"Панфилов ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің талдамалық анықтамасы

"Панфилов ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі"

мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің талдамалық анықтамасы

         "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды орындау мақсатында және «Панфилов ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ басшысының 2023 жылғы «_18___»___01___№ 2 бұйрығына сәйкес «Панфилов ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай - Бөлім) 2023  жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін ішкі талдау жүргізілді.

Талданатын кезең: 2023 жыл.

         «Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша.

Жүргізіліп болған талдау нәтижелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін сонымен қатар нормативтік құқықтық актілерді ерікті түрде түсіндіру мүмкіндігін туғызатын құқықтық олқылықтарды іске асыру кезінде кедергілерді жасауға ықпал ететін, өз қалауы бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының шешім қабылдауына ықпал туғызатын ережелер анықталмады. 2023 жылы Бөлімде басшының негізгі қызмет, жеке құрам, ұйымдастыру-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша бұйрықтары Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңдарына, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына сәйкес келеді.

Бөлімнің ұйымдық-басқару қызметіне ішкі талдау келесі тізім бойынша жүргізілді:

1) персоналды басқару бойынша;

2) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша;

3) мүдделер қақтығысын реттеу бойынша;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы бойынша;

5) қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау бойынша;

6) рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша;

7) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша;

8) бақылау функцияларын іске асыру бойынша;

9) Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

 Персоналды басқару бойынша.

2023 жылдың талдауы туралы Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Еңбек кодексін, Бөлімнің ережесін, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы",  Заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Бөлімнің штаттық саны 4 бірлікті құрайды. Оның ішінде бөлім басшысы, 2 бас маман және жетекші маман.

 Бөлімде мүдделер қақтығысын реттеу немесе реттелмеген мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ..

 Мемлекеттік қызмет көрсету.

Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша міндеттер Бөлім мамандарына жүктелген. Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес Бөлім мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді. 2023 жылы барлығы 864 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру - Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы – 563 қызмет көрсетілді;

- Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну - Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы – 211 қызмет көрсетілді;

- Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру - МО, «электрондық үкіметтің» веб-порталы - 0.

- «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» - «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы – 90 қызмет көрсетілді.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің талаптарына сай жүзеге асады.

 Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы.

2023 жылы жеке және заңды тұлғалардан 36 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 30 мәлімдеме 30, ұсыныс 2, хабарлау 3, басқа 1 келіп түскен. Қайталама өтініштер түскен жоқ. "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қарау мерзімі мен тәртібі қатаң сақталған.

 5.Бақылау-қадағалау функциялары.

Бөлім рұқсат беру құжаттарының 2 түрін береді. «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» және «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру». Барлық рұқсат беру қағаздары қолданыстағы заңнамаларға сәйкес берілген. 2023 жылы заң бұзушылық анықталмады.

 Бөлім бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

 Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

2023 жылы бөлімде мемлекеттік 31 сатып алу өткізілді, оның ішінде: баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу - 6, баға тауарларын сұрату-8, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу – 1, Ашық конкурс-1, Рбс пайдалана отырып конкурс-15, бұзушылықсыз өткізілді.

 Қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау.

Бөлімнің лауазымды тұлғаларына қойылатын талаптар қатаң түрде сақталған. Бөлімдегі мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) танысқан. Азаматтар тарапынан Бөлім қызметкерлерінің әрекетіне арыз, шағым түспеген.

 Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Бөлімнің лауазымды тұлғалары туралы сыни мақалалар жарияланған жоқ. Бөлімнің лауазымды тұлғаларының әрекетіне сот арқылы шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы нақты ақпарат берілмеген.

 Қорытынды.

Бөлімнің лауазымды адамдары заңдылық қағидаттарын басшылыққа алады, өзінің іс-әрекеттерімен жоғары тұрған уәкілетті органның және тұтастай алғанда бүкіл мемлекеттік биліктің беделін арттырады, бөлімнің беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермейді, қоғамның Бөлімге, мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына оған деген сенімін сақтайды және нығайтады, жалпы берілген барлық нормаларды сақтайды, Сонымен қатар келіп түскен өтініштерін жоғарғы деңгейде орындайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болады. Деректерді талдау нәтижелері бойынша Бөлімде ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмен деп бағаланады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес «Панфилов ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жасалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары ғаламтор-ресурсқа орналастырылады.

 

 

Дата публикации
18 октября 2023