ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ӨКІЛДЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №18 бұйрығына сәйкес, «Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Панфилов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында үкіметтік емес ұйымдармен жария талқылау үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпаратты жариялайды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылау мерзімі интернет-ресурста орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда +7 747 555 96 05, 5-19-86 телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін интернет-ресурсқа келіп түскен ескертулер және (немесе) қаралмайды немесе келесі қаржы жылына арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезінде ескерілуі мүмкін.
|
Мемлекеттік әлеуметтік |
2023 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге) |
Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары, ҚР-ның стратегиялық мемлекеттік бағдарламалары туралы халықтың хабардарлығын арттыру; Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеу, патриоттық сезімді дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Тәуелсіздік символы» атты кешенді іс-шаралар өткізу |
2 млн. 500 мың теңге |
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында жариялаған; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды |
Аудан тұрғындары, мекеме және ұйым қызметкерлері, қамтығандар, ұйым қызметкерлері, халықтың әлеуметтік осал топтары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, жастар |
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында қаралған мәселелерді тұрғындар арасында түсіндіру, «Жаңа Қазақстан-болашаққа нық сеніммен!» идеясын іске асыру |
|
2 |
Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Панфилов ауданы жастарының арасында нашақорлық пен маскүнемдіктің және өзіне-өзі қол жұмсаудың (суицидтың) алдын алу мақсатында кешенді іс шаралар өткізу |
1млн. 500 мың теңге |
|
Аудан тұрғындары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, жастар, дін ұстанушылары |
Тақырыпқа сәйкес Панфилов ауданы тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттауды жүзеге асыру, маскүнемдік пен нашақорлықтың, суицидтің алдын алу шараларын ұйымдастыру |
|
3 |
Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мақсатында Панфилов ауданының тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, кешенді іс-шаралар өткізу. Сондай-ақ, жастардың діни сауаттылығын арттыру бағытында "дәстүрлі діни құндылықтарды қалыптастыру және экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі нысаналы топтардың өкілдері арасында іс-шаралар өткізу |
3 млн. 500 мың теңге |
Қазақстан Республикасында дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспары Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестері – маңызды мәселелерді талқылаудың, сыңдарлы шешімдер қабылдаудың әмбебап диалог алаңы.
|
Аудан тұрғындары, ұйым қызметкерлері, халықтың әлеуметтік осал топтары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, жастар |
Панфилов ауданы тұрғындары мен жастары арасында дұрыс діни көзқарасты қалыптастыру, діни сауаттылықты арттыру. |
|
4 |
Отбасылық және гендерлік саясаттағы актуалды мәселелерді ұтымды шешу және ақпараттық кеңістіктің жұмысын ілгерлету мақсатындағы кешенді іс-шараларды өткізу. |
1 млн. 500 мың теңге |
Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасы туралы;
|
Аудан тұрғындары, ұйым қызметкерлері, халықтың әлеуметтік осал топтары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, жастар, |
Отбасының қоғамдағы рөлін айқындау, Панфилов ауданы тұрғындары мен жастардың отбасын сақтау мәселелерін ашу ;
|
|
5 |
«Жетісу – адалдық алаңы» жобасы аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру |
2 млн.теңге |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ. |
Аудан тұрғындары, ұйым қызметкерлері, жастар, құқық қорғау органдары |
Панфилов ауданы тұрғындары арасында Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру |