ЖОБА
Панфилов ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 181 бұйрығына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшері 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрбір тәулік үшін – айлық есептік көрсеткіштің 0,5 мөлшерінде бекітілсін.
- Панфилов аудандық мәслихатының 26 маусым 2023жылғы №8-5-87 «Панфилов ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №44-19 тіркелген)шешімінің күші жойылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.