Панфилов аудынында кәсіпкерлікті ашу және жүргізу бойынша облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомстоваралық комиссиясының отырысына МӘЛІМЕТ

Панфилов аудынында кәсіпкерлікті ашу және жүргізу бойынша облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомстоваралық комиссиясының отырысына

МӘЛІМЕТ

Бүгінгі күнге аудан бойынша 12918 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның 12093 жұмыс істеп тұр, онда 17103 адам жұмыс істейді. Жалпы аудан бойынша 616 сауда нысаны, 233 қоғамдық тамақтану орындары, 3 базар, 19 жол бойындағы қызмет көрсету объектілері, 33 туристік нысан бар, 2 Арнайы экономикалық аймақ «Қорғас» шекарамаңы халықаралық ынтымақтастық орталығы және «Қорғас-Шығыс қақпасы» жұмыс жасауда.

- заңды тұлғалар – 788,

- жеке кәсіпкерлер – 5977,

- шаруа қожалықтары – 5328.

2023 жылдың 1 тоқсанында шағын және орта бизнес саласы бойынша бюджетке түскен салық көлемі – 1308,8 млн.теңге.

2022 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің шығарылған өнім көлемінің сомасы 114,3 млрд.теңгені құрады, 2021 жылы бұл көрсеткіш 112,6 млдр.теңгені құраған.

2023 жылы бұл көрсеткішті 115,1 млрд.теңгеге жеткізу, істейтін адам санын 19332 жеткізу жоспарланған.

Панфилов ауданында ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың кәсіпкерлікке барынша жағдай жасау мен қолдау көрсету мақсатында шағын және орта бизнеске әкімдігі тарапынан жан жақты көмек көрсетілуде былтырғы жылмен салыстырғанда (11500) жаңа 1418 кәсіпкерлік субъекті тіркелді, өсім 12% құрайды.

Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 400 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлеміндегі граттар барлығы 34,5 млн.теңгеге 25 адамға өз істерін жаңадан бастауға берілді.

Жыл басынан «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 1 транш бойынша 39 өтінім беріліп, 36 жоба мақұлданып 264,0 млн теңгеге несие берілді, 2 транш бойынша 44 өтінім беріліп бүгінгі күнге конкурстық комиссия қарауында.

«Кәсіпкерлікті қолдау Ұлттық жобасы»  бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағыты бойынша Панфилов ауданынан 12 жоба мақұлданып мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 млрд.теңгені құрады.

«Кәсіпкерлікті қолдау Ұлттық жобасы»  бағдарламасы аясында кепілзатты мемлекетт тарапынан қосымша кепілдендіру механизмі бойынша 21 жоба мақұлданып 292,2 млн.тг көлемінде мемлекеттік қолдау берілді.

Панфилов ауданы Қытай мемлекетімен шекаралс жерде орналасқандықтан ауданда сауда-саттық, туризм және жүк тасымалдау бағыттарындағы кәсіпкерлік түрлері жақсы дамыған.

Ауданымызда «Қорғас» Шекарамаңы халықаралық ынтымақтастық орталығы арнайы экономикалық аймағы, Ковид-19 карантиндік шектеулерге байланысты жұмысын 2019 жылдан бастап тоқтатып, жұмысын биылғы жылдың 24 сәуір айынан қайта бастады.

Туристерге көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту, сыбайлас жемқорлық фактілерін жою мақсатында,  Орталықтың жұмыс барлық бағыттарда цифрландырылып, келушілерді қабылдау сапасының деңгейін арттыру жұмыстары жүргізілді. Автокөлік құралдарының жаппай жиналуын болдырмау үшін автоматтандырылған тұрақ жүйесі енгізілді,электрондық билеттеу жүйесі енгізілді, орталық аумағында қылмысты төмендету мақсатында бейне камералары орнатылды, ұйымдастырылған туристік топтарға қосымша «жасыл дәліз» енгізілді, орталық аумағынының Қытай жағында жүктерді қабылдау пункттері іске қосылды, орталықтың шығу жағында жүкті алу терминалы іске қосылды.

         Бүгінгі күнге Орталықта 1000 адамнан астам аудан тұрғындары жұмыс істейді.

        

         Жетісу облысының туризм басқармасының қолдауымен 2023 жылы Панфилов ауданында туристік объектілерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында: Жаркент қаласында орналасқан тарихи архитектуралық ескерткіш-мұражай «Жаркент мешітіне» фотоспот, стенд, қоқыс жәшіктері орнатылды. Ауданымызда орналасқан 7 ғасырлық тарихы бар «Киелі ағаш» саябағына туристерге арналған самалжай, сәкілер (лавочка), стенд, қоқыс жәшіктері орнаатылды. Сонымен қатар бұл объектілерге баратын жол сілтемелер аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар автожолдар бойына орнатылды.

         Ауданымызда емдік қасеті бар «Найзатапқан» шипалы бұлақтарға бару үшін де 4 жол сілтемесі орнатылды.

         2024 жылы ауданымыздағы туристік объектілерге аббатандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

 

 

Дата публикации
18 октября 2023