Панфилов ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 2-тармағы 16) тармақшасына және «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20542 тіркелген) сәйкес Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Панфилов ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Т.Нұрмолдаевқа жүктелсін.
3.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.