Халық қатысатын Бюджет жобасы

                                                      

1-қосымша

«Халықтың қатысу бюджетін іске асырудың кейбір мәселелері туралы»

Жаркент қаласы әкімдігінің «30» қаңтардағы 2023 ж. №34 өкімі

«Халықтық қатысу бюджеті» аясында Жаркент қаласы тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қарау, іріктеу және шешім қабылдау бойынша Сараптамалық кеңес

 

№

Қала әкімінің орынбасары

   Т.У.Ибрагимов

1

Ауданның  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің м.а.

                                        

              А.Саурыков                                 

          (келісім бойынша)

2

Ауданның  құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы

                                                      

                     Д.Ешенов                                        

          (келісім бойынша)

3

«Панфилов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заң   мемлекеттік құқық  бөлімшесінің бас маманы

                                                    

                М.Джамалова                                     

        (келісім бойынша)

4

Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы

                А.Жақыпбай

         (келісім бойынша)

5

Жаркент қаласы бойынша жергілікті қоғамдастықтың мүшесі

                     Х.Ахметов

         (келісім бойынша)

6

Жаркент қаласы бойынша жергілікті қоғамдастықтың мүшесі

                   Р.Турлыбаев                                                           

          (келісім бойынша)

 

8

Жаркент қаласы бойынша жергілікті қоғамдастықтың мүшесі

                      А.Оспанов

          (келісім бойынша)

9

Аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі

                    Ж.Ақшалов

         (келісім бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-қосымша

«Халықтың қатысу бюджетін іске асырудың кейбір мәселелері туралы»

«Жаркент қаласы әкімі аппараты» «_30» қаңтардағы 2023 ж. №34 өкімі

 

 

 

«Халықтың қатысу бюджеті» жобасы аясында Жаркент қаласы тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қарау, іріктеу және шешімдер қабылдау жөніндегі Сараптамалық кеңесті ұйымдастыру және оның қызметінің тәртібі

 

«Халықтың қатысу бюджеті» жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы №470 бұйрығымен бекітілген, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу Ережелері аясында іске асырылады (12.03.2020ж. жағдай бойынша өзгерістер және толықтырулармен).

«Халықтың бюджетке қатысу» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Жаркент қаласы бойынша интернет – ресурсында ақпараттық жүйе әзірленеді.

 

  1. Сараптамалық кеңесті құру және оның қызметінің тәртібі

 

  1. Жаркент қаласының әкімдігі Жаркент тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қарау, іріктеу және шешім қабылдау үшін Сараптамалық кеңес құрады.
  2. Сараптамалық кеңес кемінде 9 адамнан тұрады және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, қала тұрғындарын, қала аумағында қызметін жүзеге асыратын қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдерін қамтиды.
  3. Сараптамалық кеңестің төрағасы мен хатшы бірінші отырыста оның құрамына кіретін адамдар арасынан ашық дауыс беру арқылы сайланады. Сараптамалық кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусын алған кандидат сайланды деп есептеледі.
  4. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы «Жаркент қаласының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  5. Сараптамалық кеңестің қызметтері:

1) жобалық ұсыныстың осы Тәртіптің талаптарына сәйкестігі туралы шешімдер қабылдау;

2) дауыс беруге арналған тізбеге жобалық ұсыныстарды енгізу жөнінде шешімдер қабылдау;

3) отырыстарды ашық және жария өткізу, отырыстардың хаттамаларын интернет-ресурста жариялау, отырысты өткізу уақыты мен орны туралы интернет-ресурс арқылы алдын ала хабарлау.

  1. Сараптамалық кеңестің шешімдері отырыс өткізілген күні шығарылады және оларға төраға, Кеңес мүшелері мен хатшы қол қойғаннан кейін, ол шығарылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурста жарияланады.
  2. Сараптамалық кеңес отырыс нысанында жұмыс істейді. Мәжілістегі барлық шешімдер жиналғандардың қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Егер отырысқа Сараптамалық кеңестің жалпы құрамының 50% - дан астамы қатысса, отырыс заңды деп есептеледі. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Сараптамалық кеңес төрағасының шешімі шешуші мәнге ие болады.
  3. Сараптамалық кеңесіне мүшелікті тоқтату өз қалауы бойынша немесе жаңа мүшенің ұсынымы бар көпшілік дауыспен алқалы шешім бойынша жүзеге асырылады.

 

  1. Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар

 

  1. Бюджет қаражаты есебінен іске асыру үшін ұсынылатын жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:

1) қала тұрғындары үшін қолжетімділікті шектемей, ортақ пайдаланылатын нысан;

2) Жаркент қаласы аумағының тиісті тұрғындары үшін өзектілігі.

Бұл ретте, бір қаржы жылы ішінде іске асыру мүмкіндігі бар жобалық ұсыныстар басым болып табылады.

  1. Жобалық ұсыныстар келесі өлшемдерге сәйкес келуі керек:

- жобалық ұсыныстың атауы бір сөйлем шегінде жазылуы керек және берілген ұсыныстың мақсатына қайшы келмеуі керек;

- бір өтінім – бір нысан, яғни автор тек бір ғана жобалық ұсыныс бере алады;

- жобалық ұсынысты іске асыру Жаркент қаласы әкімі аппаратының құзыреті шегінде болуы тиіс.

