Панфилов ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған Панфилов аудандары бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
Осы Панфилов ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар (бұдан әрі-жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы»,2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министірінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 28 сәуір 2017 жылы №15090 тіркелген), Қазақтан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 15 мамыр 2015 жылғы №11064 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді .
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем-шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар қамтиды:
1.Елді мекендерде құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскілерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік- аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемаларын(карталарын) 1 қосымшаға сәйкес.