Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы қорытындылары туралы АҚПАРАТ
Аудан халқының саны 2022 жылдың 1 шілдесіне 131,7 мың адам немесе облыс халқының 19,7%-н құрайды (Жетісу облысы – 667,6 мың адам), 2022 жылдың басымен салыстырғанда 203 адамға көбейді (131,5 мың адам).
Ауданның әкімшілік бөлінісі: 1 қала, 13 ауылдық округтер, 41 ауылдық елді мекендер.
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 18,6 млрд. теңгені құрады (НКИ – 102,8%).
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі – 44,4 млрд. теңге (НКИ – 97,5%).
Есепті мерзімде 10,8 мың тонна ет өндірілді немесе 2021 жылдың тиісті мерзіміне 95,7% құрады, сүт 37,4 мың тонна (106,6%), жұмыртқа – 6,3 млн.тал (111,5%). Ірі қара малының саны 0,1%-ға өсті (99,1 мың бас құрады), ал қой мен ешкі 0,7%-ға (333,4 мың бас құрады), жылқы 6,7%-ға (20,9 мың бас), құс 4,1%-ға (76,1 мың бас) кеміген.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 14,2 млрд. теңге (НКИ – 83,4%).
Құрылыс жұмыстарының көлемі – 5,1 млрд.теңге (НКИ – 76,3%).
42,4 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, 2021 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 84,7%-ға артты.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,9%-ға артып, 9756 бірлікті құрады.
Салық және бюджет
2022 жылдың 1 қазанына бюджетке салық және міндетті төлемдер 53,4 млрд.теңге түсіп, болжам 104%-ға орындалды, оның ішінде республикалық бюджет – 47,8 млрд.теңге (болжам 102,9%), жергілікті бюджет – 5,6 млрд. теңге (болжам 114,5%), аудандық бюджет – 2,5 млрд.теңге (болжам 124,1%).
Білім
2022 жылға білім саласын қаржыландыруға 21,1 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 203,8 млн. теңге.
2022 жылдың 1 қазанына 61 бала бақша және 29 шағын орталықтар жұмыс істейді, мектепке дейінгі біліммен барлығы 6900 бала қамтылған.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту– 99,8%.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету орташа 1 компьютерге 3,8 оқушыдан келеді, ауылдық жерлерде 1 компьютерге 3,4 оқушы (облыс бойынша 1 компьютерге 3,3 оқушы, ауылдарда-3,0 оқушы).
Денсаулық сақтау
Аудан тұрғындарына медициналық қызметті 1 ауданаралық көпсалалы аурухана, 2 ауылдық емхана, 16 дәрігерлік амбулаториялар, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және медициналық пункттер көрсетеді.
Қоғамдық қауіпсіздік
406 қылмыс тіркелген, 2,2%-ға азайған. Аудан аумағындағы жолдарда орын алған жол-көлік оқиғаларының саны – 15 (2021ж. - 13), онда қайтыс болғандар саны – 4 адам (2021 ж. – 1).
Қылмысты ашу 86,4% құрады (2021 жылы – 83,9%).