  1. Халықтық қатысу бюджеті аясында әкімдік (әкім аппараты) дауыс беруге шығарылады және келесі іс-шараларды іске асырады:

1) аумақты көгалдандыру;

2) жаяужолдарды (тротуар) жайластыру;

3) жаяужолдарды (тротуар), пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

4) ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, шағын бақтар, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де нысандар) құру, жөндеу және жарықтандыру;

5) жиектерді, тас төсеуіштерді, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;

6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;

7) жалпы пайдалану орындарында балалар ойындары және ересектердің демалысына арналған орындықтарды, қоқыс жәшіктерді, жабдықтар мен құрылымдарды орнату және жөндеу;

8) жалпы пайдалану орындарында және аула аумақтарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалардың ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.

Аталған бағыттар бойынша қаралған жылдың алдындағы 5 жылдан кейін іске асырылған жобалар қарауға қабылданбайды.

  1. Жобалық ұсыныстар Интернет-ресурста электрондық түрде беріледі.
  2. Автор жобалық ұсынысқа оның толық сипаттамасын, мүмкіндігінше - жобаның фото/эскизін/макетін/сызбасын (оларды интернет-ресурстан пайдалануға болады) қоса беруі қажет немесе автор жобалық ұсынысты беру кезінде әкімдік (әкім аппараты) ресми интернет-ресурста ұсынған үлгілік жобалық ұсынысты таңдайды.
  3. Жобалық ұсыныстың авторы кез келген уақытта өзінің жобалық ұсынысын қараудан алып тастай алады.

 

  1. Өтінімдерді қабылдау және іріктеу тәртібі

 

  1. Жұмыс органы ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейінгі мерзімде жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты ресми интернет-ресурста және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.

Қала тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау ағымдағы қаржы жылының 20 ақпанынан бастап 10 наурыз аралығында жүзеге асырылады.

Жаркент қаласы тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қабылдау осы Тәртіптің 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Интернет-ресурс арқылы жүзеге асырылады.

  1. Жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылының 25 наурызына дейінгі мерзімде келіп түскен жобалық ұсыныстарды осы Тәртіптің талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Талдықорған қаласы әкімдігімен оларды іске асыру құзыретінің болуы тұрғысынан талдауды жүзеге асырады.
  2. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша осы Тәртіптің 12, 13, 19-тармақтарына сәйкес келетін жобалық ұсыныстарды Жаркент қаласы әкімдігі (әкім аппараты) дауыс беруді өткізу үшін ресми интернет-ресурста және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.

Сонымен бірге, дауыс беруге жіберілмейтін жобалық ұсыныстар:

1) тұтас болып табылмайды, бірақ үзінді сипатқа ие және келесі қаржы кезеңінде аяқтау үшін қосымша бюджет ақшасын талап етеді (элементтердің бірін болашақта орындау қосымша элементтерді іске асыруды талап етеді);

2)  Жаркент қаласының даму басымдықтарына сәйкес келмесе;

3) коммерциялық сипаттағы жобалық ұсыныстарды іске асыруды қарастырылса;

4) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жіберілсе;

5) балағат сөздер, жала жабу, тіл тигізу, зорлық-зомбылыққа шақыру және т.б.

  1. Жаркент қаласының кәмелеттік жасқа толған тұрғындары дауыс беруді ағымдағы қаржы жылының 24 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылған жобалық ұсыныстар бойынша электрондық түрде ресми интернет-ресурста жүзеге асырылады.
  2. Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін Жаркент қаласы әкімінің аппараты күнтізбелік 3 күн ішінде хаттама ресімдеу арқылы дауыс беру нәтижелерін шығарады, онда жіберілген жобалық ұсыныстардың саны және әрбір жобалық ұсыныс бойынша дауыс берген азаматтардың саны көрсетіледі.

Екі және одан да көп жобалық ұсыныстар үшін дауыстар тең болған кезде хаттамада оларға бірдей позиция беріледі.

  1. Сараптамалық кеңес дауыс беру нәтижелерінің негізінде ағымдағы қаржы жылының 30 сәуірінен кешіктірмей тиісті шешім шығарады.

Бұл ретте Жаркент қаласының 10-нан кем тұрғыны дауыс берген жобалық ұсыныстарды іске асыруға жол берілмейді.

Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі Панфилов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

  1. Жаркент қаласы әкімдігі Сараптамалық кеңесінің шешімі негізінде өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сараптамалық кеңесінің шешімінде айқындалған кезектілік тәртібімен жобалау ұсыныстарын іске асыруға кіріседі.

 

  1. Жобалық ұсыныстарды іске асыру

және ақпаратты жариялау

 

  1. Жобалық ұсыныстарды іске асыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері кезекті қаржы жылына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды.
  2. Жаркент қаласы әкімінің аппараты тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысы мен қорытындылары, сондай-ақ оларды қаржыландыруға байланысты қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпаратты Панфилов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.

Жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен тұрғындар жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысымен танысуға және мониторинг жүргізуге құқылы.

  1. Жаркент қаласының әкімі халықпен кездесу барысында халықтың қатысу бюджеттері аясында іске асырылатын жобалық ұсыныстар туралы хабарлайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобалық ұсыныс

 

Жоба санаты: (қалқымалы терезеден таңдалады)

 

Атауы: _____________________________

 

Жобаның сипаттамасы: __________________________________________

 

Рұқсат беру хаттамасы үшін жобаның қысқаша сипаттамасы:___________________________________________________ 

 

Іске асыру мекен-жайы: _____________________________________

 

Автордың аты-жөні

Электрондық пошта

Байланыс телефондары

 

         Жобалық ұсынысқа шығыстардың болжамды сметалық есебі, сондай-ақ жобаның фотосуреті/эскизі/макеті/схемасы қоса берілуі мүмкін (оларды интернет-ресурстан пайдалануға болады.

 

 

Дата публикации
09 февраля 2023