Панфилов ауданының әкімдігінің 2022жылғы 10 қаңтардағы «Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілер бойынша сұраннысқа ие мамандықтардың тізбесін қалыптастыру туралы» №3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының № 66 Заңының 7-бабы 4-тармағының 8-тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы «Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілер бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін қалыптастыру туралы» №3 қаулысына осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Н.Досмаиловқа жүктелсін.
Аудан әкімі М.Сағымбек