Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы.
2022 жылдың ІV тоқсанында Панфилов ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдары арқылы мемлекеттік қызметтердің 63 түрі көрсетілді (қызмет ішіндегі қызметтер 121).
2022 жылы жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 29 003. Оның ішінде:
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны, барлығы – 1169, оның ішінде негізді бас тартудың саны – 1169, оның ішінде электронды түрде – 776, қағаз түрде – 393. Негізсіз бас тарту тіркелген жоқ.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арыз, шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 120. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылған халық саны – 1760.
Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы.
Бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың І тоқсанында жүргізілген бақылау іс-шараларының саны – 3.
I тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 3 («Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Шолақай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Пенжім ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ).
IІ тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 3 («Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Талды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ).
IІІ тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 3 («Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ).
IV тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 3 («Басқұншы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ).
І тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 59, оның ішінде мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер саны – 26, бизнес-процесстер бұзылып көрсетілген қызметтер саны – 33. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 2, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері – 2.
ІІ тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 54, оның ішінде мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер саны – 10, бизнес-процесстер бұзылып көрсетілген қызметтер саны – 44. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 3, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері – 3.
ІІІ тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 24, оның ішінде мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер саны – 8, бизнес-процесстер бұзылып көрсетілген қызметтер саны – 16. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 4, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері – 4.
ІV тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 23, оның ішінде мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер саны – 2, бизнес-процесстер бұзылып көрсетілген қызметтер саны – 21. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 3, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері – 3.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда стенд жасалып, қағидалардың мәтіні ілінген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз, шағымдар болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс телефондары жазылып, арнайы жәшік қойылған.
Аудан әкімдігінің фойесіне, Жаркент қаласы және ауылдық округтерде, мектептерде, балабақшаларда, жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, венеринария бөлімі және медициналық мекемелердің дәлізіне қызмет алушыларға арналған бұрыштар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты бейнероликтер көрсетілетін теледидар, е-гов арқылы қызмет алу үшін картридер, принтер, компьютер) жасақталған. Жаркент қаласы және ауылдық округтердегі бұрыштар арқылы барлығы 10137 (I тоқсанда 2551, IІ тоқсанда 1368, IІІ тоқсанда 5260, ІV тоқсанда 958) қызмет алынды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар туралы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халық арасында насихаттау мақсатында 234 іс-шара өтіп 62042 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 55319 тұрғынға кітапша таратылды. Аудандық «Жаркент өңірі» газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу тәртібі бойынша 116 мақала жарияланды. Электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету мақсатында аудан бойынша 14 билборд ілінді.
Сонымен қатар, Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысында 2022 жылдың 22 ақпанында Айдарлы ауылдық округінің әкімі А.Исаевтың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы есебі, 2022 жылдың 12 мамырында Үшарал ауылдық округінің әкімі Т.Жанғазиевтің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы есебі, 2022 жылдың 24 тамызында Сарыбел ауылдық округінің әкімінің у.м.а. Ж.Болатовтың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы есебі, 2022 жылдың 15 желтоқсанында Панфилов ауданының тұрғын-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының у.м.а. А.Саурықовтың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы есебі қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша білімін жетілдіру курсына 2 маман қатысып, сертификат алды.
Панфилов ауданы әкімі аппараты
Мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар
бөлімшесінің басшысы А. Касенов