Халық сенімінің деңгейіқұқық қорғау органдарына
Ағымдағы жылдың шілде айында мемлекеттік статистика агенттігі тұрғындар арасында іріктеп сауалнама жүргізді, оның мақсаты – халықтың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін анықтау. Жұртшылықтан алынған ақпарат қатаң құпия болып табылады және тек статистикалық мақсаттарда пайдаланылады. Жауаптар тек жалпы статистикалық бағалау үшін пайдаланылады. Жалпылама түрде бұл деректер біздің республика азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты әзірлеуге, сондай-ақ құқық қорғау жүйесінің жұмысын жақсарту бойынша нақты шараларды қабылдауға көмектеседі. Сауалнамаға қатысушы ретінде үй шаруашылығын таңдау толығымен кездейсоқ, өйткені іріктеу статистикалық мәліметтер базасынан математикалық, кездейсоқ әдіспен жасалған. Оларға құқық қорғау органдарының жұмысы туралы пікірлері, өз қауіпсіздігі және ауданымыздағы қылмыстың жай-күйі туралы сұрақтарға жауаптар топтамасы қойылады. Сауалнама нәтижелерінің сенімділігі және құқық қорғау жүйесінің жұмысын жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігі алынған толық және егжей-тегжейлі жауаптарға байланысты.
Облыстық статистика департаментінің басшысы Қасенова Б.А. 30.11.2022 ж