Панфилов ауданының әкімдігі, кәсіптік одақтардың бірлестіктері,
жұмыс берушілердің бірлестіктері арасындағы
2022-2023 жылдарға арналған
ҮШЖАҚТЫ КЕЛІСІМ
Жаркент қ., 2022 жыл
Панфилов ауданының әкімдігі, кәсіптік одақтардың бірлестіктері,
жұмыс берушілердіңбірлестіктері арасындағы
2022–2023 жылдарға арналған
ҮШЖАҚТЫ КЕЛІСІМ
I бөлім. Жалпы ережелер
1.Панфилов ауданы әкімдігінің, «Қызмет» «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының және "ҚОРҒАС" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жеке кәсіпкерлер қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалардың бірлестігінің(бұдан әрі-Тараптар) өкілетті өкілдері, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Еңбек кодексіне және заңнамасына сәйкес әрекет ете отырып:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;
- мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара құрмет, сенім және олардың мүдделерін ымыраға келтіруге барынша қол жеткізу;
- әлеуметтік әріптестік, оның ішінде еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды ұжымдық-шарттық реттеу;
- жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, еңбек ұжымдарында келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін сындарлы өзара әрекет ету қағидаттарын тани отырып,осы Панфилов ауданының әкімдігі, жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен кәсіптік одақтардың бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2022–2023 жылдарға арналған Үшжақты келісімді (бұдан әрі – Келісім) келесідей бағыттар бойынша жасасты:
1) әлеуметтік әріптестік;
2) экономикалық саясат;
3) халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
4) лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақы төлеу;
5) әлеуметтік саясат;
6) келісімнің іске асырылуын және оның орындалуын бақылау.
II бөлім. Әлеуметтік әріптестік
Тараптар әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша міндеттемелерді қабылдады, олар мынаған бағытталған:
1) кәсіптік одақтар бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау бойынша рөлін арттыру;
2) кәсіптік одақтар бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) қызметіне араласпау, оларды құруға және жұмыс істеуіне кедергі болмау туралы заңнамалық және жалпыға бірдей танылған халықаралық нормалар мен қағидаларды сақтау;
3) халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары мен ұсынымдарына сәйкес Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегіаудандық үшжақты комиссия (бұдан әрі – аудандық комиссия) туралы жаңа Ережені қабылдауды көздейтін аудандық комиссияны жаңғырту;
4) аудандық комиссияның отырыстарында Тараптардың консультациялары мен келіссөздерін тұрақты өткізу, сондай-ақ еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша оның шешімдерін толық, уақытылы және сапалы орындау;
5) еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелерін қарау кезінде Тараптар өкілдерінің аудандық үшжақты комиссия отырыстарына қатысуы;
6) халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары мен ұсынымдарына сәйкес Тараптардың (жұмыс берушілер мен жұмыскерлер өкілдерінің) жұмыскерлердің әл-ауқатына және еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін мәселелерді бірлесіп қарау құқығын көздейтін екіжақты әлеуметтік әріптестік институтын дамыту;
7) ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу, оларды шешудің қолданыстағы тәртібін жетілдіру, сондай-ақ аудандық ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу практикасын дамыту;
8) аудан ұйымдарында әлеуметтік – еңбек қатынастарын ұжымдық–шарттық реттеудің келісілген әлеуметтік–экономикалық саясатын, тетіктері мен рәсімдерін жүргізудің жалпы қағидаларын әзірлеу;
9) жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарында консенсусқа қол жеткізу бойынша бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу;
10) салалық және өңірлік келісімдер жасасу, оларды кейіннен орындау тәжірибесіне мониторинг жүргізу және жалпыландыру, сондай-ақ ұжымдық шарттар негізінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу үшін бақылауды жүзеге асыру.
