«Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың 5 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығындағы І, II, III, IV тоқсаны сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтамасы
Жаркент қаласы 25 ақпан 2023 жыл
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі 2022 жылдың 5 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығындағы кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында бөлімнің бас маманы А. Балғабекова жауапты адам ретінде бекітілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес ішкі талдау 2 бағыт бойынша жүргізілді:
1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бірінші бағыт бойынша.
2022 жылы бөлімнің қызметін қозғайтын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормативтік құқықтық актілер тіркелген жоқ.
Екінші бағыт бойынша:
1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызмет көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) бақылау функцияларын іске асыру;
6) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Жоғарыда аталған критерийлер бойынша ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметті зерттеу кезінде ішкі талдау мыналарды көрсетті.
Бөлім өз құзыреті шегінде кәсіпкерлік саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
"Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі" ММ-де штаттық кестеге сәйкес 3 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, оның ішінде:
1) бөлім басшысы-1 (мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 7 жыл 8 ай, оның ішінде бөлімде 3 жыл );
5) бас маман – 2 (1 - мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 17 жыл, оның ішінде бөлімде 4 жыл, 3 ай, 2-мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 9 жыл, оның ішінде бөлімде 9 жыл және оның ішінде 3 жыл бала күтімі бойынша демалыста болды;
Талданып отырған кезеңде бөлімде басшылықтың ауысуы анықталған жоқ.
Бөлімнің 3 мемлекеттік қызметшілерінің барлығы жоғары білімді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін бөлімнің барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер мен олардың жұбайлары Мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақтылы табыс етті.
Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен үлестестігі, Мемлекеттік сатып алу кезінде лауазымды тұлғалардың үлестестігі, жақын туыстарының, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызметі, лауазымды тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамада белгіленген қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері жоқ.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.
Бөлім өз қызметінде:
Бөлімнің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету қарастырылмаған.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.
Бақылау функцияларын іске асыру.
Бөлімнің Ережесіне сәйкес Бөлім әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырумен байланысты шараларды қамтамасыз етумен айналысады.
Тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге мораторийдің енгізілуіне байланысты ШОБ субъектілеріне бару арқылы талданып отырған кезеңде тексерулер жүргізілген жоқ (Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығы).
Қорытынды: Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргузі барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ. 2022 жылдың 5 қаңатарынан 31 желтоқсан аралығындағы кезеңінде кәсіпкерлік бөліміне түскен 7 өтініш түсті. Өтініш иелеріне жауап берілді, ресми түрде хат жолданды.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде аталған бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде бөлімге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ұсынымдарды орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау ұсынылады.
Ұсыныс: Ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жұмыс тобының мүшелері
Мұсабеков Қ.Т. ______________ Кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы
Балғабекова А.Т. _____________ Кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы
Бөлім басшысы И.Асанбаев