Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі бойынша ақпарат
Жоспарға сәйкес ауданда 2023 жылдың 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы бойынша 6 пікір жарияланып, желілік кесте әзірленді.14 қала және ауылдық округтерге көшпелі семинар өткізу жоспарланды.
Жоспарға сәйкес ауданда әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды жүзеге асыру барысында мемлекеттік тілге қатысты-1 дебат, дінге қатысты 2 семинар, 17 OpenAir, 5 мешітте кездесу, «Мемлекеттік Рәміздер-мақтанышым» атты аудандық сурет байқауы, «Рәміздер-Тәуелсіздік символы» атты жастар флешмобы өткізілді.
dyshi_zharkent", "vjarkente", "kris_p_jarkent", "jaziraly_jarkent", Жаркенттіктер, Zharkent_live, "vjarkente" парақшаларынан 97 теріс пікірлер анықталып, барлық теріс жарияланымдарға 100% жауап берілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында-2 ЛОТ бойынша конкурс толық аяқталып, келісім-шарттар жасалды.
Мәдениет саласында 2023 жылдың 3 тоқсанында мәдени-көпшілік шаралардан 20 шара өткізілді. Жоспардан тыс 5 шара ұйымдастырылды. Жетісу облысының аудандары мен қалаларының мәдениет күніне орай аудан деңгейінде «Жұмақ өлке - Жетісу» атты ауқымды іс-шара өткізілді. Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ кітапханаларда 29 мәдени шара, 13 көрме ұйымдастырылды. «Оқитын Ұлт» жобасы, «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында мәдени танымдық шаралар жүзеге асты.
Аудандағы 4 мәдениет нысанына ағымдағы жөндеу, Головацкий ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аптасына үш рет қадағалау жұмыстары жасалып, тексеріледі. Сонымен қатар, Лесновка ауылдық мәдениет үйінің материалдық базасы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жаңартылып, талапқа сай жиһаздар алынды.
Спорт саласында 2023 жылдың 3 тоқсанына жоспар бойынша 14 шара өткізілді. Волейболдан ерлер мен әйелдер арасындағы аудан чемпинаттары, «Спорт күні» кәсіби мерекесіне жарыстар ұйымдастырылды, ұлттық спорт түрлерімен ұлттық ат спорты түрлерінен аудандық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Сонымен қатар аудан құрама командасы волейбол, баскетбол, футболдан және спартакиадаларға қатысып, облыстық жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп қайтты.
Аудан көлемінде спорт саласында 3 дөңгелек үстел, 2 шеберлік сағаты, кездесулер ұйымдастырылып отырады.
Аудандағы 2 дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің құрылыс салынып, тұрғындарға пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің қолдауымен қазіргі заман талабына сай 2 жаттығу залының құрылысы аяқталып, аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде. 2023 жылдың желтоқсан айында жеке кәсіпкердің қолдауымен спорт кешені іске қосылады деп отыр. Аудандағы спорттық нысандарға тұрақты қадағалау жүргізіліп, күрделі жөндеуді қажет етеін нысандарға ұсыныс беріліп отырады.
Ауданда спорт саласы бойынша 2 мелекеттік қызмет ИИС ЦОН АРМГО арқылы көрсетіледі.