2023-2025 жылдарға арналған бекітілген Панфилов аудандық бюджеті

         Жаркент қаласы                                                                                                                                                                                                            

Панфилов ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 10 801 963 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 2 946 545 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 87 835 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1 150 950 мың теңге;

трансферттер түсімі 6 616 633 мың теңге;

2) шығындар 10 801 963 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 86 732 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 133 375 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 46 643 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 86 732 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                 86 732 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 133 375 мың теңге;

қарыздарды өтеу 46 643 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.

  1. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте Жаркент қаласының бюджетінен аудандық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемдері 339 308 мың теңге сомасында көзделсін.
  2. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері 419 750 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Айдарлы ауылдық округіне 30 239 мың теңге;

Басқұншы ауылдық округіне 33 970 мың теңге;

Бірлік ауылдық округіне 62 209 мың теңге;

Жаскент ауылдық округіне 28 740 мың теңге;

Көктал ауылдық округіне 10 636 мың теңге;

Қоңырөлең ауылдық округіне 34 329 мың теңге;

Пенжім ауылдық округіне 5 789 мың теңге;

Сарыбел ауылдық округіне 40 986 мың теңге;

Талды ауылдық округіне 38 763 мың теңге;

Үлкенағаш ауылдық округіне 34 753 мың теңге;

Үлкеншыған ауылдық округіне 21 512 мың теңге;

Үшарал ауылдық округіне 50 891 мың теңге;

Шолақай ауылдық округіне 26 933 мың теңге.

Көрсетілген бюджеттік субвенцияларды ауылдық округтердің бюджеттеріне бағыттар бойынша бөлу Панфилов ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтердің бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

мемлекеттік органның күрделі шығыстарына;

елді мекендердегі көшелердi жарықтандыруға;

елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз етуге.

Көрсетілген трансферттерді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтердің бюджеттеріне бөлу Панфилов ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. Панфилов ауданы әкімдігінің 2023 жылға арналған резерві 96 824 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Панфилов аудандық мәслихатының хатшысы

 

 

Е. Шокпаров

 

 

 

Дата публикации
18 октября 2023