III бөлім. Өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын іске асыру мен қараудағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары
Әкімдік:
1) ұлттық және инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жобаларды іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тарту бөлігінде мемлекеттік қызмет көрсету;
Кәсіподақ:
3) жобаларды іске асыруға қатысады;
4) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсетеді.
Ассоциация:
5) халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп жобалар бойынша жұмыс берушілерді ақпараттық қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
6) жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар көрсетеді.
IV бөлім. Экономикалық саясат
Әкімдік:
1) салықтық-бюджет саясатын отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және импортты алмастыруды ынталандыруға бағыттау;
2) мыналар:
мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен шараларының атаулылығын кеңейту және арттыру;
экономикалық қолжетімді банктік кредит беру көлемін ұлғайту арқылы бизнес үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау;
3)мемлекеттің үлесі мен қатысу деңгейінің аражігін нақты ажырата отырып, «шешімдер топтамасы» шаралар кешенін айқындау жолымен ішкі және/немесе сыртқы нарықтарда қатысуын ұлғайтуға қабілетті кәсіпорындарды ынталандыруды қамтамасыз ету;
4) бизнестің банктік кредиттеуге тәуелділігін төмендету үшін микрокредит беруді, факторингті, қор нарығының мүмкіндіктерін кеңейту арқылы банктік кредиттеуге баламаларды дамытуды қамтамасыз ету;
5) бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру, оның ішінде:
- «Бизнеске арналған үкімет» қызметтер көрсетудің бірыңғай кеңсесі қағидаты бойынша мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа форматын кеңейту;
- бизнес құру рәсімдерін оңайлату және әкімшілік кедергілерді қысқарту;
- мемлекеттік реттеуді, оның ішінде салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру және жұмсарту, нарыққа кіру және бизнесті жүргізу процестері бойынша кедергілерді азайту;
- инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
- мемлекеттік сатып алуға, квазимемлекеттік секторды сатып алуға және жер қойнауын пайдаланушылардың реттелетін сатып алуына қатысу бойынша отандық бизнес үшін қолжетімділікті кеңейту;
- мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құралдарын, оның ішінде фискалдық ынталандырулар, жеңілдіктер мен преференциялар арқылы кеңейту;
- инвестициялық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- мемлекеттің экономикаға тікелей қатысуын азайту;
- ЭЫДҰ елдерінің озық практикасын қолдана отырып, квазимемлекеттік сектор мен жеке бизнес арасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру;
- көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету бойынша ынталандыру шараларын қолдану.
Тараптар бірлесіп:
1) нысаналы индикаторларға қол жеткізу негізінде субсидиялар мен қолдау шараларының тиімділігін мониторингтеу мен бағалау жүйесін дамыту;
2) мемлекеттік сатып алу жүйесінің, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың ашықтығын қамтамасыз етуге;
3) ауыр бұзушылықтар бойынша жауапкершілікті қатаңдата отырып, болмашы құқық бұзушылықтарға «жұмсақ құқық» құралдарын неғұрлым кеңінен қолдануға көше отырып, бәсекелестікті дамыту жөніндегі проактивті мемлекеттік саясатты енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыруға;
4) озық практикалар мен ЭЫДҰ стандарттарын имплементациялау жөніндегі, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын ұлттық және жаһандық деңгейлерде іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға;
5) кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін, сапа менеджменті жүйелерін, корпоративтік басқару қағидаттарын және еңбек пен капиталдың өнімділігін арттыратын энергия үнемдеуші озық технологияларды ендіруде жәрдемдесуге уағдаласты.
V бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету
Әкімдік:
1) жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жағдай жасайды, оның ішінде:
- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, оның ішінде онлайн режимде;
- жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру;
- «Жас кәсіпкер» жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша жағдайлар жасайды;
2) жалдау мен жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын дамыту және енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізеді;
3) білім беру жүйесін еңбек нарығының қажеттілігіне және оның даму перспективаларына сәйкес кадрлар даярлауға бағдарлайды;
4) жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен құзыреттер алу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді;
5) әлеуметтік сақтандыру арқылы нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыратын болады;
6) жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асырады;
7) шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау арқылы ішкі еңбек нарығын қорғайды;
8) жұмыс берушілерге мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жәрдем көрсетеді;
9) аудандық бюджетте аз қамтылған отбасылар қатарындағы жастарды ЖОО-на оқуға жіберу, оларды кейіннен ауылдық жерде жұмысқа орналастыру үшін қаражат көздейді;
10) ауданда халықты жұмыспен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ 2023 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 4,7%-дан аспайтын деңгейде сақтау жөніндегі жұмысты жүргізуге;
11) ауданды еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдардың жалпы санынан жұмыспен қамтылған мүгедектігі бар адамдардың үлесін 2023 жылға қарай 22% қамтамасыз етуге;
12) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжамдау, еңбек нарығы туралы хабардар ету жүйесін жетілдіруге;
13) экономика салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге;
14) еңбек ресурстарының сапасы мен әлеуетін арттыруға;
15) жұмыспен қамтудың жаңа құрылымын және жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім берудің білім сапасын жаңғыртуды ескере отырып, кадрлар даярлау бойынша жүйелі шаралар қабылдауға;
16) экономика салалары бөлінісінде «Жаңа кәсіптер атласын» әзірлеуге, өзектілендіруге және қолдануға қатысуға;
17) «Еңбек жолы» республикалық конкурсын және «WorldSkills» кәсіби шеберлік чемпионатын өткізуге қатысуға;
18) облыста еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдардың жалпы санынан мүгедектігі бар жұмыспен қамтылған адамдардың үлесін 2025 жылға қарай 22% қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Кәсіптік:
1) бұқаралық ақпарат құралдарында жұмысшы кәсіптері мен мамандықтарын танымал етуді жүзеге асырады;
2) жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;
3) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсетеді.
Ассоциация:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттерін ұжымдық шарттарға және өңірлік келісімдерге енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуге;
2) халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, жұмыс берушілерге қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын өткізу үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша хабардар етеді және жәрдемдеседі.
Жұмыс берушілер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының стандарттарын сақтай отырып, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындау бойынша жұмыс берушілердің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді;
2) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін мамандықтар бөлінісінде бос орындардың болуы туралы мәліметтерді және жұмыс орындарын құру болжамы туралы деректерді еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына, оның ішінде «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
3) жұмыс берушілердің құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері (ұйым ішінде) болып табылатын заңды тұлғаларға (филиалдарға, өкілдіктерге және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерге) қысқартылатын жұмыскерлерді жұмыс берушілермен ұқсас лауазым, тиісті біліктілік, мамандық немесе кәсіп, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны мен сапасы бойынша бар бос орындарға ауыстыруын қамтамасыз етеді;
4) халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттармен "Бірінші жұмыс орны" жобасы шеңберінде жұмыс берушілерге жастарды жұмысқа орналастыруда жәрдемдеседі және хабарлайды;
5) кандидаттардың біліктілігі тең болған кезде (жұмыскердің білім деңгейін, білімін, іскерлігін, кәсіптік дағдылары мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып) қазақстандық мамандар үшін жұмыс берушілердің жұмысқа орналасуға басым құқық беруі арқылы шетелдік мамандарды біртіндеп қазақстандық мамандармен ауыстыру жөнінде шаралар қолданады және шетелдік мамандарды қазақстандық мамандармен біртіндеп ауыстыру жөнінде шаралар қолданады;
6) аға буындыжұмыскерлердің тәжірибесі мен дағдыларын жастарға беру үшін тәлімгерлік бойынша жұмысты күшейтеді;
7) халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жұмыс берушілердің қолданыстағы жұмыс орындарын сақтауын қамтамасыз етуде көмек көрсетуге жәрдемдеседі;
8) Республика заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
9) аудан халқының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс жүргізеді;
10) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжау жүйесін жетілдіреді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономика саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
12) еңбек ресурстарының сапасы мен әлеуетін арттыруға жәрдемдеседі;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыспен қамтудың жаңа құрылымын және жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын жаңғыртуды ескере отырып, кадрлар даярлау жөнінде жүйелі шаралар қабылдайды;
14) экономика салалары бөлінісінде «Жаңа кәсіптер атласын» әзірлеуге, өзектендіруге және қолдануға қатысады;
15) өндірістік қажеттілік кезінде «Еңбек жолы» республикалық конкурсына және/немесе "WorldSkills"кәсіби шеберлік чемпионатына қатысады.
