Үшарал ауылдық округі әкімінің  аппаратындағы 2021 жылдың ІI- III - IV тоқсандарына  сыбайлас жемқорлық тәуелділіктеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Үшарал ауылдық округі әкімінің  аппаратындағы 2021 жылдың ІI- III - IV тоқсандарына  сыбайлас жемқорлық тәуелділіктеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы  № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес  және Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі ведомстаралық комиссияның кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес Үшарал ауылдық округі әкімінің аппаратында  2021 жылдың ІI- III - IV тоқсандардағы   кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуелділіктеріне ішкі талдау жүргізілді.

         Панфилов ауданының «Үшарал ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентімен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ  Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 474 қаулысымен бекітілген 3 қосымша (Ереже) сәйкес жүзеге асырады.

          Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуелділіктеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

  1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуелділіктерін анықтау;

2.Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуелділіктерін анықтау;

 

1.Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуелділіктерін анықтау.

 

     Панфилов ауданының «Үшарал ауылдық округ әкімі  аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентімен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Сондай-ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 474 қаулысымен бекітілген 3 қосымша (Ереже) сәйкес жүзеге  асырады.

      Үшарал ауылдық округі әкімі 2021  жылдың  ІI-III-IV тоқсандарында    қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің  жалпы саны- 123 оның 71-өкім,  52 -шешім. 12 адам   тұрғын үй салуға  жер телімін алушылардың кезегіне қойылды.

      Округ әкіміне, осы уақытқа дейінгі  қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ. 

2.Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі  сыбайлас  жемқорлық тәуелділіктерін анықтау.

     Округ әкімі аппаратында 2021  жылдың 01 сәірнен   штаттық кестеге сәйкес мекеменің  мемлекеттік  қызметшілердің жалпы штат саны 8 бірлікті құрайды, оның 6 штат нақты қызмет жасауда,  1- мемлекеттік  қызметші зейнет жасына толуына байланысты, 1- мемлекеттік  қызметші әскер қатарына шақырылуына байланысты жұмыстан босатылған. Аталған уақытта  2- штат орны уақытша бос тұр. 2021 жылдың 25 қарашасында 1-мемлекеттік қызметкер келді 2016 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызмет істері  жөніндегі министрлігі Алматы облысы бойынша депортаментінің басшысымен «Б» корпусы мемлекттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына өзгеріс енгізіліп, қайта бекітілді.   Осыған байланысты 1-  бас маман    өзінің біліктілігін көтеру курсынан  өтті. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Кодексі ҚР-ның әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі осыған байланысты 5-мемлекеттік қызметкер қашықтықтан оқытуға өзінің біліктілігін көтеру курсынан өтті.

    Округ әкімі аппаратының 2021 жылы қарашаның 25 күні 1-мемлекеттік қызметкер келді, жұмыс жасап отырған мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны-7.Ұлттық құрам бойынша 7 - мемлекеттік қызметшілердің 6- уі  ер адам  қазақ ұлтының өкілдері,  1-уі әйел адам  ұйғыр ұлтының өкілі.

       Кадрлардың ауысуы бойынша.

     Облыс бойынша кадрлардың нормативтік ауысуы 9 пайыздан аспауы деңгейінде негізделген, округ әкімі аппаратында кадрлар ауысуы  бойынша 2021 жылдың   01 сәуірнен бастап   әкім аппаратының мамандары әрқайсысы өз орындарында қызмет атқаруда.

      Ескертілуге:  Кадрлардың жиі жөнсіз ауысып жұмыс атқаруына  жол бермеу.

2021  жылдың ІI-III-IV тоқсандадарында   округ әкімі аппаратына   95 дана өтініш келіп түсті. Түскен өтініштер заңды тұлғалардан-0 дана,жеке тұлғалардан-95 дана. Оның 93- өтініші жазбаша қанағаттандырылып, 2 - өтінішке ауызша  түсініктемелер берілді.

     Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жақындардың бірге жұмыс атқаруы бойынша, округ әкімі  аппаратында ондай жағдайлар кездеспейді.

    Жоғарыда баяндалғандар негізінде сыбайлас жемқорлық тәуелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы округ әкімі аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуелділіктері анықталмады деген шешімге келді.

 

 

Округ әкімі                                                                        Т.Жанғазиев

 

Дата публикации
14 декабря 2022