Панфилов ауданы бюджетінің 2022 жылғы
орындалу есебіне түсіндірме жазба
Панфилов ауданы бюджетінің 2022 жылы кірістері 14260306,0 мың теңге және шығыстары бойынша 15248862,0 мың теңге көлемінде Панфилов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 7-15-77 шешімімен бекітілді.
Жыл бойы аудандық мәслихаттың шешімдерімен 5 рет нақтыланып, бюджеттің кірістері 15885203,0 мың теңге, шығындары 17588985,0 мың теңгені құрады.
2022 жылы бюджет кірістері бойынша 104,3 %-ға орындалды. Түзетілген бюджет бойынша қаралған 15632127,0 мың теңгенің орнына 16303013,7 мың теңге қаржы түсті. Оның ішінде облыстық бюджеттен 3648333,0 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер, 3186158,0 мың теңге нысаналы даму трансферттері және 5649766,0 мың теңге көлемінде субвенциялар түсті. Қаржы жылы басындағы 714511,9 мың теңге бос қалдықтардан 681540,0 мың теңге қажетті шығындарды қаржыландыруға бағытталды.
|
Аталуы |
Есепті қаржы жылына бекітілген бюджет |
Есепті қаржы жылына нақтыланған бюджет |
Есепті қаржы жылына түзетілген бюджет |
Орындалғаны |
Орындалу пайызы |
Ауытқу (+; -) |
|
I.КІРІСТЕР
|
14260306,0 |
15885203,0 |
15632127,0 |
16303013,7 |
104,3 |
670886,7 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
Салықтық түсімдер |
3437266,0 |
2771845,0 |
2771845,0 |
3555772,3 |
128,3 |
783927,3 |
|
Салықтық емес түсімдер |
25872,0 |
35606,0 |
35606,0 |
103209,8 |
289,9 |
67603,8 |
|
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер |
276600,0 |
340419,0 |
340419,0 |
159774,6 |
46,9 |
-180644,4 |
|
Трансферттердің түсімдері |
10520568,0 |
12484257,0 |
12484257,0 |
12484257,0 |
100,0 |
- |
|
II. ШЫҒЫНДАР |
15248862,0 |
17588985,0 |
17335909,0 |
16888441,3 |
97,4 |
-447467,7 |
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
01.Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет |
1044810 |
1189508 |
1251216,9 |
1241949,2 |
99,3 |
-9267,7 |
|
02. Қорғаныс |
110646,0 |
83129,0 |
83129,0 |
80201,5 |
96,5 |
-2927,5 |
|
3. Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
8756,0 |
18676,0 |
18676,0 |
17999,0 |
96,4 |
-677,0 |
|
06.Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру |
2580416,0 |
3881068,0 |
3823350,0 |
3809760,4 |
99,6 |
-13589,6 |
|
07.Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы |
3856802,0 |
4953048,0 |
4757690,0 |
4355579,2 |
91,5 |
-402110,8 |
|
08. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
599410,0 |
657643,0 |
657643,0 |
652661,4 |
99,2 |
-4981,6 |
|
09. Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану |
|
|
|
|
|
|
|
10.Ауыл,су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
150393,0 |
140232,0 |
140232,0 |
140224,7 |
100 |
-7,3 |
|
11. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
31902,0 |
31301,0 |
31301,0 |
29393,4 |
93,9 |
-1907,6 |
|
12.Көлік және коммуникация |
1588435,0 |
1970992 |
1970992 |
1964005,4 |
99,6 |
-6986,6 |
|
13.Басқалар |
154576,0 |
155066 |
93357,1 |
