Панфилов ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы», Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 маусымды қоса алғанда – болу құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының "Бюджет және экономика, аграрлық, кәсіпкерлік, өндіріс, жол, құрылыс жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.