«Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың  3 айында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есебі

 «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың  3 айында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есебі

 

  1. Жалпы ережелер.

 

  1. «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) Панфилов ауданының аумағында Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі саласындағы функцияларды орындауға уәкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметін мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру негізінде Қазақстан Ресупбликасының «Мемлекеттік көрсетлетін қызметтер туралы» туралы Заңы негізінде жұмыс атқарады.

Қызметті беруші туралы мәлімет: «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, почталық  мекен-жайы: 041300, Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Масанчи көшесі 23. байланыс тел. номері: 8(72831)5-50-68

 

2023 жылдың 3 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

 

Бөлім  бойынша - 14 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, көрсетілген қызметтер саны барлығы – 1501 оның ішінде;

  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 386 адам:
  • Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен заматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу куәлік беру - 1;
  • Ақталған адамға куәлік беру – 0;
  • Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу - 93;
  • Мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету - 280;
  • Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу - 23;
  • Естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу - 0;
  • Мүгедектерге кресло-арбалар беру – 24 адамға мүгедек арбасына құжаттар қабылданды;
  • Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету - 309 адам денсаулығына байланысты  шипажайларға демалуға құжаттары қабылданды;
  • Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу – 9;
  • Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу - 16;
  • Тұрғын үй көмегін тағайындау тағайындап төлеу-2;
  • Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу – 349;
  • Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған  шығындарды өтеу          - 9 адамға тағайындалды.                                  

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қолжеткізу көздері мен орындары: «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимаратында көрнекті ақпарат құралдары – Қағидалардың мәтіні ілінген стендттер орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

2023 жылдың 3 айында қөрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Ескертпе: есеп «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 5 және 6-баптарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағдаларын жетілдіру мақсатында ұсынылды.

 

 

Панфилов ауданының

жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар

   бөлімінің бөлім басшысы  Г.Кибраева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 апреля 2023