Мәдениет туралы ақпарат

                                               Мәдениет туралы ақпарат

     Мәдениет – халықтың ең үлкен қазынасы, ұлттың рухани болмысы, салт-дәстүрлерінің  сан ғасырлық жиынтығы. Ұлттық  құндылықтарымыздың бастауы - мәдениетімізде. Мәдениет – ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші – зиялы қауым. Себебі, әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен аттасып жатыр. Біз қоныс тепкен жазиралы Жаркент жері талай тарихтың күәсі болған, атадан қалған мәдениетті сарқытындай сақтаған киелі мекен.

           Ауданымыздың елді мекендерінде мемлекеттік жүйеге қарасты бүгінде 28 мәдениет үйлері мен клубтар жұмыс істейді. Атап айтқанда, 1 аудандық, 21 ауылдық мәдениет үйлері мен 6 ауылдық клуб  халыққа мәдени қызмет көрсетіп келеді. 

  Қазір біздің аудан бойынша  мемлекеттік жүйеге қарасты  1 аудандық, 1 қалалық, 21 ауылдық мәдениет үйі мен 6 ауылдық клуб, яғни, барлығы  29 мәдениет үйі мен клубтар бар. Сондай-ақ, 1 аудандық, 1 қалалық  және 24 ауылдық кітапхана халыққа қызмет етеді.  Сонымен қатар  Дәнеш Рақышев атындағы халық театры, «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейі, Әбілхан Қастеевтің көркемсурет галереясы және «Жауынгерлік даңқ» мұражайы мәдени-ағартушылық қызмет көрсетуде. «Халықтық» атағы бар  «Жаркент әуендері»,  «Пәрваз», «Айжанқыз» және «Сарвиназ» ән-би ансамбльдері жұмыс істейді.

         «Халықтық» атағы бар өнер ұжымдары өздерінің жасалынған жоспарына сәйкес мәдени қызмет көрсетуде. Олар аудан көлемінде ұйымдастырылып жатқан шараларға белсене ат салысып, өз өнерлерін көрсетіп келеді. Сондай-ақ «Жаркент әуендері» халықтық, үлгілі ән-би ансамблі мен  аудандық дәстүрлі әншілер   көрермен алдында өз өнерлерін көрсетіп,  халықтың ықыласына бөленуде.

         Аудан көлемінде айтулы мерекелерге орай жоспарға сәйкес шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде.  "1-наурыз - Алғыс айту" күніне арналған  "Алғыс айту - парызым" атты салтанатты жиын. "8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай  "Бәрі де Сіздер үшін, арулар" атты мерекелік концерт, "Широкая, веселая масленица" атты славян ұлтының мерекесіне арналған іс-шара,  орталық алаңда «Наурыз» мерекесінеорай  «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» және 1 мамыр Қазақстан халықтарының Бірлігі күні мерекесіне арналған «Береке бастауы бірлік» атты мерекелік шара,  1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты баламыз» атты бүлдіршіндерге арналған мерекелік концерт, Астана күні мерекесіне орай «Асқақта, айбынды елдің Астанасы» атты мерекелік концерттер қойылды.        

         Сонымен қатар Жетісу облысының мәдениет күндері қарсаңында ауданымызда ауқымды «Жұмақ өлке – Жетісу» атты облыстық байқау ұйымдастырылды.

 

Дата публикации
24 октября 2023