Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2023 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындылары туралы
АҚПАРАТ
Аудан халқының саны 2023 жылдың 1 наурызына 133,8 мың адам немесе облыс халқының 19,1%-н құрайды (Жетісу облысы – 698,3 мың адам), 2023 жылдың басымен салыстырғанда 303 адамға көбейді (133,654 мың адам).
Ауданның әкімшілік бөлінісі: 1 қала, 13 ауылдық округтер, 41 ауылдық елді мекендер.
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2023 жылдың 3 айында 8,4 млрд. теңгені құрады (НКИ – 127,3%).
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі – 5,6 млрд. теңге (НКИ – 107,6%).
Есепті мерзімде 3,6 мың тонна ет өндірілді немесе 2022 жылғы мерзге 107,8% құрады, сүт 8,7 мың тонна (102,1%), жұмыртқа – 1652 мың дана (102,6%). Ірі қара малының саны 3,8%-ға көбейіп, 94,4 мың бас құрады, қой мен ешкі 6,8 (321,7 мың бас құрады), жылқы 3,6%-ға (20,7 мың бас), ал құс 3,9%-ға кеміген (70,3 мың бас).
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 4,1 млрд. теңге 2022 жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 8,2 есеге артты.
Құрылыс жұмыстарының көлемі – 600,5 млрд.теңге (НКИ – 172,8%).
9766 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, (НКИ – 105,2%).
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 26,6%-ға артып, 11,3 мың бірлікті құрады (`2023 жылдың 2 айының стат.мәләметтері).`
Салық және бюджет
2023 жылдың 1 сәуіріне бюджетке салық және міндетті төлемдер 40,3 млрд.теңге түсіп, бірінші тоқсанның болжамы 165,1%-ға орындалды, оның ішінде республикалық бюджет – 37,8 млрд.теңге (болжам 169,9%), жергілікті бюджет – 2,5 млрд. теңге (болжам 116,1%), адандық бюджет – 1,4 млрд.теңге (болжам 118,6%).
Білім
Ауданда білім беретін 45 орта, 1 негізгі және 4 бастауыш мектеп бар.Онда 26939 оқушы оқиды.
2023 жылдың 1 сәуіріне 60 бала бақша және 25 шағын орталықтар жұмыс істейді, мектепке дейінгі біліммен барлығы 7233 бала қамтылған.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту– 99,0%.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету орташа 1 компьютерге 3,9 оқушыдан келеді, ауылдық жерлерде 1 компьютерге 3,5 оқушы.
Денсаулық сақтау
Аудан тұрғындарына медициналық қызметті 1 ауданаралық көпсалалы аурухана, 2 ауылдық емхана, 16 дәрігерлік амбулаториялар, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және медициналық пункттер көрсетеді.
Қоғамдық қауіпсіздік
2023 жылдың қаңтар - наурыз айларында жалпы 76 қылмыс тіркеліп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 46,1%-ға азайған. Аудан аумағындағы жолдарда орын алған жол-көлік оқиғаларының саны – 9 (2022 жылдың 2 айы - 3), онда қайтыс болғандар саны – 6 адам (2022 жылдың 2 айы – 2).
Қылмысты ашу 93,7% құрады (2022 жылдың 3 айы – 94,8%).