Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 жылдың қаңтар-маусым айларындағы қорытындылары туралы АҚПАРАТ

Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2023 жылдың қаңтар-маусым айларындағы қорытындылары туралы

АҚПАРАТ

Аудан халқының саны 2023 жылдың 1 шілдесіне 134,0 мың адам немесе облыс халқының 19,2%-н құрайды (Жетісу облысы – 699,3 мың адам), 2022 жылдың 1 маусымымен салыстырғанда 209 адамға көбейді (133,8 мың адам).

Ауданның әкімшілік бөлінісі: 1 қала, 13 ауылдық округтер, 41 ауылдық елді мекендер.

Өнеркәсіп саласында өнім өндіру көлемі 16,8 млрд.теңгені құрады және 2022 жылдың 6 айына қарағанда 25,1 пайызға артық болды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 13,5 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 2,8 пайызға артты.

Мал шаруашылығында ет 4,0 пайызға (7,3 мың тонна), сүт 1,3 пайызға (23,0 мың тонна) артық өндірілсе, жұмыртқа өнідру 1,1 пайызға (3,9 млн.тал), жүн 0,3 пайызға (832 тонна) кеміген.

Мал басының саны ірі қара 6,4 пайызға, қой мен ешкі 2,8 пайызға, жылқы 13,6 пайызға, түйе 48,1 пайызға көбейді. Ал, құстың саны 46216 басқа кеміп отыр (2022 жыл - 88673 бас, 2023 жыл – 42457 бас).

Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 13,5 млрд.теңгені құрап, 132,7 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 9,8 млрд. теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңіне 4 есеге артық орындалды.

36,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 53,5%-ға жоғары (2022 ж. – 23,9 мың шаршы метр).

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында ауданда субъектілердің саны 12093-ке жетіп, 2022 жылғы мерзімге қарағанда 25,7 пайызға артты. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 3,7 млрд.теңге салық төлемдері түсіп, 2,1 млрд.теңгеге артық болды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 31,2%-ға ұлғайып, 10,7 млрд. теңгені құрады.

Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 79,4 млрд.теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджетке 73,2 млрд. теңге түсті (жоспарға – 97,5%). Жергілікті бюджетке 6,2 млрд. теңге түсті немесе жоспарға 118,5%, одан аудандық бюджетке 3,4 млрд.теңге түсті немесе жоспарға 128,1%.

  1. Орташа айлық еңбекақы 2023 жылдың I-тоқсанына 244,7 мың теңгені құрады (облыстың орташа көрсеткіші – 246,2 мың теңге).

Білім саласында ауданда 45 орта, 1 негізгі, 4 бастауыш мектеп бар. Оның ішінде Жаркент қаласында 75 орынды №6 орта мектеп-интернаты, 50 орынды Көктал-Арасан орта мектеп-интернаты жұмыс істейді. Жалпы оқушылар саны – 26975.

Ауданда 86 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, олардың 12-і мемлекеттік балабақшалар, 49-ы жеке меншік, 17-і шағын орталық (тамақпен), 8-і қысқа мерзімді топтар (3 сағаттық) Балабақшаларда-7321, оның ішінде мемлекеттік балабақшаларда -1450, ал жекеменшік балабақшаларда -4938 шағын орталықтарда-933 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі мекемелермен қамту - 99, 6 пайызды құрайды.

Денсаулық сақтау

Аудан тұрғындарына медициналық қызметті 1 ауданаралық көпсалалы аурухана, 2 ауылдық емхана, 16 дәрігерлік амбулаториялар, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және медициналық пункттер көрсетеді.

Қоғамдық тәртіпті сақтау саласында 2023 жылдың 6 айында 159 қылмыс тіркелді, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 40,7%-ға (109 қылмысқа) азайды. Аудан аумағындағы жолдарда орын алған жол-көлік оқиғаларының саны – 15 (2022 жылғы 6 ай - 10), онда қайтыс болғандар саны – 8 адам (2022 жылғы 6 ай – 3) құрады. Қылмысты ашу көрсеткіші 87,8% құрады (2022 жылғы 6 ай – 89,5%).

Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Көрсеткіштер

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл қаңтар-маусым айы

Өнеркәсіп

Өнім көлемі, млн.теңге

14265,1

18479,6

22149,6

27768,0

16854,0

НКИ, өткен жылға %-бен

104,1

159,4

101,6

114,0

125,1

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызмет) көлемі

Өнім көлемі, млн.теңге

45775,8

51246,5

57570,8

70724,1

13486,6

НКИ, өткен жылға %-бен

103,1

103,4

102,0

103,0

102,8

Құрылыс

Өнім көлемі, млн.теңге

13590,2

13557,0

15123,6

20751,4

9848,1

НКИ, өткен жылға %-бен

42,7

100,4

124,8

129,3

4 есе

Тұрғын үй

Тұрғын үйді қолданысқа беру, мың шаршы метр

24,2

22,1

37,7

61,9

36,7

НКИ, өткен жылға %-бен

126,7

91,1

170,9

164,3

153,5

Сауда

Сауда және қызмет, млн.теңге

14623,9

13500,8

14503,0

19904,4

10722,3

НКИ, өткен жылға %-бен

107,5

86,3

100,0

117,8

131,2

Негізгі капиталға инвестициялар

Көлемі, млн.теңге

41082,0

26110,5

29412,4

29639,9

13473,3

НКИ, өткен жылға %-бен

65,6

63,4

107,9

97,0

132,7

Басқа көрсеткіштер

Орташа айлық еңбекақы, теңге

124 833

155 629

190 466

225 251

244 747

Жұмыссыздық деңгейі, %

4,8

5,0

4,8

5,6

5,6

Панфилов ауданының бюджеті

млн. теңге

Атауы

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2023 жыл қаңтар-маусым айы

Барлығы кірістер:

18 946,3

25 753,3

9 321,7

12 823,3

14 083,5

5 532,6

Оның ішінде:

Меншіктік кірістер

3 015,1

5 860,7

3 780,1

3 818,8

4 892,9

3 414,1

Трансферттер түсімдері

15 840,6

18 267,9

11 699,1

12 484,3

6 654,9

2 678,1

Оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер

8 205,7

10 977,0

2 685,4

3 648,3

108,0

19,0

нысаналы даму трансферттері

1 867,7

1 458,5

3 187,2

3 186,2

2 895,2

1 124,9

субвенциялар

5 767,2

5 832,4

5 826,5

5 649,8

3 651,7

1 534,1

Кредиттер

74,2

2 253,5

114,7

1 198,6

1 366,2

0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

30,2

32,1

36,4

44,0

46,6

26,6

Пайдаланылатын бос қалдықтар

-13,8

-554,4

-1,9

-440,4

1 122,9

-586,2

Кері трансферттер

-

-106,6

-6 306,7

-4 282,0

-

-

Барлығы шығындар:

18 946,3

25 753,3

9 321,7

12 823,3

14 083,5

5 532,6

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер

578,9

1 006,8

983,0

1 241,9

1 445,9

594,6

Білім беру

10 996,6

16 557,7

-

-

-

-

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

3 490,3

2 497,1

2 743,2

3 809,8

3 331,2

2 011,8

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

2 319,5

2 867,8

3 572,2

4 355,6

5 129,3

1 239,8

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

320,4

676,7

509,4

652,7

847,8

376,1

Көлiк және коммуникация

596,4

1 079,3

425,2

1 964,0

1 046,3

512,9

Басқалар

644,2

1 067,9

1 088,7

799,3

2 283,0

797,4

 

Дата публикации
26 октября 2023