88346,7 |
94,6 |
-5010,4 |
|
14. Борышқа қызмет көрсету |
131373,0 |
154892,0 |
154892,0 |
154891,1 |
100 |
-0,9 |
|
15.Трансферттер |
4991343,0 |
4353430,0 |
4353430,0 |
4353429,0 |
100 |
-1,0 |
|
III. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ БЕРУ |
55373,0 |
51373,0 |
51373,0 |
47877,7 |
|
|
|
Бюджеттік кредиттер |
95890,0 |
91890,0 |
91890,0 |
91890,0 |
100 |
|
|
Бюджет кредиттерін өтеу |
40517,0 |
40517,0 |
40517,0 |
44012,3 |
108,6 |
3495,3 |
|
IV. ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО |
|
|
|
|
|
|
|
Қаржы активтерін сатып алу |
|
|
|
|
|
|
|
V. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ) |
-1043929,0 |
-1755155,0 |
-1755155,0 |
-3017506,6 |
|
|
|
VI. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ) |
1043929,0 |
1755155,0 |
1755155,0 |
3017506,6 |
|
|
|
Қарыздардың түсімі |
1202626,0 |
1198626,0 |
1198626,0 |
1198626,0 |
100 |
|
|
Қарыздарды өтеу |
158697,0 |
125011,0 |
125011,0 |
125009,9 |
|
|
|
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары |
681540,0 |
681540,0 |
681540,0 |
1943890,5 |
|
|
|
Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары |
|
|
|
714511,9 |
|
|
|
Есепті кезең соңына бюджет қаражатының қалдықтары |
|
|
|
1154822,7 |
|
|
Есепті кезең соңына бюджет қаражатының қалдықтары 1154822,7 мың теңгені құрады. Жеке салықтар мен түсімдер түрлеріне келетін болсақ:
- Табыс салығы бойынша, оның ішінде Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша болжам 211,4 %-ға орындалып, болжамдалған 508100,0 мың теңгенің орнына 1074131,3 мың теңге қаржы түсті.
- Меншікке салынатын салықтар бойынша болжамдалған 2120043,0 мың теңгенің орнына 2394088,4 мың теңге, немесе болжам 112,9 %-ға ғана орындалып, 274045,4 мың теңге артық түсті. Оның ішінде:
- Мүлікке салынатын салықтар бойынша болжамдалған 1660942,0 мың теңге, түскені 1673338,8 мың теңге, немесе болжам 100,7 %-ға ғана орындалып, 12396,8 мың теңге болжамнан артық түсті
-Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын ішкі салықтар, оның ішінде акциздер бойынша жалпы болжам 108,5 %-ға орындалып, аудан бюджетіне 16711,0 мың теңге қаржы түсті, болжам 15400,0 мың теңге.
- Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар бойынша болжам 124,8 %-ға орындалып, аудан бюджетіне 36764,7 мың теңге қаржы түсті, болжам 29461,0 мың теңге.
-Мемлекеттік баж болжамы 114,8 %-ға пайызға орындалып, бюджетке болжамдалған 18785,0 мың теңгенің орнына 21557,2 мың теңге түсті.
Салықтық емес түсімдер болжамы 289,9 %-ға орындалып 103209,8 мың теңге қаржы түсті, болжам 35606,0 мың теңге.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 46,9 %-ға ғана орындалды, болжамдалған 340419,0 мың теңгенің орнына 159774,6 мың теңге түсті, 180644,4 мың теңгеге болжам орындалмады, оның ішінде Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден 73159,7 мың теңге, Жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемнен 119057,9 мың теңге түспеді.
