«Панфилов ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23мамырындағы № 219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Панфилов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын айқындау және бекіту туралы» көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 - тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының 1тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының 1қосымшаларына сәйкес Панфилов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2тармағы жаңа редакцияда жазылсын;
«2. Осы қаулының 2 қосымшаларына сәйкес Панфилов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің маршруттары айқындалсын және бекітілсін»;
көрсетілген қаулының 3 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.»
көрсетілген қаулының 4 жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Керімбековқа жүктелсін».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |