Үлкеншыған ауылдық округі бойынша 2021 жылдың екінші, үшінші тоқсандарына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама
Үлкеншыған ауылы 01 желтоқсан 2022 жыл
Кіріспе бөлімі
Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 42 өкім негізінде 2022 жылдың 22 қарашасынан 01 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Үлкеншыған ауылдық округ әкімі аппараты өз қызметін мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 311 қаулысы негізінде жүзеге асырылады»
Қазақстан Республикасының «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізіледі.
Округтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Үлкеншыған ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдасдастырушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Панфилов ауданының «Үлкеншыған ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 311 қаулысы негізінде жүзеге асырылады».
«Үлкеншыған ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі 2021 жылдың сәуір - желтоқсан айлары (екінші, үшінші, төртінші тоқсанда) қабылданған ауылдық округ әкімнің актілерінің саны 125. Оның ішінде - 63 өкім, шешім - 62. Өкім негізгі қызмет -27, жеке құрамы-5, іс-сапар бойынша -31. Округ әкіміне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.
Мекеменің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1) Округ әкімі аппаратында штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 10 бірлікті құрайды. Оның екеуі бала күтімі бойынша демалысында. Ұлттық құрам бойынша мемлекеттік қызметшілер 6 қазақ ұлтының және 2 ұйғыр ұлтының өкілдері. Оның ішінде 3 ер адам, 5 әйел адам.
2021 жылдың екінші, үшінші, төртінші тоқсанда еңбек демалысына 6 қызметкер жіберілді.
Округте тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-ана бөлек аға –інілері мен апа-қарындас –сіңіллері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп - жұбайының (зайыбының) аға інілері, апа қарындас- сіңілілері, ата-аналары мен балаларын қызметке алу фактілері анықталмады.
Есептік кезеңде Үлкеншыған ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы округ әкімдігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.
Мүдделер қақтығысын реттеу
Үлкеншыған ауылдық округінің әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету
Округте мына төмендегідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
5 Жер учаскесін алу үшін кезекке қою электронды түрде жүргүзіледі 18 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында «Мемлекеттік қызметтер көрсету» Заңының, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының, мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының талаптарын сақтау бойынша Панфилов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы А.Касенов 01.10.2020 – 01.10.2021 жыл аралалығында тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында 2021 жылдың 22-25 қараша аралығында «Е- лицензия» арқылы қабылданған өтініштерде кемшіліктер мен қателіктер орын алғаны анықталды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44- бабының 3- тармағының 1) тармақшасына сәйкес: «Үлкеншыған ауылдық оругі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Гульбакира Тагаеваға өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2021 жылдың сәуірі- желтоқсанға (екінші, үшінші, төртінші) округ әкімі аппаратына 61 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің барлығы жеке тұлғалардан . Заңды тұлғалардан түскен жоқ. Оның қанағаттандырылғаны 50, 11-не түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 32 өтініш ауданға жолданды.
Округ әкіміне ауызша 10 өтініш түсті, қанағаттандырылғаны 6, 4 түсіндірілді. Округ әкімінің орынбасарына 11 ауызша өтініш, қанағаттандырылғаны 7, 4 - түсіндірілді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар тіркелген жоқ.
Округ әкімі аппаратында бақылау-қадағалау функциялары жоқ;
Округ әкімі апаратының қызметкерлері Қазақстан республикасыны, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметкерлер табыстар туралы (декларация) мәліметі толық өткізіледі.
Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс-шаралар бойынша ақпарат аудан әкімі аппаратының заң ,мемлекеттік құқықтық бөліміне ұсынылады.
Үлкеншыған ауылдық округі әкімі аппаратының бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақталуда. Бюджет қаражатының уақытылы және толық игерілуі бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылдың қаржы есебі атап айтқанда:
Еңбек ақыға 12841,6 мың теңге, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар 1110,45 мың тенге, медициналық сақтандыру қорына 225,1мың теңге, жанар-жағар май сатып алуға 623 мың теңге, шаруашылық заттар мен концелярлық заттар 1868,8 өзге де қызметтер мен жұмыстарға 1868,8 мың теңге, коммуналдық қызметтерге 434,8 мың теңге, телефонмен интернет желісіне 195,0 мың теңге жұмсалды.
Үлкеншыған ауылдық округі әкімі аппаратына бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электронды веб-порталда жарияланды. Осыған орай барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
2021 жылдың сәуір- желтоқсан айларында мемлекеттік сатып алу туралы барлығы 30 шарт жасалды.
Бір көзден алу тәсілімен 21 шарт . Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы шарт жоқ.
Ашық конкурс арқылы 9 келісім шарт жасалды.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.
Қорытынды
Үлкеншыған ауылдық округ әкімі апаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.
Жұмыс тобының мүшелері:
Р.Баратова
Г.Сулейманова
Г.Тагаева
Н.Тохтарова
Л.Бабаханова
«Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы » Заңының 8-бабының 5-тармағын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығын басшылыққа ала отырып :
1.2022 жылдың 22-қарашасынан 01 желтоқсан аралығында «Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
2.Осы үкімнің қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
1) округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2) округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Округ әкімі Е.Тумакбаев