Құрметті респондент!
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызды 1-СР «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» (есептік кезең 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек) статистикалық нысанын 2022 жылғы 31 қазанға дейін тапсыру қажеттілігіне аударады. Осы нысанды, есептік кезеңде тіркелген, ағымдағы жылдың 1-3 тоқсанында 2-ШК «Шағын кәсіпорынның қызметі туралы есеп» статистикалық нысанын тапсырғандарды қоспағанда, қызметкерлерінің саны 100 адамнан аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар ұсынады.
Нысанды статистика органдарына cabinet.stat.gov.kz Респонденттің жеке кабинеті арқылы тапсыруға болады. Бланктер мен толтыру бойынша нұсқаулықтарды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz сайтынан, «Респонденттерге» бөлімінен алуға болады.
Мәлімет үшін, мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына белгіленген мерзімде алғашқы статистикалық деректерді ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 497-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймыз.
Панфилов ауданының статистика бөлімі