Панфилов ауданы бюджетінің 2022 жылғы шығындары бойынша орындалуына келсек, есепті қаржы жылына түзетілген бюджет бойынша 17335909,0 мың теңге, игерілгені 16888441,3 мың теңгені құрап, 97,4 %-ға атқарылды. Игерілмей қалған қаржы 447467,7 мың теңге. Оның ішінде:
- 1875,8 мың теңге – еңбек ақы және төлемдерінен үнемделді
- 1652,5 мың теңге- коммуналдық шығындар бойынша үнем
- 1058,2 мың теңге- Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасынан үнем
- 3006,3 мың теңге - Мемлекеттік әлеуметтік көмек бағдарламасынан үнем
- 8777,8 мың теңге - Жаңа бизнес идеяларға бөлінген грантқа өтініш қабылдау тетігінің ашылуына ҚР ЕХӘҚМ-нің рұқсат бермеуіне байланысты ағымдағы жылдың бесінші потогына бөлінген қаржы игерілмей қалды
-2337,2 мың теңге- Жағалауды бекіту жұмыстарының техникалық қадағалау қорытындысы дайын болмауына байланысты игерілмей қалған
-3693,4 мың теңге- Тауарлардың жеткізілмеуіне байланысты игерілмеген
-4967,1 мың теңге- Ауданның жергілікті атқарушы органының резервінен сұраныстың болмауына байланысты бағытталмаған қаржы
-425,0 мың теңге- "Жаркент қаласының инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы 2- кезек" нысаны бойынша үнем
-9804,7 мың теңге- "Пиджим (Нұркент қ) ауылында 80 пәтерлі 2 тұрғын үй салу 1-ші аудан, 1-ші кезек (сыртқы инженерлік желілерсіз)" нысаны бойынша үнем
24703,0 мың теңге - Пиджим ауылында (Нұркент қ) бірінші кезектегі, 1- ші ауданның 1 (8 үй) алаңына инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым салу. Жылумен жабдықтау "БМК", Пиджим ауылында (Нұркент қ) 60 пәтерлік екі тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық желілері (0,97 га) нысаны, Пиджим ауылында (Нұркент қ) инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым салу 2-кезек "Су тарту" нысандары бойынша сот процестерінің созылуына байланысты игерілмеді
-355836,6 мың теңге- Жаркент қаласындағы екі 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша жұмыс көлемінің болмауына байланысты игерілмеді
-6626,2 мың теңге- Жолдарды орташа және күрделі жөндеу жұмыстары күннің суытуына байланысты аяқталмады
-5293,8 мың теңге- Жаркент қаласының сүзгілеу алаңына рекультивацияның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуден үнемделген қаржы
-500,6 мың теңге- Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беруден үнем
-4743,0 мың теңге- Пенжім және Алты үй ауылдарындағы мәдениет үйлерін күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындау бойынша қайталап берілген конкурс нәтижесінің кешігуіне байланысты игерілмеді
-5378,2 мың теңге- Жаскент ауылдық округі Сүптай ауылында спорт алаңын жасау бойынша күннің суытуына байланысты жұмыс аяқталмай қалды,
-1182,5 мың теңге-Үлкенағаш ауылдық округінде қаржы тапшылығына байланысты игерілмеді
-4739,3 мың теңге -Қала және ауылдық округтерде жарықтандыру, абаттандыру жұмыстарынан үнемделген қаржы
-866,5 мың теңге -Ерекшеліктер бойынша қалдықтар
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы бойынша 1251216,9 мың теңге қаржы қаралып 1241949,2 мың теңге игерілді немесе 99,3 %. Оның ішінде:
-аудандық маслихат аппаратын ұстауға 54045,8 мың теңге,
-аудан әкімі аппаратын ұстауға 260733,4 мың теңге,
-ауданның экономика және қаржы бөлімінің аппаратын ұстауға 79425,2 мың теңге,
-аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 655089,3 мың теңге,
-жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 58280,6 мың теңге жұмсалды.
Қорғаныс
«Қорғаныс» функционалдық тобы бойынша 83129,0 мың теңге қаржы қаралып, 80201,6 мың теңге игерілді немесе 96,5 %.
