Панфилов ауданының «Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2021 жылдың 9 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

Панфилов ауданының «Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2021  жылдың  9 айына  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

    Көктал ауылы                                                          10 желтоқсан 2022 жыл

Кіріспе бөлім

           Панфилов ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің 2022 жылдың                    29 қарашасындағы Панфилов ауданының «Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі аппарат) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы № 6920 ө-н/қ өкімі негізінде, округтегі ішкі талдау  2021   жылдың 1 сәуірінен 31 желтоқсаны аралығындағы жұмыс кезеңін қамтиды.  

         Округ әкімі аппараты өз қызметін Панфилов ауданының «Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 474-ші қаулысы негізінде жүзеге асырады.

      Панфилов ауданының «Көктал ауылдык округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесі өз кызметiн Казакстан Республикасының Конституциясына жане заңдарына,  Қазақстан Респyбликасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                   19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

       Көктал ауылдық округінде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

     1.Көктал  ауылдық округінде  қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

     2.Көктал ауылдық округінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. Көктал ауылдық округ әкімі аппаратының қызметі қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

     

          Округ әкімі аппараты өз қызметінде

Панфилов ауданының «Көктал ауылдык округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесі өз кызметiн Казакстан Республикасының Конституциясына жане заңдарына,  Қазақстан Респyбликасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 «Көктал ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  2021  жылдың 9 ай кезеңінде қабылданған нормативтік құқықтық актілер саны – 168. Оның ішінде 76 – өкім, 92 – шешім. Округ әкіміне осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативті құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар болған жоқ.

 

 

2.Округте ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

  • Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

       Панфилов ауданы әкімінің қаулысына сәйкес округте штат саны –             10 бірлікті құрайды. 

        Қазақстар Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес әкімшілік қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.  

 

2)Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттырудың кезеңділігін сақтау

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерінде «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтеді.

Біліктілікті арттыру бойынша 2021 жылға бекітілген кестеге сәйкес       5 мемлекеттік қызметші Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облыстық филиалында онлайн режимде оқыды.

 

  • Мүдделер қақтығысын реттеу

      Қазақстар Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын  алған жоқ.

 

4)Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мәселелері

Көктал ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері тәртіптік жазаған тартылған жоқ

 

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

 

     «Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
  • Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру
  • Жер учаскесін алу үшін кезекке қою (қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері)
  • Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату (МО, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі)

Сонымен қатар «Egov» электронды порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында аппаратта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері ілінген тақта орналастырылған. Сенім телефоны 37-7-46 тұрақты жұмыс істейді.

Ішкі талдау барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мерзімдерді бұзу фактілері анықталмады.

                                                                        

4.Ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметтен туындайтын басқа да мәселелер


       Ішкі талдау барысында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзушылықтар анықталған жоқ.

2021 жылдың 01 сәуірінен 31 желтоқсан  аралығында  округ әкіміне              60  өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің барлығы жеке тұлғалардан, барлығы 60 өтініш қанағаттандырылды.

Ұсыным: 

    1.Ішкі талдау барысында округ әкімі аппаратында атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың қызметтерді алу кезінде қызметті көрсетушімен тікелей байланысу қаупі бар.Яғни қызмет берушінің кеңсесі арқылы баламасыз жүзеге асырылады.Осы атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін өтінішті әкімшіліккей келмей ХҚКО арқылы немесе «Egov» электронды үкімет порталы арқылы беруді ұсынамыз.

 

Қорытынды

 

                1.Уәкілетті органға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу үшін өтінішті ХҚКО немесе «Egov» электронды үкімет порталы арқылы қабылдау туралы ұсыныс жасау.

2.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бұзылуына жол бермеу үшін қажетті бақылау шараларын қабылдау;

  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын қатаң сақтау;
  2. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау.

 

 

 

Жұмыс тобының мүшелері

 

Заманбекова Салтанат Қайратқызы                          _______________________

 

Жумаков Марат Нұртайұлы                                    ______________________

 

Нұрбек Әсем Мәлікқызы                                         ______________________

 

Солтанкулов Сайлау Тұрлығазыұлы                    ______________________

 

 

Округ әкімінің у.м.а                                             Т.Жангазиев

Дата публикации
14 декабря 2022