Тараптар бірлесіп:
1) XXI ғасырдың жоғары сапалы және талап етілетін дағдыларымен адами капиталды дамыту ауданның дамуының жаңа бағытының басым міндетіне айналады;
2) өнімділігі төмен салаларда, жұмыс күшінің еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету, экономиканың бейресми секторында жұмыспен қамтылғандарды және жұмыссыздарды қолдауға бағдарлауды сақтау, еңбек нарығының инфрақұрылымын жетілдіру және жұмыспен қамтудың икемді нысандарын ресімдеу арқылы қолда бар еңбек ресурстары өнімділігінің өсуіне жәрдемдесуге;
3) мынадай мәселелер бойынша консультациялар жүргізу:
- кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың салалық бағдарламаларын әзірлеу;
- кәсіби бағдарлау жүйесін дамыту;
- өндірісішілік оқытуды және босатылатын қызметкерлерді озыңқы кәсіптік оқытуды дамыту;
- кадрлардың кәсіби ұтқырлығы.
VІ бөлім. Лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақы төлеу
Әкімдік:
1) мемлекеттік еңбек инспекторларының профилактикалық жұмысқа және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға бағытталатын қызметін жетілдіреді;
2) қашықтықтан жұмыс істеуді реттеуді жетілдіру бөлігінде еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу мәселесін қарайды;
3) жалпы үрдістерді анықтау және алдын алу шараларын қабылдау мақсатында өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруды анықтау және талдау жөніндегі жаңа әдістер мен құралдарды енгізуді қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайлар басталған кезде жұмыс берушілердің (кәсіпорындардың, ұйымдардың) шығындарын мемлекеттік бюджеттен ішінара субсидиялау (өтеу) мәселесін қарайды;
5) өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселесін қарайды;
6) қауіпсіз, экологиялық таза қоршаған ортаны құру, табиғи ресурстарды теңгерімді пайдалану жолымен өмір сүру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді;
7) еңбек қызметіне байланысты зиянды еңбек жағдайларында және жазатайым оқиғаларда жұмыс істейтін жұмыскерлердің статистикалық есептілігі мен оларды есепке алу жүйесін жетілдіруді қоса алғанда, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау жай-күйінің мониторингі жүйесін дамытуды қамтамасыз етеді;
8) жұмыскерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ұйымдардың басқару органының отырыстарына жұмыскерлер өкілдерінің қатысуына халықаралық тәжірибелерді зерделейді, қажетіне қарай заңнаманы өзгерту жөнінде ұсыныстар дайындайды;
9) Кәсіподақ пен Ассоциация бірлесіп жұмыс істеу үшін еңбек заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жібереді;
10) қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру, еңбек көші-қонын, еңбек қатынастарын, әлеуметтік және гендерлік саясатты жүзеге асыру, жұмыс орындарында АИТВ-ЖИТС және басқа да әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, пандемия жағдайында қашықтықтан жұмысты ұйымдастыру, балалар еңбегін жою, ұжымдық келіссөздерді, әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру мәселелері бойынша анықтамалық және басқа да әдебиеттердің электрондық басылымдарын шығаруды қамтамасыз етеді;
11) еңбекті қорғауды басқару жүйесінің нәтижелілігінің төменде көрсетілген көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі шараларды іске асыруға қатысуға:
- өндірістік жарақаттану деңгейін (жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициенті 1000 адамға) 2023 жылға қарай 0,02%-ға дейін төмендету;
-ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағын (ірі және орта кәсіпорындар арасында) 2023 жылға қарай 90,2% - ға дейін ұлғайту;
12) аудан кәсіпорындарын «Vizion Zero» халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығыныңбағдарламасына қосу жөніндегі ақпараттық науқанды жалғастыру;
13) келісімдерде, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актілерінде айқындалатын, бірақ ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес мөлшерде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға ай сайынғы қосымша ақыны жүзеге асыру мәселесі бойынша консультациялар жүргізуге, сондай-ақ оларды жұмыс берушінің және (немесе) кәсіптік одақтардың қаражаты есебінен мамандандырылған Білім беру ұйымдарында жыл сайын оқытуды жүргізуге міндетті.
