Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру
Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектiлер салу, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды, инженерлік ғимараттарды күрделi және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау, жаңғырту бойынша жұмыстар кіретін, құрылыс қызметін жасалған құрылыс мердігерлік шарттары бойынша жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған құрылыс жұмыстарының құны жатады.
Құрылыс жұмыстарының көлемін кірмейтіндер:
1) құрылыс сметасында көзделмеген жұмыстардың;
2) ақауларды жою және сапасыз орындалған құрылыс-монтаж және басқа да жұмыстарды қайта жасау бойынша жұмыстардың;
3) монтаждалатын және жөнделетін жабдықты орнату жөніндегі жұмыстардың, сондай-ақ жабдықты жинақтау үшін сатып алынған немесе құрылыста дайындалған бөлшектердің құны;
4) қосалқы өндірістердің, қызмет көрсететін шаруашылықтардың өнімдері мен көрсетілетін қызметтерінің;
5) іске әлі салынбаған, құрылыс алаңына әкелінген немесе дайындалған бөлшектер, блоктар, конструкциялар мен құрылыс материалдарының;
6) тапсырыс берушілерден аванстық аударымдардың;
7) тапсырыс берушілерден мердігерлік ұйымдардың өндірістік базасын дамытуға, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құруға алынған қаражаттың;
8) жұмыстардың өзіндік құнына енгізілмейтін қосылған құн салығының және басқа да салықтардың сомасы;
9) мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылаумен байланысты жұмыстардың, сондай - ақ ұңғымаларды игеру (су ұңғымаларын бұрғылаудан басқа - экономикалық қызмет түрінің коды 42.21), сынақ және барлау мақсатында бұрғылау, мұнай және газ ұңғымаларының негіздерін құру, цементтеу бойынша қосалқы жұмыстардың;
10) жерді рекультивациялау, көмір шахталары қызметінің салдарын жою (топырақ шөгуінен кейін ойпаттарды, көлдерді, саздарды жою) жөніндегі жұмыстардың;
11) құрылыс-монтаж ұйымдарына машиналарды, механизмдерді және механикаландырылған құрал-саймандарды, жылжымалы шеберханаларды және басқа да жабдықтарды жалға беру шартымен (қызмет көрсетуші персоналсыз) ұсыну бойынша қызметтердің;
12) құрылыс алаңынан тыс (мысалы, қосалқы өндірістер және мердігерлік ұйымдардың қоймалардағы қызмет көрсететін шаруашылықтары үшін) орындалатын тиеу-түсіру және басқа да қосалқы жұмыстардың, сондай-ақ кеніштерде және басқа да өнеркәсіптік, көлік және өзге де кәсіпорындар мен қосалқы өндірістердегі құрылыс машиналары мен механизмдері жұмыстарының;
13) мұнай-газ секторы жабдықтарының (магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары және мұнай өнімдері құбырлары) құны кірмейді.
Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі туралы статистикалық ақпарат айлық негізде жедел деректер бойынша және жылдық негізде түпкілікті деректер бойынша қалыптастырылады. Жедел деректер айға және өсу ретімен кезең үшін қалыптастырылады. Жылдық статистикалық ақпарат жалпы жыл бойынша қалыптастырылады.
Экономикалық қызметтің негізгі және қосалқы түрлерінің коды 41-43 «Құрылыс» болып табылатын ірі, орта, шағын кәсіпорындар бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың алғашқы деректері ақпараттық негіз болып табылады.
Құрылыс қызметін жүзеге асыратын ірі, орта және шағын кәсіпорындарды статистикалық зерттеу ай сайын және тоқсан сайын жаппай есепке алу әдісін қолдана отырып жүргізіледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тобы бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін қамтуды қамтамасыз ету үшін ай сайын шағын кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлерге жете есептеу жүзеге асырылады.
Есепті айдағы құрылыс жұмыстарының көлемі ірі, орта, шағын кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлер көлемінен қалыптастырылады.
Орындаған:
Панфилов аудынының Статистика бөлімінің жетекші маманы Биширова Н