Оның ішінде: Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шараларға, яғни аудандық әскери комиссариаттың жастарды әскерге шақыру шығындарына 17786,0 мың теңге жұмсалды.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағдарламасы бойынша 14926,8 мың теңге, оның ішінде Көктал-Арасан ауылы маңындағы Бурақожыр өзенінің қорғаныс бөгетін ағымдағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жобалық - сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстарына - 5 014,1 мың теңге, Суптай ауылы маңындағы Тышқан өзенінің қорғаныс бөгетін ағымдағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге - 3 136,7 мың теңге, Айдарлы ауылының табиғи құмды дауылдардың салдарын жою, құмды шығару, тазалау жұмыстарына 6 776,0 мың теңге жұмсалды.
Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар бағдарламасына 47488,8 мың теңге бөлініп, 100 пайыз игерілді.
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот,
қылмыстық-атқару қызметі
«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобы бойынша 18676,0 мың теңге қаржы қаралып, 17999,0 мың теңге игерілді немесе 96,4%. Бұл қаржы елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша жол қозғалысын реттеу жұмыстарына және Жаркент қаласындағы бағдаршамдарға қызмет көрсету жұмыстарын қамтамасыз етуге жұмсалды. Оның ішінде бағдаршамдарға жұмсалған электр энергиясының төлемақысына 1002,0 мың теңге жұмсалды.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік
Қамсыздандыру
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобы бойынша жоспардағы 3823350,0 мың теңгенің 3809760,4 мың теңгесі игерілді, немесе 99,6%. Оның ішінде:
Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша жоспарланған 1011254,0 мың теңге игерілгені 1007189,5 мың теңге, немесе 99,6 %. Оның ішінде Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша 1011254,0 мың теңге қаражат бөлініп, жаңа форматтағы әлеуметтік көмек жыл басынан тиісті отбасыларына 1007189,5 мың теңге төленді.
Әлеуметтік көмек саласы бойынша жоспарланған 2726548,0 мың теңге игерілгені 2717532,0 мың теңге, немесе 99,7 %.
«Ауылдық жерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша 47351,0 мың теңге жоспарланып, 47350,2 мың теңге төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы бойынша есептік кезеңіне қарастырылғаны 56597,0 мың теңге, игерілгені 56564,0 мың теңге. Оның ішінде: ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне, Чернобыль апатынан зардап шеккендерге тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге төленетін жәрдемақы, туберкулез ауруына шалдыққан адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек берілді, Ауған соғысының қатысушыларына біржолғы көмектер көрсетілді.
Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 9887,0 мың теңге қарастырылып, 9791,6 мың теңгеге көмек көрсетілді.
Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету бағдарламасына қаралған 153122,0 мың теңгенің игерілгені 153100,9 мың теңге, немесе 100 %.
«Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша есеп беру кезеңіне қаржыландыру жоспары бойынша 364640,0 мың теңге жоспарланып 364636,4мың теңге, немесе 100 % игерілді.
Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге қаралған 77815,0 мың теңгенің игерілгені 77794,8 мың теңге, немесе 100,0%.
Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу бағдарламасы бойынша есеп беру кезеңіне қарастырылғаны 11793,0 мың теңге толығымен игерілді.
Ауданда әлеуметтік тапсырыс шеңберінде инватакси қызметі жұмыс атқарады, оған бөлінген қаражат 5921,0 мың теңге толығымен игерілді.
Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру 2326,0 мың теңгеге жоспарланып, 1825,4 мың теңгеге игерілді немесе 78,5 пайыз.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы» функционалдық тобы бойынша бойынша жалпы жоспардағы 4757690,0 мың теңгенің кассалық орындалуы 4355579,2 мың теңгені немесе 91,5 % құрады. Оның ішінде:
«Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау» бағдарламасы бойынша жоспарланған 3615504,0 мың теңгенің игерілгені 3249862,2 мың теңге немесе 89,9 % құрады, оның ішінде 469715,1 мың теңге - Пенжім (Нұркент) ауылында екі 60 пәтерлі тұрғын үй БМК құрылысына (0,91га), 2004486,0 мың теңге - Пенжім (Нұркент) ауылында екі 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысына, 1000,0 мың теңге - Пенжім (Нұркент) ауылында 8 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысына ЖСҚ дайындауға, 1000,0 мың теңге - Жаркент қаласындағы екі 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысына ЖСҚ дайындауға жұмсалды. Облыстық бюджеттің ішкі займдары есебінен Жаркент қаласындағы екі 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысына 750898,4 мың теңге жұмсалды.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру бағдарламасы бойынша бөлінгені 431170,0 мың теңге, кассалық орындалуы 406041,3 мың теңге, немесе 94,6%. Бөлінген қаражат 45837,4 мың теңге- Пенжім ауылында (Нұркент қаласында) екі 80 пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысына, 210604,9 мың теңге- Жаркент қаласындағы екі 60 пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысына, 81318,2 мың теңге - Жаркент қаласындағы 2-кезектегі тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына, 28167,8 мың теңге - Тұрғын үйлерді абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына ЖСҚ жеті жобаға дайындауға жұмсалды.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру бойынша 102932,0 мың теңгеге жоспарланып, 102930,4 мың теңгеге игерілді немесе 100 пайыз. Бұл қаржы Кішішыған, Алмалы ауылдарының электр жүйелерінің құрылысына, Үшарал, Лесновка ауылдарының және Жаркент қаласының жаңадан ашылған көшелерін электрмен жабдықтауға ЖСҚ дайындауға жұмсалды.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі бағдарламасы бойынша Нұркент қаласындағы екі көп қабатты тұрғын үйлердің су жүйесін ағымдағы жөндеуге 1458,0 мың теңге жоспарланып, 1457,8 мың теңге игерілді немесе 100 пайыз.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бағдарламасы бойынша қаралған 172854,0 мың теңгенің 172828,2 мың теңгесі игерілді немесе 100 пайыз. Бұл қаржы Жаркент қаласының және Нәдек, Коктал, Қырыққұдық, Енбекші, Керімағаш, Шолақай ауылдарының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға жоба сметалық құжаттар әзірлеуге жұмсалды.
Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру бағдарламасы 36353,0 мың теңгеге жоспарланып, 36352,2 мың теңгеге орындалды немесе 100,0 пайыз. Оның ішінде 27377,0 мың теңге Жаркент қаласындағы Машуров көшесіне көше жарығын орнату жұмыстарына, 8975,2 мың теңге Туркво ауданындағы электр желілерінің қызмет көрсетулеріне жұмсалды.
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша қаралған 15443,0 мың теңгенің 15442,3 мың теңге игерілді, немесе 100 пайыз. Оның ішінде 4500,0 мың теңге «Нұркент жаңа қаласының рәмізі» стелласын, 1446,0 мың теңге Жаркент қаласы Орбұлақ шайқасына арналған «Ұлы жебе» мемориалдық кешенжайын, 6471,4 мың теңге Жаркент қаласындағы «Бөлек батыр» саябағын абаттандыру- күтіп ұстау жұмыстарына, 3024,9 мың теңге «Бөлек батыр» саябағының күзет қызметін ұстауға жұмсалды.
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу бағдарламасы бойынша 110449,0 мың теңге жоспарланып, толық игерілді.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша нақтыланған жоспардағы 657643,0 мың теңгенің игерілгені 652661,4 мың теңге, немесе 99,2%.
Аудандық мәдени-демалыс жұмысын қолдау үшін жоспарланған 389887,0 мың теңге толығымен орындалып мәдениет үйлерді ұстауға жұмсалды.
Аудандық кітапхананы жұмыс істеуін қамтамасыз ету шығындарына 107922,0 мың теңге қарастырылап, 107904,3 мың теңге, немесе 100 пайыз игерілді.
Аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізуге 8886,0 мың теңге жұмсалды. Ауданның бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығын ұстауға 72092,9 мың теңге жұмсалды.
Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытуға жоспарланған 1136,0 мың теңге толық игерілді.
Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер 23938,0 мың теңгеге жоспарланып, толығымен игерілді.
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
«Ауыл,су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобына бөлінген 140232,0 мың теңгенің 140224,7мың теңгесі, немесе 100 пайыз игерілді.
Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 51475,0 мың теңге жоспарланып, 51471,5 мың теңге, немесе 100 пайыз игерілді.
Мамандардың әлеуметтік көмек көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыруға қаралған 19461,0 мың теңге есебінен ауылдық жерге жұмысқа орналасқан 36 маманға көтерме жәрдемақы, банкілік және операциялық қызметтер төленді.
Аудандардың, облыстық маңызы бар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру бағдарламасы бойынша бөлінген 69256,0 мың теңге ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге және коммерциялық мақсаттар үшін жер беру жөніндегі аукционды ұйымдастыруға және өткізуге, тиісті жұмыстарын жүргізуге жұмсалып, толығымен игерілді.
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі
«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобына 31301,0 мың теңге бағытталды. Бұл қаржы ауданның құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімін ұстауға 29393,4 мың теңге, немесе 93,9 пайыз жұмсалды. Игерілмеген сома 1907,6 мың теңге, оның ішінде 1717,8 мың теңгесі тауарлардың жеткізілмеуіне байланысты игерілмеген.
Көлік және коммуникация
«Көлік және коммуникация» функционалдық тобы бойынша жоспар 1970992,0 мың теңгені құрап, 1964005,4 мың теңгеге игерілді немесе 99,6 пайыз.
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасы 99471,0 мың теңге жоспарланып, 99110,6 мың теңгеге игерілді, немесе 99,6 пайыз. Аудандық маңызы бар жолдардың ойық жерлерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 32377,8 мың теңге, қыстық мерзімде күтіп-ұстауға 20701,2 мың теңге, Алтыүй ауылының Байсбек көшесін, Шежін ауылының Сүлейменова көшесін ағымдағы жөндеуге 18673,9 мың теңге жұмсалды.
1515,0 мың теңге Диханқайрат ауылының Жаңақұрылыс көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу бағдарламасы бойынша қаралған 1870006,0 мың теңгенің 1863379,8 мың теңгесі игерілді немесе 99,6 пайыз. Оның ішінде Жаркент қаласының Қонаев көшесін, №13 көшені және Головацкий, Жерұйық, Пенжім, Әулиеағаш, Алтыүй, Лесновка, Үшарал, Коктал, Алмалы ауылдарының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөрібай би ауылының кірме жолының күрделі жөндеу жұмыстарына 655225,4 мың теңге жұмсалды. 3215,1 мың теңгеге Ынталы ауылының кірме жолы мен Жаркент қаласының 2 көшесін күрделі жөндеудің тиісті құжаттары жасалды.
Басқалар
«Басқалар» функционалдық тобы бойынша жоспар 93357,1мың теңгені құрап, 88346,7 мың теңге игерілді, оның ішінде: Кәсіпкерлік бөлімін ұстауға 20798,2 мың теңге жұмсалды. Мемлекеттік органның күрделі шығыстары бағдарламасына 204,0 мың теңге қарастырылып, 178,7 мың теңгеге бөлім қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру» бағдарламасына 67549,0 мың теңге трансферттер бөлініп, 58298,5 мың теңге Шолақай ауылының Юлдашев көшесіне көше жарығын орнату жұмыстарына, 9250,0 мың теңге Шолақай ауылының жаңақұрылыс №4, №7 көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізлді.
Трансферттер
«Трансферттер» функционалдық тобына 4353430,0 мың теңге қарастырылып, пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтаруға 19826,1 мың теңге, Заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерге 4282008,0 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтаруға 51594,9 мың теңге бағытталды.
Панфилов ауданының экономика
және қаржы бөлімінің басшысы С.Рамазанова