Кәсіптік одақтардың бірлестіктері:
1) салалық үшжақты келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген талаптарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуді жандандырады;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысын, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізуі бөлігінде жандандырады;
3) ұжымдық-шарттық қатынастарды, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда жасалған электрондық еңбек шарттарын тарату жөніндегі ақпараттық науқандарды жүргізеді;
4) еңбек ұжымдарында өндірістегі жазатайым оқиғалардың, жарақаттар мен аурулардың ауқымы мен салдарын талдамалық баяндамалар дайындау арқылы түсіндіреді;
5) келісімдер мен ұжымдық шарттарды қайта жасасу, оларға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу кезінде қызметкерлердің жалақысының, әлеуметтік жеңілдіктерінің және кепілдіктерінің деңгейі қайта жасасу сәтіндегі келісіммен және/немесе ұжымдық шарттармен салыстырғанда төмендетілмейді;
6) түнгі уақытта мереке, демалыс күндері үстеме жұмыс үшін еңбекақы төлеуді жұмыс беруші қызметкердің күндізгі (сағаттық) мөлшерлемесін негізге ала отырып, еңбек заңнамасында немесе ұжымдық шартта белгіленген екі еселенген мөлшерден төмен емес мөлшерде жүргізеді;
7) ұқсас және біліктілігі бірдей жұмыстарды төлеу кезінде шетелдік және жергілікті қызметкерлер арасында еңбекақы төлеу саласында кемсітушілікке жол бермеуге жәрдемдесу;
8) тұрақты негізде еңбекақы төлеудің дәстүрлі емес түрлеріне жол бермеуге әрекет жасайды;
9) еңбекті қорғауды басқару жүйесінің нәтижелілігінің төменде көрсетілген көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі шараларды іске асыруға қатысуға:
- өндірістік жарақаттану деңгейін (жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициенті 1000 адамға) 2023 жылға қарай 0,02%-ға дейін төмендету;
- ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағын (ірі және орта кәсіпорындар арасында) 2023 жылға қарай 90,2% - ға дейін ұлғайту;
10) жұмыс берушінің экономикалық дәрменсіздігі (банкроттығы) жағдайында жұмыскерлердің ақшалай өтемақы алу құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және қабылдау үшін консультациялар жүргізеді;
11) келісімдерде, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актілерінде айқындалатын, бірақ ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес мөлшерде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға ай сайынғы қосымша ақыны жүзеге асыру мәселесі бойынша консультациялар жүргізуге, сондай-ақ оларды жұмыс берушінің және (немесе) кәсіптік одақтардың қаражаты есебінен мамандандырылған Білім беру ұйымдарында жыл сайын оқытуды жүргізеді.
Ассоциация:
1) жұмыс берушілердің еңбекті қорғауды басқару жүйесін жаппай енгізуіне жәрдемдеседі;
2) жұмыс берушілердің кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қағидаларды, нормалар мен стандарттарды сақтауына және жұмыс берушілердің қажетті ресурстарды (материалдық, кадрлық, техникалық және т. б.) бөлуіне жәрдемдеседі;
3) кәсіпорын басшыларын еңбекті ұйымдастыру, еңбек қатынастарын жасасу, қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету, еңбек көші-қоны және еңбек инспекцияларымен өзара қарым-қатынас мәселелеріне оқытуға жәрдемдеседі.
Жұмыс берушілер:
1) еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізеді;
2) жұмыс берушілердің әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін іске асыру үшін, оның ішінде келісімдер мен ұжымдық шарттар шеңберінде жағдайлар жасауына ықпал етеді;
3) кәсіпорын басшыларын еңбекті ұйымдастыру, еңбек қатынастарын жасасу, қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету, еңбек көші-қоны және еңбек инспекцияларымен өзара қарым-қатынас мәселелері бойынша оқытуды жүргізеді;
4) әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың, оның ішінде келісімдер мен ұжымдық шарттар шеңберінде негізгі құқықтары мен кепілдіктерін іске асыру үшін жағдайлар жасауға ықпал етеді;
5) жұмыс берушілердің жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі алдын алу шаралары кешенін, оның ішінде:
- өндірістік жарақаттанудың алдын алу;
- ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді мерзімді медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізу;
- кәсіптік тәуекелдерді басқару тетіктерін өндірістік практикаға енгізу шараларын іске асыру;
6) жұмыс берушілердің жалақыға және міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарға арналған қаражатты өзге мақсаттарға пайдалануына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;
7) ұқсас және біліктілігі бірдей жұмыстарды орындау кезінде шетелдік және отандық жұмыскерлер арасында еңбекақы төлеу саласында жұмыс беруші тарапынан кемсітушілікке жол бермеуді қамтамасыз етеді;
8) шараларды іске асыруға:
- өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету;
- ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағын ұлғайтуға қатысады.
Тараптар бірлесіп:
1) әзірленген ұсыныстарды кейін уәкілетті мемлекеттік органдарға практикалық іске асыру үшін жібере отырып, аудандық комиссияның, оның жұмыс топтарының, салалық комиссиялардың отырыстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауру жай-күйі мәселелерін қарауға;
2) қызметкерлердің жалақы деңгейін арттыру мақсатында еңбек өнімділігін арттыру, өнім сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдауға жәрдемдесу;
3)2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша, келесі бағыттарда:
- әйелдер мен ерлер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерін;
- ана мен баланы қорғауды, әйелдерді әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуді;
- балаларды күтумен және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерге тең қолдау көрсетуді;
- әйелдер мен ерлердің еңбекақысындағы теңдікті;
- басқару функцияларын жүзеге асыратын әйелдердің үлесін кеңейтуді қамтамасыз ететін шаралар қабылдауға;
4)мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша келесі бағыттарда:
- еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласында жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге;
- өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
- жастардың қоғамдық оң бастамаларын қолдау және ынталандыруға бағытталған шараларды қабылдауға;
5) балалар еңбегінің ең нашар түрлерін тиімді жоюға бағытталған ұлттық саясатты сақтауға және іске асыруға жәрдемдесуге;
6) кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құруға, сондай-ақ олардың тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесуге міндетті.
