталмады деген шешімге келді.

Мүдделер қақтығысын реттеу

       Үлкеншыған  ауылдық  округінің әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V   ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету

            Округте мына  төмендегідей мемлекеттік қызметтер  көрсетіледі:

  1. "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша - 2.
  2. "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету – 5.
  3. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету – 90.
    4  "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету- 2.

           «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44- бабының 3- тармағының 1) тармақшасына сәйкес: «Үлкеншыған ауылдық оругі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  бас маманы Айнур Толеухановна Жакыпова өзіне  жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 2022 жылдың 29 наурыз айында ескерту түріндегі  тәртіптік  жаза қолданылды.

         «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44- бабының 3- тармағының 1) тармақшасына сәйкес: «Үлкеншыған ауылдық оругі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  бас маманы Гульбакира  Тагаеваға өзіне  жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін  2022 жылдың 30 қарашада ескерту түріндегі  тәртіптік  жаза қолданылды.

        2022 жылдың  қаңтар- желтоқсанға (бірінші, екінші, үшінші, төртінші) округ әкімі аппаратына 50 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің барлығы жеке  тұлғалардан. Заңды тұлғалардан түскен жоқ.   Оның қанағаттандырылғаны 50,  10-не түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 40 өтініш ауданға жолданды.

       Округ әкіміне ауызша   20    өтініш түсті, қанағаттандырылғаны  7, 13 түсіндірілді. Округ әкімінің  орынбасарына 6 ауызша  өтініш, қанағаттандырылғаны  2, 4 -   түсіндірілді.

       Көрсетілетін  мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар  тіркелген жоқ.

Округ әкімі аппаратында бақылау-қадағалау функциялары жоқ;

         Округ  әкімі апаратының  қызметкерлері Қазақстан республикасыны, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес  мемлекеттік қызметкерлер табыстар туралы (декларация) мәліметі толық өткізіледі.

Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс-шаралар  бойынша ақпарат аудан әкімі аппаратының заң, мемлекеттік құқықтық бөліміне ұсынылады.

      Үлкеншыған ауылдық округі әкімі аппаратының бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың   ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі.

     Мемлекеттік  сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақталуда. Бюджет қаражатының уақытылы және  толық  игерілуі бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2022 жылдың қаржы есебі   атап айтқанда:

       Еңбек  ақыға 30011,8 мың теңге, әлеуметтік салық 1939,0 әлеуметтік аударымдар 943,5 мың тенге, медициналық сақтандыру қорына 225,1мың теңге, жанар-жағар май сатып алуға 591 мың теңге, шаруашылық заттар мен  концелярлық заттар 837,1 өзге де қызметтер мен жұмыстарға ,837,1 мың теңге, коммуналдық қызметтерге  348,0 мың теңге,  телефонмен интернет желісіне 570,0 мың теңге жұмсалды.

        Үлкеншыған ауылдық округі әкімі аппаратына бөлінген  бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі  ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электронды веб-порталда жарияланды. Осыған орай барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген  жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

       2022 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында  мемлекеттік сатып алу  туралы  барлығы 31  шарт жасалды.

       Бір көзден  алу тәсілімен 30 шарт. Баға  ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы шарт жоқ.

       Ашық конкурс  арқылы 1 келісім шарт жасалды.

       Өткізілетін  мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық  құжаттамалар, сатып алуды  жүзеге асыру туралы  хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсілімен мемлекеттік  сатып алу қорытындылары  туралы хаттамалар  Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.

                                         Қорытынды

          Үлкеншыған  ауылдық округ әкімі апаратының қызметін қозғайтын нормативтік  құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

                          Округ әкімі                                   Г.Сулейманова                                                       

 Жұмыс тобының мүшелері:

 Р.Баратова

 Г.Сулейманова

 Г.Тагаева

 Л.Бабаханова

 М. Нурмухамедова      

                                

Дата публикации
15 ноября 2023