VІI бөлім. Әлеуметтік саясат
Тараптар әлеуметтік саясатты дамыту жөніндегі міндеттемелерді қабылдады, олар мынаған бағытталған:
1) экономиканың өсуін және бюджеттік мүмкіндіктерді ескере отырып, ең төмен әлеуметтік стандарттарды халықаралық баламаларға кезең-кезеңімен жақындату жөнінде шаралар қабылдау;
2) 2023 жылы жұмыскерлердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін келесідей сұрақтарды қарастыру:
- ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің зейнеткерлікке ерте шығуы туралы;
- ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыс орнында денсаулығы кенеттен нашарлаған кезде жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау туралы;
- жұмыс берушінің жұмыскерге (оның заңды өкіліне) өндірістегі жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауру нәтижесінде келтірілген зиянның бір жолғы өтемін төлеуі туралы;
- жұмыскердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдердің мөлшерін (регрестік төлемдер) тиісті біліктілігі (лауазымы) бойынша кәсіпорындағы (ұйымдағы) орташа жалақының өсуіне прапорционалды арттыру туралы мәселелерді қарау;
3) әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
4) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін кеңейту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
5) мүгедектігі бар жұмыскерлердің өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік қолдауды күшейту, сондай-ақ олардың қоғамға кірігуі үшін тең жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдау;
6) аудандық комиссия отырыстарында әлеуметтік саясат моделін жаңғырту мәселелерін қарау;
7) әлеуметтік диалогты қамтамасыз ету ісінде мемлекет, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер мүдделерінің теңгерімін мүлтіксіз сақтау.
VIІI бөлім.Келісімді іске асыру және оның орындалуын бақылау
1) Келісімге қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде Келісімді іске асыру және оны одан әрі қарау жәнеаудандық комиссияның отырысында бекіту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
2) Тараптардың әрқайсысы Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасауға құқылы, олар барлық тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданады, Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамамен ресімделеді және оларға қол қойылған күннен бастап күшіне енеді;
3) Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін ол ресми жариялануға тиіс. Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары оларға қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде енгізілген өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға сәйкес келтіріледі;
4) Келісімді іске асыруға қатысты мәселелер жөніндегі аудандық комиссияның шешімдері осы Келісімді іске асыру нысандарының бірі болып табылады;
5) Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын мониторингтеу негізінде аудандық комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен Келісімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
6) Тараптардың әрқайсысы салалық деңгейде келісімдерді әзірлеуге және қабылдауға қатысатын байқаушылар тобына енгізу үшін өз өкілдерін айқындайды және бұл туралы қалған тараптарды хабардар етеді;
7) Келісімнің күші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан қабылдаушы Тараптың жұмыскерлеріне, қызметкелерге, кәсіптік одақтар бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына), жұмыс берушілер бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына), жұмыс берушілерге, сондай-ақ қабылдаушы Тарапқа, оның ішінде есептік тіркеуден өткен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне қолданылады;
8) Кәсіптік одақтардың аудандық бірлестіктері өз өкілеттіктері шеңберінде кәсіптік одақтардың кәсіптік одақ мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлердің мүдделерін, кәсіптік одақ мүшелері үшін жасалған талаптар секілді,олардың жазбаша өтініштері негізінде білдіруіне жәрдемдесетін болады;
9) Келісімнің орындалуын және әлеуметтік әріптестіктің барлық Тараптарының жауапкершілігін бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
10) Осы Келісім оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және келесі кезеңге қолданылатын аудандық келісім қабылданғанға дейін 2023 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірілмей жасалуға тиіс;
11) Панфилов ауданының әкімдігі келісімге қол қойылғаннан кейін оны әкімдіктің ресми интернет-ресурсында орналастырады;
12) Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Келісімнің іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинақтауды және талдауды жүзеге асырады, оны өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады;
14) Келісім Жаркент қаласында 2022 жылғы «27» желтоқсанда Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалды.
Осы үшжақты келісімге қол қойғандар:
Панфилов ауданының әкімдігі атынан:
|
Панфилов ауданының әкімі
М. Сағымбек |
|
Кәсіптік одақтардың бірлестіктері атынан:
|
«Қызмет» «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының төрағасы
Қ. Жақсылық
|
|
|
|
|
Жұмыс берушілердің бірлестіктерінің атынан:
|
«ҚОРҒАС» Шекарамаңы ыңтымақтастығы халықаралық орталығының жеке кәсіпкерлер қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалардың бірлестігінің төрағасы
Г.Сакиева |
|